1 тарау.Қолданылу саласы
1. Осы «Дипломдық және курстық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауға, рәсімдеуге қойылатын талаптар» әдістемелік нұсқауы (бұдан әрі әдістемелік нұсқау) курстық, дипломдық жұмыстардың (жобалардың) құрылымына олардың құрамдас бөліктерінің мазмұнына қойылатын талаптар, ресімдеу қағидалары қамтылады.
Курстық және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау тәртібі академиялық саясатта сипатталған.
2. Осы әдістемелік нұсқау білім алушылар орындайтын барлық ғылыми жұмыстарға таратылады. Аталмыш құжат университеттің нормативтік-анықтамалық құжаттама құрамына кіреді, орындалу үшін міндетті болып табылады, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ (бұдан әрі А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ немесе университет) барлық құрылымдық бөлімшелерінде іске асырылады.
2 тарау. Нормативтік сілтемелер
3.Әдістемелік нұсқау келесі құжаттарға сәйкес құрастырылған:
1) Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы;
2) «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілде № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуір № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары;
5) Е 119-2022 Академиялық саясат;
6) ҰС 081-2022.Ұйымдастыру стандарты. Іс құжатын жүргізу;
7) ҚП 082-2022. Құжатталған процедура. Құжаттаманы басқару.
3 тарау. Белгілеулер мен қысқартулар
4. Бұл әдістемелік нұсқауда келесі қысқартулар қолданылады:
1) А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, Университет – Коммерциялық емес акционерлік қоғам «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті»;
2) ҚР – Қазақстан Республикасы;
3) МЖББС– Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
4) ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
6) АК – Аттестациялық комиссия;
7) ҚҚБ – Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі;
Достарыңызбен бөлісу: |