Министерство образования и науки республики казахстан



бет5/21
Дата13.10.2022
өлшемі457 Kb.
#462630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
ӘН 104-2020 Курсттық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауға, рәсімдеуге және қорғауға қойылатын талаптар

Дипломдық жұмыс - білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес студенттің өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерін жинақтауды білдіретін бітіру жұмысы;
Дипломдық жоба - жобалау элементтерін қолдана отырып және (немесе) бизнес- жобаларды, модельдерді, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы жобаларды дайындау түрінде орындалған білім беру бағдарламасының бейініне
сәйкес келетін қолданбалы міндеттерді дербес шешуді білдіретін студенттің бітіру жұмысы;
5. Курстық, дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалардың орындалу мақсаты:
.1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық шеберлігін жүйелеу, бекіту, кеңейту және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік және мәдениеттік міндеттерді шешуде қолдану;
2) өздік ғылыми жұмыстардың жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін меңгерту, қарастырылатын мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперимент жасау;
3) студенттердің өздік жұмыстарға қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайында дайындығы, сонымен қатар олардың кәсіби кұзыреттілік деңгейін анықтау.
6. Курстық, дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалар тиісті ғылым саласының нақты мамандығының өзекті мәселелерін өз еркімен меңгеру және зерттеу нәтижелерін қорытуды көздейді.
Курстық, дипломдық жұмыстар және дипломдық жобалар:
1) мақсатты бағыттылықты;
2) нақты құрылымды;
3) берілген материалдың логикалық сабақтастығын;
4) зерттеудің тереңдігі мен сұрақтардың толық түсіндіруін;
5) дәлелдеуіді сеңдіруін;
6) тұжырымдамалардың дәлдігі мен қысқалығын;
7) жұмыс нәтижелерін баяндау нақтылығын;
8) қорытынды дәлелдігі мен негізделген ұсынымдарың;
9) талапқа сәйкес рәсімделуін қамтылуы тиіс.
7. Курстық, дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалардың тақырыбы өзекті болуы тиісті, ғылым, техника, ауыл шаруашылық, мәдениет дамуының қазіргі жағдайы мен келешегіне сәйкес болып және өзінің мазмұны бойынша келесі талаптың біріне жауап беру тиісті:
1) ғалымдармен, сарапшылармен, тәжірибелермен: инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен, заңгерлермен өткізілген зерттеу нәтижелеріне, жобалық шешімдерге талдау қорытылуы тиіс;
2) зерттелетін объект бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылар болуы тиісті;
3) ғылыми негізделген нәтижелерін қамыту олардын нақты қолдану міндеттерінің шешуін қамтамасыз ету.
Ол өндіріс, білім, ғылым және мәдениеттің нақты міндеттері мен мәселелерін есепке алып отыру керек.
8. Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы, ғылыми жетекшісі кафедра отырысында бекітіледі.
9. Дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалардың тақырыптары түлектерді даярлайтын кафедра әзірлейді және институт кеңесімен бекітілген тақырып тізімі болып саналады. Тақырыптар тізімі жыл сайын жаңартылып тұрады. А Қосымшада дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалар тақырыптары бойынша құжат нысаны ұсынылған.
10. Бекітілген тақырыптар ішінен тақырып таңдап алуына студенттерге құқық беріледі. Студент өзінің де тақырыбын ұсынуға болады.
11. Дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның тақырыбы курстық жұмысты орындау процесінде өткізілетін зерттеу тақырыбының жалғасы болып табылады. Ол өте кең болмауы керек, мұндай жұмыстар үстіртін және өзіндік сипаты аз болып келеді, ал шағын тақырыптын жұмыстары терең және тегжейлі талданады.
Бір тақырыпты екі студенттің таңдауы мүмкін емес, әр студенттің жұмыс тақырыбы дербес болуы керек. Зерттеу нысандары әр түрлі болғанда ғана тақырыптың тұжырымдамалары бірдей болуы мүмкін.
Кәсіпорындардың тапсырысы мен ұжым жобасы бойынша 2 студент орындауы мүмкін (24.06.2016 жылының № 8-2 ғылым кеңесінің шешімі).
12. Оқытушылардың жүктемесін жоспарлау, сондай-ақ жазғы өндірістік практикада дипломдық жұмыс пен дипломдық жоба бойынша материал жинау үшін дипломдық жұмыс пен дипломдық жоба жетекшілеріне күндізгі бөлімнің студенттерін бекіту және тақырыпты таңдау бітіруші курс алдында өткізіледі. Түлек даярлайтын кафедралар студенттердің дипломдық жұмыс пен дипломдық жоба жетекшілерімен кездесулерін өткізеді (осы мамандық/тақырып бойынша зерттеу саласының мамандары болып табылатын түлек даярлайтын және басқа да кафедралар оқытушылары). Студенттер кафедра меңгерушісі атына өтініш жазады, оған сәйкес институт директоры студенттерге дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалар жетекшілерін және тақырыптарды бекіту жөнінде өкім шығарады.
Б қосымшада дипломдық жұмысқа және дипломдық жобаға өтініш нысаны ұсынылған.
Дипломдық жұмыстар және дипломдық жобалар тақырыптарының соңғы бекітуі күндізгі оқу бөлімі студенттеріне бітіруші курстың басында (1 қазанға дейін) жүзеге асырылып ректор бұйрығымен бекітіледі.
Қажеттілік жағдайда дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның тақырыбы қорғауға 2 айға дейін кешіктірілмей түлектер даярлаушы кафедраның ұсыныс хаты бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
13. Дипломдық жұмыстарға және дипломдық жобаларға, кәсіптік практикаға жетекшілікті осы жұмыстарға сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар оқытушылар, практик-мамандар жүзеге асырады.
Әр студенттің дипломдық жұмысы мен дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі, тақырыбы дербес көрсетіліп, ректордың бұйрығымен бекітіледі.
14. Дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі:
1) дипломдық жұмыс, дипломдық жоба тақырыбын таңдау жөнінде студентке көмегін көрсетеді;
2) жұмыс пен жобаны орындау үшін тапсырмалар береді;
3) студентке жұмысты немесе жобаны орындаудың барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құрастыруға көмек көрсетеді;
4) студенттерге тақырып бойынша қажетті әдебиеттер, анықтамалар, нормативтік және мұрағаттық материалдар мен басқа дереккөздер ұсынады;
5) студенттің ағымдық бақылау өткізетін күнтізбелік кестесін сақтауға, бітіру жұмыстың орындаулыуның кеңес беру кестесін белгілейді;
6) жұмыстың және жобаның барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді және студент пен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді;
7) кемшіліктер мен ескертулерді ұсынады, олардың дұрыс жою жолдарын көрсетеді;
8) дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның орындалу сапасын жан-жақты сипаттайды, бұрынғы көрсетілген кемшіліктерге қатан көңіл бөледі, дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның МАК-ға мүмкіндігін немесе орынсыз ұсынуын дәлелдейді.
15. Дипломдық жұмысқа және дипломдық жобаға пікір беруі біліктілігі қорғалатын дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның бейініне сәйкес, тек сыртқы ұйымдардың ішіндегі мамандармен жүзеге асырылады.
Пікір берушілер ретінде басқа да жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері және аға оқытушылары тартылуы мүмкін.
16. Дипломдық жұмыстарға және дипломдық жобаларға пікір берушілер түлектер даярлайтын кафедра меңгерушісінің жұмыс орны, лауазымы және білімі (маман бойынша ғылым және академиялық дәрежесі, жоғары білім бойынша базалық дипломы) көрсетілген ұсыныс хаты бойынша жалпы тізіммен ректор бұйрығымен бекітіледі.
В қосымшада пікір берушілерге ұсыныс үлгісі ұсынылған.
17. Курстық жұмыстың тапсырмасы, мақсатты орындауын, әзірлеуге жататын негізгі сұрақтарды, әдебиеттер тізімін, курстық жұмыстың көлемін, жетекшіге курстық жұмыстың (жобаның) тапсыруы мен әзірлеу барысы туралы баяндама мерзімін қамтиды.
Г қосымшада курстық жұмысқа тапсырма үлгісі ұсынылған.
18. Дипломдық жұмыстың дипломдық жобаның тапсырмасы бастапқы материалдар мен дереккөздердің сипаттамасын, студенттің құрастырған сұрақтар тізімін, ұсынылған әдебиеттер тізімін, графикалық материалдар тізімі (таблицалар, схемалар, диаграммалар және т.б.) жұмысты және жобаны жазудың толық күнтізбелік кестесін қамтиды.
Тақырып бекітілгеннен кейін жұмыс немесе жоба жетекшісі жұмыстың тапсырмасы мен жеке кезеңдердің орындалу кезегін көрсете отырып, барлық мерзімге кеңес беру және күнтізбелік кестесін құрастырады.
Осыдан кейін кесте мен тапсырма түлектер даярлайтын кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Бір данасы студентке беріледі, екінші данасы кафедрада сақталады, содан кейін жұмыспен және жобамен бірге қорғауға ұсынылады.
Д қосымшада дипломдық жұмысқа және жобаға тапсырмалар құрастыру үлгісі ұсынылған
Әр дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның тапсырмасына сәйкес жеке және перспективтік, теориялық пен практикалық сұрақтары болуы керек.
Мысалы,инженерлік мамандықтардың бітіру жобаларында негізгі тақырыптан басқа технологиялар, автоматтандырылу, кешендік өндірісті механизациялау, стандарттау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті басқару және т.б. мәселелер түсіндіріледі.
Әр жоба экономикалық негіздемеге тиісті, сондай-ақ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік экология мәселелеріне арналған бөлімдері болуы керек.
Іргелі ғылымдар бойынша (физика, математика, химия және т.б.) дипломдық жұмыстарда және дипломдық жобаларда көрсетілген бөлімдер қажеттілікке байланысты ашылады.
19. Дипломдық, курстық жұмыстың, дипломдық жобаның тапсырмасы жұмысқа және жобаға титул бетінен кейін тіркеледі бірақ бетінің номері қойылмайды.
20. Түлек даярлайтын кафедралар курстық, дипломдық жұмысын және дипломдық жобасын орындауың бастағанға дейін жұмысқа және жобаға (мамандық ерекшелігін ескере отырып) қойылатын талаптарды белгілейтін әдістемелік нұсқаулар құрастырып студенттерді қамтамасыз ету тиісті.
21. Кафедра меңгерушісі (немесе ғылыми жетекші) жұмысты және жобаны орындау бойынша студенттердің кезеңдік есеп мерзімін белгілейді; осы мерзімде жетекші мен кафедра меңгерушісі жұмыстың және жобаның дайындық деңгейін анықтайды.
1) Курстық, дипломдық жұмыс пен дипломдық жоба, ҚА жұмысы бір ай басталар бұрын, міндетті түрде «Антиплагиат» жүйесінен тексерістен өтуі керек.
22. Курстық, дипломдық жұмыс және дипломдық жоба мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдарды, монографияларды, периодикалық әдебиеттерді, дәріс курстарды, журналдарды, оның ішінде шет тілдегі нормативтік әдебиеттер және т.б.) терең зерттеліп орындалады.
23. Дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның негізгі мәтіні шығармашылық ойын, зерттеуде қолданылатын әдістердің негіздемесін, есеп беруде қабылданған әдістері мен компьютерлік технологиялар қолдану арқылы орындалатын есептердің өздерін, өткізілген эксперименттерді сипаттауын, оларды талдау және олар бойынша қорытындыларды, нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстыруларды және қажеттілік жағдайда иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және тағы басқаларды ашу тиісті.
24. Студент дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны университетте, сондай-ақ ғылыми, жобалау-конструкторлық және басқа да ұйымдарда орындай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет