Министерство образования и науки республики казахстан


тарау. Диплом жұмысты және дипломдық жобаны қорғау тәртібі



бет9/21
Дата13.10.2022
өлшемі457 Kb.
#462630
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
ӘН 104-2020 Курсттық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауға, рәсімдеуге және қорғауға қойылатын талаптар

8 тарау. Диплом жұмысты және дипломдық жобаны қорғау тәртібі

83. МАК отырысының ұзақтығы 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. Бұл ретте дипломдық жұмыс қорғау күнінде 7-10 адамнан артық болмауы керек.


Диплом жұмысын қорғауын қатысушылар мүшелер жартысынан кем болмауында мемлекеттік аттестациялық комиссияның ашық отырысында өткізіледі.
84. Қорғау мамандық шығаратын кафедралардың оқытушыларымен студенттердің қатысуымен ашық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшіні, пікір берушіні, зерттеу жұмысы өткізілген ұйымның өкілін не қызығушылық танытқандарды шақыруға болады.
Дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалар тақырыбына сәйкес зерттеу жүргізетін кәсіпорындарында дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды сырттағы қорғауын жүргізу ұсынылады (институт бойынша бір жылда екі қорғаудан кем емес) (24.06.2016 жылынан № 8-2 ғылыми кеңес шешімі).
85. МАК төрағасы жұмыс отырыстың регламентін белгілейді.
Ереже бойынша бір дипломдық жұмыстын қорғауы 30 минуттан аспауы тиісті.
Студентке диплом жұмыс немесе дипломдық жоба бойынша баяндама жасауға 15 минуттен артық уақыт берілмейді.
86. Студент өз қорғауында көрсету тиісті:
1) теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейін;
2) тақырыптың өзектілігін;
3) дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба негізделетін теориялық және әдістемелік ережелерді;
4) жұмыстың зерттеліп отырған талдау нәтижесін;
5) проблемаларды шешу туралы ұсыныстар немесе экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әзірленген әсерлердің, негіздей мүмкіндікті нақты бір кәсіпорнында жүзеге асыру, сәйкестік процессін жетілдіруін.
Баяндамаға әдебиеттін немесе нормативті құжаттардын теориялық ережелері кірмеуі керек, өйткені олар қорғаунысаны болып табылмайды. Еркіндік әзірлеуге ерекше назар аудару керек.
87. Баядама жасағанда көрнекі құралдарды пайдалану қажет.
Олардың қажеттілігі қорытындылар мен ұсыныстарды дәлелдеуін күшейтуі. Ыңғайлы аудиторияда көрсету үшін барлық қажетті иллюстрацияларды компьютерлік орындауы мүмкіндік мөлшерде орындалады.Барлық иллюстрациялардың тақырыптары болуы тиіс.
Өлшеу нәтижелерін көрсететін диаграммаларда эксперименталдық нүктелері көрсетілуі тиіс.
Зерттеу нәтижесінін сүреттеу және баяндама жасау үшін студент қазіргі техникалық құралдарды қолданып көрсете алады, мысалы, мультимедиялық проектор, баяндаманы презентация түрінде көрсету және т.б..
88. Дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаның талқылауына барлық қатысушылардың сұрақ қоюына, не пікір айтуына болады.
89. Талқылаудан сон комиссия хатшысы қорытынды шешімін (егер ғылыми жетекші қатысса оның жеке сөйлеуіне болады) және пікірді оқиды. Пікірде немесе рецензияда ескертулер болған жағдайда студент сол бойынша түсініктеме беру тиісті.
90. Көпшілік алдында қорғау аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері МАК жабық отырысында білім алушылардың қорғалған дипломдық жұмыстарының және дипломдық жобаларының шешімін талқылайды.
Дипломдық жұмысқа және дипломдық жобаға баға баллдық-рейтингтік әріп жүйесімен қойылады. Бұл ретте теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі (С қосымшасы), рецензенттін бағасы (Т,У қосымшалары) назарға алынады.
91. Дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның қорғау нәтижесі әр студентке арнайы мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілген күні хабарланады.
92. Дәлелді себеппен аттестацияға келмеген студент емтиханға қатыспаған себебін дәлелдейтін құжатты ұсынып, МАК төрағасы атына өтініш жазады және оның рұқсатымен басқа күнде емтиханды тапсыру немесе дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны қорғау осы комиссияның отырысымен өткізіледі.
93. Қойылған бағаны жоғарлату мақсатында жобаны немесе жұмысты қайта қорғауға болмайды.
94. Қорытынды аттестация кезеңінде «қанағаттанарлықсыз» баға алғандарға диплом жұмысын және дипломдық жобаның қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
95. Егер жобаны немесе жұмысты қанағаттанарлықсыз деп есептелуіне орай МАК кафедра берген жаңа тақырып бойынша, немесе қорғалған жұмысты толықтыруға студентке мүмкіндік беруді бекітеді.
96. Студент қорытынды аттестацияда қанағаттанарлықсыз баға алатын болса ректордың бұйрығымен, белгілі үлгідегі анықтама беріліп, университеттен шығарылады.
97. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейінгі денсаулыққа байланысты көрсетілген құжаттарды МАК қарастырмайды.
98. Қорытынды аттестаттау жоғары білімінің білім беру бағдарламаларының жалпы көлемінен кемінде 12 академиялы кредитті құрайды және дипломдық жұ мысты және дипломды жобаны жазу және қорғау түрінде жүргізіледі. Бұл ретте, дипломды жұмысты немесе дипломдық жобаның орнына мынадай негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:
1) денсаулығына байланысты стационарда ұзақ ем алу;
2) ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар, оны ішінде мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, I топтағы мүгедектер;
3) жүкті әйелдер немесе екі жасқа толғанға дейінгі бала тәрбиелейтіндер;
4) оқуды аяқтамаған сырттай оқу нысаныны студенттері.
Кешенді емтихан тапсыру үшін білім алушылар ЖОО басшысыны атына өтініш жазады және тиісті құжатты ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет