Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   117
Қалыпты физиология

Әрекеттік жүйелердің қасиеттері
1) динамикалық. Қалыптасқан ситуацияның күрделілігіне байланысты 
әрекеттік жүйеге қосымша мүшелер мен жүйелер іске қосылуы мүмкін. 
2) өзін-өзі реттеу қабілеті. Реттелетін көрсеткіштің немесе түпкі пайдалы 
нәтиженің қолайлы деңгейден ауытқуында, өзін-өзі қалпына келтіретін 
бірқатар әрекеттер кешені іске қосылып, өзгерген көрсеткіштерді орнына 
қайтадан келтіреді. Өзін-өзі реттеу кері байланыс болғанда ғана жасалады. 
Организмде бір уақытта үздіксіз өзара қарым-қатынаста болатын бірнеше 
әрекеттік жүйелер қызмет атқарады. Кейбір әрекеттік жүйелер әртүрлі даму 
сатысында болады (мысалы, қанайналысы, тыныс, тамақтану әрекеттік 
жүйелері, басқаларға қарағанда, ертерек дамиды). Маңыздылығына 
байланысты әрекеттік жүйелер белгілі бір ретпен іске қосылады және 
алмасып отырады. 
7.5. Орталық жүйке жүйесінің үйлестіру (координациялау) қызметтері 
ОЖЖ-сі нейрондарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың 
қызметтері үйлесімді және келістірілген түрде атқарылады. 
Үйлестіру қызметтері: 
1) белгілі бір әрекеттердің және рефлекстердің анық орындалуын қамтамасыз 
етеді; 
2) әрекеттердің күрделі түрлерін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйке 
орталықтарын жүйелі түрде іске қосады; 
3) әртүрлі жүйке орталықтарының келісілген жұмыстарын қамтамасыз етеді 
(жұту кезінде тыныс тоқтатылады, жұту орталығы қозғанда, тыныс орталығы 
тежеледі). 
ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің негізгі принциптері мен олардың 
нейрондық механизмдері: 
1. Иррадиация (жайылыс) принципі. Аздаған нейрондар тобы қозғанда, қозу 
көптеген нейрондарға таралады. Себебі жүйке өсінділері, әсіресе дендриттер, 
көп тармақталған, яғни жүйке серпіндері көп нейрондарға жайылады. 
Сонымен қатар, ОЖЖ-інде жасушадан жасушаға серпіндердің өтуін 
қамтамасыз ететін қондырғы нейрондар көп болады. 
2. Конвергенция (түйістіріліс) принципі. Көптеген нейрондар қозған кезде 
қозу жүйке жасушуларының тек бір тобына түйісулері (жиналуы) мүмкін. 
3. Реципроктық (жегілген немесе қосарланыс) принципі – жүйке 
орталықтарының келісілген жұмыстары, әсіресе қарама-қарсы рефлекстер 
орталығында байқалады (бүгілу, жазылу және т.б.). 
4. Доминанттық (үстемдік) принципі. Бұл ОЖЖ-індегі уақытша үстем қозу 
орталығы. Бұл орталықтың ерекше қасиеттері: басқа орталықтардың 
қызметін тежейді де, олардағы серпіндерді өзіне қарай тартып, өзіндегі 
қозуды күшейтеді; өте қозғыш келеді; қозу мұнда тез жинақталады. 
Доминанттық орталық сол сәтте керексіз рефлекстерді тоқтатып тастайды. 
Организмге өте қажеттілерін тудырады. Сөйтіп, оның организмді дегеніне, 
алдына қойылған мақсатына жеткізуде маңызы зор. Әдетте үстем қозу ұзаққа 
созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалған соң оның үстемдігі 


жойылады, билігі тоқтайды. Бұл принцип шартты рефлекстердің қалыптасуы 
негізіне жатады. 
5. Кері байланыс принципі. Кері байланыс деп - жауап қайтару әсерленістері 
қалай атқарылуда, жетілікті ме, әлде жоқ па және басқа да ақпараттарды 
ОЖЖ-не жеткізетін серпіндер ағынын айтады. 
Кері байланыстың екі түрін ажыратады: 
1) оң кері байланыс – жүйке жүйесінің жауап әсерленісін күшейтеді; 
2) теріс кері байланыс – ОЖЖ-нің жауап реакциясы мен нейрондарының 
белсенділігін төмендетеді. Бұл өздігінен реттелудің негізіне жатады. 
6. Субординация (бағынушылық) принципі. ОЖЖ-і бөлімдерінің арасында 
бір-біріне белгілі дәрежеде бағынушылық болады. Соның ішінде ми қыртысы 
ең жоғарғы бөлім болып есептеледі де, оған жүйке жүйесінің барлық 
әрекеттері бағынышты болады. 
7. Қозу мен тежелу үдерістерінің өзара әрекеттесу принципі. ОЖЖ-інде 
пайда болған бір үдеріс екінші қарама-қарсы үдерістің тууына себепер 
болады, яғни қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мұны қозу мен 
тежелу арасындағы өзара индукциялық (өрістеулік) қарым-қатынас деп 
атайды. Индукцияның (өрістеудің) екі түрі бар:
1) бір ізді (жүйелі). Қозу мен тежелу бірін-бірі уақытында алмастырып 
отырады; 
2) бір мезгілді (өзара). Қозу мен тежелу – екеуіде бір уақытта болады. Өзара 
индукция оң немесе теріс болып жүзеге асырылады: егер бір нейрондар 
тобында тежелу пайда болса, оның айналасында қозу ошағы пайда болады 
(бұл өзара оң индукция), және керісінше болуы мүмкін.
И.П.Павловтың анықтамасы бойынша, қозу мен тежелу – тек бір ғана 
үдерістің екі жағы болып есептеледі. ОЖЖ-нің үйлестіру қызметі жеке 
жүйке жасушалары мен жүйке жасушаларының жеке топтарының 
арасындағы өзара ісәрекеттерінің дәл атқарылуын қамтамасыз етеді.
Біріктірудің (интеграцияның) үш деңгейі ажыратылады: 
Бірінші деңгей - бір нейронның денесіне әртүрлі нейрондардан серпіндер 
келіп түсуінен, олардың жинақталуына, немесе қозудың төмендеуіне 
келтіреді. 
Екінші деңгей — жасушалардың жеке топтары арасындағы өзара 
катынастарын қамтамасыз етеді.
Үшінші деңгей — организмнің қажеттілігін жоғары сатыды реттеуші ми 
қыртысының жасушаларымен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет