Министерство образования и науки республики казахстан


тарау. Жұмыстың/жобаның мазмұны мен құрылымы



бет6/21
Дата13.10.2022
өлшемі457 Kb.
#462630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
ӘН 104-2020 Курсттық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауға, рәсімдеуге және қорғауға қойылатын талаптар

5 тарау. Жұмыстың/жобаның мазмұны мен құрылымы

25. Курстық, дипломдық жұмыстарға және дипломдық жобаларға келесі құрылымдық элементтер кіреді:


1) мұқаба (міндетті емес элемент, қатты мұқаба қажет болған жағдайда);
2) титул парағы;
3) жұмысты (жобаны) орындау бойынша тапсырмалар;
4) мазмұны;
5) кіріспе;
6) негізгі бөлім;
7) қорытынды (түйіндер);
8) пайдаланған дереккөздер тізімі;
9) қосымшалар;
10) ерекшеліктері (қысқартулар, шартты белгілер тізімдері және т.б.).
Курстық, дипломдық жұмыстардың және жобалардың көлемі мамандықтардың ерекшеліктеріне сәйкес түлектер даярлайтын кафедрамен анықталуы керек.
Курстық және дипломдық жұмыстың (жобаның) мұқабасы мен титул парағын рәсімделу үлгісі Ж,К Қосымшаларда көрсетілген.
Титул парағы беттерді нөмірлегенде жалпы парақ санына кіреді, бірақ оған бет нөмірі («1» саны) қойылмайды.
26. Жұмыстың және жобаның мазмұнына кіріспе, барлық бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары мен реттік нөмірлері, қорытынды, пайдаланған дереккөздер тізімі және осы жұмыстың немесе жобаның элементтері басталатын беттер нөмірі көрсетілген қосымша атаулары кіреді.
Мазмұнның тақырыптары (тараулары) мәтіндегі тақырыптарды қайталауы керек, оларға басқа тақырып беруге немесе қысқартуға болмайды.
Бірдей тараулары тақырып сатылар бірінен соң бірі жазылады. Тақырыптардың келесі сатылары тақырыптардың алдыңғы сатыларына қатысты оңға қарай екі үш белгіге ауысуы тиісті.
Барлық тақырыптар бас әріптен басталады, соңында нүкте қойылмайды, әр тақырыптың соңғы сөзі мазмұнындағы оң жағындағы бағанына сәйкес болу тиісті.
«Мазмұны» сөзі парақтың жоғарғы жағына, бас әріппен, қою шрифтпен, жолдың ортасына тақырып түрінде жазылады, «Мазмұны» сөзі мен мазмұнның өз арасында бір интервал шегініс жасау керек (Л Қосымшасын қараңыз).
27. Кіріспе курстық, дипломдық жұмыстардың және дипломдық жобалардың бірінші бөлімі болып табылады және өзектілік негіздемесін, ғылыми жаңалықтар мен практикалық маңыздылықты, шешілетін ғылыми мәселелердің заманауи жағдайына бағасын қамтиды, сондай-ақ мақсаты, міндеттері мен зерттеу нысаны тұжылымдалуы керек, жұмысты немесе жобаны жазудың теориялық және әдістемелік негізі, практикалық базасы сипатталуы керек.
Өзектіліктік айқындығы көп сөзді болмауы керек, оны алыстан сипаттап керегі жоқ. Бастысы - мәселелі жағдайдың мәнін көрсетіп, зерттеу пәнін білу және білмеу аралығындағы шекараны көрсете білу керек. Ғылыми мәселені тұжырымдап, логикалық түрде зерттеудің мақсатына көшу керек, сондай-ақ осы мақсатпен шешетін нақты міндеттерін көрсету керек. Бұл әдетте санамалы түрде көрсетіледі (үйрену..., сипаттау..., белгілеу..., айқындау..., анықтау..., және т.б). Тұжырымдалған міндеттерді мұқият орындау керек, өйткені олардың сипаттау шешімдері жұмыстың мазмұнын құрастыруы тиіс.
Сонымен қатар, зерттеуге ұсынылатын курстық, дипломдық жұмыстардың және дипломдық жобалардың бөлімі мен бөлімшелер тақырыптарын тұжырымдалған міндеттерін туындайды.
Кіріспенін міндетті элементі, нысан мен пәні болып табылады. Нысан - зерттеу үшін таңдалған және мәселелі жағдайды тудыратын процесс немесе құбылыс. Пән - нысан шекарасында қарастырылады. Нысан және зерттеу пәні өзара жалпы және жеке қатынастағы ғылыми процестің категориясы. Нысанда зерттеу пәніне қызмет ететін бөлімі анықталады.
«Кіріспе» сөзі жаңа парақтың жоғарғы жағында, бас әріппен, жолдың ортасына тақырып түрінде жазылады. Кіріспенің көлемі шағын бір-екі бет болуы керек.
28. Дипломдық жұмыстың және дипломидық жобаның негізгі бөлімінде жұмыстың маңызы мен мазмұнын айқындайтын мәліметтер және орындалатын жұмыстың немесе жобаның негізгі нәтижелері көрсетілуі тиіс.
Негізгі бөлім үш бөлімшені қамтуы керек: әдебиеттерді шолу, эксперимент әдістемесі, эксперимент нәтижелері және оларды талқылау.
Тақырып бойынша әдебиеттерді шолу білім алушылардың арнайы әдебиеттермен мұқият танысуын, дереккөздерден алынған мәліметтерді жүйелей білуге, оларды сыни түрде қарастыруға, негізгілерін көрсете алуға, басқа зерттеушілердің бұрынғы зерттеулерін бағалауға, зерттелген тақырыптың қазіргі жағдайының бастысын анықтау тиіс.
Онда зерттеу мәселелерінің маңыздылығы баяндалады, оны шешудің әр түрлі жолдары қарастырылады, оларға баға беріледі, студенттің өзіндік көзқарасы негізделеді және баяндалады. Әдебиеттерді шолу осы тақырып әлі ашылмаған немесе ішінара ашылған, бұл аспекте емес, сондықтан әрі қарай зерттеуі қажет деген қорытындыға алып келеді. Жұмыстың немесе жобаның осы бөлімінің көлемі негізгі бөлім көлемін үштен бір бөлігі аспауы керек.
Екінші бөлім әдіснамалық сипатын және жұмыста қолданылған әдістер көрсеткіштері мен зерттеудің нақты әдістемесін қамту тиіс: зерттеу нысанын сипаттамасы; қолданатын экономикалық-математикалық модельдер мен компьютерлік бағдарламалар; құралдар, жабдықтар, қондырғылар; эксперименттік зерттеу өткізілген кәсіпорындар; қолданылатын сауалнама сипаттамалары, тақырыптардың метрологиялық анықталуы және т.б.
Үшінші бөлімде зерттеудің нәтижелері, эсперименттер, қолданбалы бағдарламалар пакеттері көмегімен жасалған есептер, оладың ішінде графиктер, кестелер, суреттер және т.б. көріністер табылады.
Зерттеу нәтижелерін талқыла отырып студент техникалық, табиғи, экономикалық және әлеуметтік процестердің өту әсерін, зерттелу құбылыстарының себептерін, олардың даму тенденцияларына әсер ететін заңдылықтар мен факторларды анықтауы қажет. Жұмыста алынған фактілі құжаттар негізінде экономикалық қызмет жағын жетілдіру бойынша ұсыныстар негізделеді, өндіріс, әлеуметтік, мәдени процестерге әсері айқындалады, кіріспеде тұжырымдалған міндеттер шешіледі.
Негізгі бөлімнің барлық үш бөлімі бір-бірімен логикалық байланыста болуы керек. Негізгі бөлімнің мазмұны жұмыстың немесе жобаның тақырыбына дәл сәйкес келіп және оны толық ашу керек, бұл жағдайда баяндау тілі мен стиліне аса көңіл аударған жөн.
Бағдарламалық өнімдерді өңдеуге арналған дипломдық жұмыстардың және дипломдық жобалардың түсіндіру хатының негізгі бөлімі үш бөлімді қамтиды:
1) жобаның техникалық тапсырмасы;
2) бағдарламалардың сипаттамасы;
3) қолданушының жетекшілігі.
Ғылыми жазба сөйлеуінің өзіндік сипаты баяндаудың формалды-логикалық тәсілі болып табылады. Эксперименттерді сипаттау қысқаша ырықсыз есімше орамдары көмегімен жасалады, мысалы: «Күкірт қоспасынан оксид магний алынған» немесе «Бес құрылым анықталған».
Технологиялық тақырып бойынша жұмыстарда және жобаларда машиналар мен механизмдерге қызмет ету бойынша нұсқауда тұйық етістік формасындағы сөйлемдер көмегімен берілуі керек, мысалы: «Бұл үлгіні алдын-ала механикалық қоспадан ажыратып, ауаның ластануын жойса ғана механизмнің жұмысын қамтамасыз етуге болады».
Ғылыми жазба сөйлеу стилі - бұл өзіне тең ерекшелігі жоқ монолог. Мазмұны әдеттей үшінші жақтан айтылады, көпше түрдін бірінші жағынан сирек айтылады («мен» есімдігінің орнына «біз» есімдігі қолданылады). Сөйлеу стилінін мәдиниетін дәлдік, айқындық, қысқалық анықтайды.
29. Қорытынды (түйін) зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытынды, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалайды, зерттеу нысаны бойынша нақты ұсынымдарды қамтиды.
«Қорытынды» сөзі жаңа парақтың жоғарғы жағында, бас әріппен, жолдың ортасына тақырып түрінде жазылады, «Қорытынды» сөзі мен мәтінің арасында бір интервал шегініс жасау керек.
30. Пайдаланған дереккөздер тізімі жұмысты жазу барысында қолданған әдебиеттер туралы мәліметтер болуы тиіс: жұмыс мәтінің әр әдебиетіне сілтеме болуға тиіс.
Пайдаланған әдебиеттердің сілтемелері квадратты жақшағымен көрсету керек (мысалы: [1]).
Әдебиеттер туралы мәлімет сілтемелерін пайда болу тәртібімен орналастыру керек, араб сандарымен нүктесіз нөмірленіп және абзацтан шегініс жасап басып шығару тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі белгілі тәртіп бойынша рәсімделеді
(М Қосымшасын қараңыз).
«Пайдаланған әдебиеттер тізімі» сөздері жаңа парақтың жоғарғы жағынан, бас әріппен, тақырып түрінде, қою шрифтпен жазылады. Тақырыппен мәтіннің арасында бір интервал шегініс жасау керек.
31. Қосымшаға дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның орындалуымен байланысты негізгі бөлімде көрсетілмеген материалдар кіреді.
Қосымша жұмыстың және жобаның жалғасы ретінде соңғы беттеріне рәсімделеді.
Дипломдық жұмыстардың және дипломдық жобалардың барлық мәтініндерге сілтемелер қосымшада көрсетілуі керек. Мәтіндегі жасалған қосымшалар сілтемелер тәртібімен орналастырады.
Әр қосымша жаңа парақтан басталып жазылады. «Қосымша» сөзі жаңа парақтың жоғарғы жағына, бас әріппен, жолдың ортасына тақырып түрінде орыс алфавитіндегі Ё, З, И, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ дыбыстарынан басқа, А –дан бастап, бас әріппен қосымша ретінде көрсетіліп жазылады.
Әр қосымша мәтінге жеке жолдан жазылатын бас әріптен таңбаланған жолдың ортасына тақырып түрінде жазылады. Қосымшалар бетін нөмірлеу өтпелі болу керек, жұмыстың парақтарының жалпы нөмірін жалғастырушы болуы тиіс.
Негізгі мәтін мен қосымшалардың байланысы сілтемелер арқылы жүзеге асырыладыжәне «қара» сөзімен беріліп, ол қысқартылып және қосымша нөмірімен жақшаға алынады, мысалы, (А қосымшасын қараңыз).
Мәтіндегі көрсетілген кестелер, формулалар мен теңдеулер қосымшаларды әр қосымша шеңберінде санның алдына қосымшаны белгілейтін әріпті қоса отырып нөмірлеу керек.


6 тарау. Дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды рәсімдеу тәртібі


32. Мәтіннің баяндалуы және жұмыстың және жобаның рәсімделуі осы Нұсқаудағы талаптарға сәйкес орындалады. Жұмыстың мәтіні және оның ішіндегі суреттер мен кестелер А 4 форматына сәйкес болуы қажет. Жұмыстың және жобаның сыртқы түптеуі студенттің таңдауы бойынша әр түрлі болуы мүмкін (қатты, серіппелі және т.б.).


Курстық жұмыс қолжазба және баспа түрінде, ал дипломдық жұмыс (жоба) - А 4 форматтағы ақ қағаз бетінің бір жағына, бір интервал арқылы баспа түрінде орындалуы керек. Шрифт –Times New Roman, 14 кегль. Парақ беттері көрсетіліп шрифт – әдеттегі, 14 кегль.
Мәтінді келесі жол өлшемдерін сақтап басу керек: оң жағы – 10 мм, жоғары жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 25 мм.
Мәтін шеңберіндегі азат жолдың түсуі бірдей және тең 1,25 см. бес белгіге сәйкес болуы керек. Әр түрлі гарнитура шрифтерін қолдана отырып, белгілі терминдер, формалалар, теоремаларға басымдылық берілетін компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.
33. Жұмысты және жобаны даярлау процесінде анықталған қателер, жаңылыстар, графикалық дәлсіздіктерді ақ бояумен бояу немесе өшіріп, түзетілген мәтін орнына машинамен басу түрінде немесе қара сия, паста, қара тушпен-қолмен жазу арқылы түзетуге рұқсат етіледі.
34. Адамдардың тегі, ұйымның атауы, өнімнің атауы және басқа жалқы есімдер атаулары жұмыста бірінші рет түпнұсқа тілінде беріледі.
35. Курстық, дипломдық және жобалар жұмыстарынның құрылымы бөлім, бөлімшелерге бөлінуі керек. Әр бөлім мен бөлімше аяқталған мәліметтерді қамтуы қажет.
Бөлім, бөлімшелердің тақырыптары болуы керек. Тақырыптар бөлім, бөлімшелердің мазмұнын нақты және қысқа көрсетуі керек. Бөлім, бөлімшелер және пунктер тақырыптарын азат жолдан, бас әріппен, соңына нүкте қоймай, астын сызбай басу керек. Егер тақырыптар екі сөйлемнен құралса, олардың арасына нүкте қойылады.
36. Жұмыстың және жоба бөлімдерінің барлық құжаттарда нүктесіз, араб сандарымен белгіленген реттік сандары болуы қажет.
Бөлімшелер әр бөлім шеңберінде нөмірленуі қажет. Бөлімшелер нөмірлері нүктелермен бөлінген бөлім және бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңына нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі және одан да көп бөлімшелерден құрылуы мүмкін.
Мысалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет