Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Ми қыртысының қозғалтқыш (моторлық) аймақтары



Pdf көрінісі
бет53/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117
Қалыпты физиология

3. Ми қыртысының қозғалтқыш (моторлық) аймақтары. 
Ми қыртысының моторлық аймағы біріншілік (алдыңғы орталық 
қатпарда, 4 алаң) және екіншілік қозғалтқыш ( ми сыңарының маңдай 
бөлімінде, 6 алаң) болып бөлінеді. Сонымен бірге ми сыңарларының ішкі 
(медиалдық) бетінде қосымша моторлық аймақ болады. Бұл аймақтың 
қозғалтқыш 
колонкасындағы 
пирамидтік 
нейрондар 
афференттік 
импульстерді проприо- және тактилдік рецепторлардан қабылдайды да, 
қимыл әрекеттерін ұйымдастырады. Одан кейін негізгі эфференттік 
импульстер, алдыңғы орталық қатпардағы аса ірі Бец пирамидтік 
жасушалары мен орташа пирамидтік жасушалардың қатысуымен, бағаналық 
және жұлындық моторлық орталықтарды қозуға келтіреді. Нәтижесінде 
қимыл-қозғалыс жүзеге асырылады. Сөйтіп, моторлық қыртыс –қимылдарды 
ұйымдастырушы аймақ. 
Ми сыңарлары арасындағы өзара қатынас екі түрлі болып байқалады – 
бірлесіп жұмыс атқару және олардың арасындағы әрекеттік асимметрияның 
(теңсіздіктің) болуы. Ми сыңарларының арасында сүйелді дене мен 
жабыспалық (комиссуралық) байланыстары олардың бірлесіп жұмыс 
атқаруын қамтамасыз етеді. Ал осы байланыстардың бұзылуы (мысалы, 
сүйелді денені кескенде), ми сыңарлары қызметінің күрделі өзгерістеріне 
кетіреді және олардың арасында әрекеттік асимметрия бар екендігін 
дәлелдейді (Р.Сперри, 1981). Осындай тәжірибелердің нәтижесінде
доминанттық (үстемдік) ми сыңары деген ұғым пайда болды. Мысалы, оң 
қолмен жазатын адамның сол жақ ми сыңары үстем болады. 
Мидың сол жақ қыртысы көбінесе ІІ сигналдық жүйе қызметін атқарады, 
яғни сөйлеу, санау, дерексіз ой, дүние тану, пікір тудыру, келешекті болжау. 
Мидың оң жақ сыңарының қызметі музыканы түсіну, көргенді дәл 
суреттеу, сыртқы ортаға бейімдеу, бағдарламалық және қабылданған 
ақпараттарға байланысты ой, пікір тудыру, өткен-кеткен оқиғаларға 
қарайлау. Бұл бөлімнің қызметі көбінесе мидың сезімдік аймағымен 
байланысты. 
Қорыта айтқанда, сол жақ ми сыңарында сөйлеу, қимыл-қозғалыс, көру 
және есту қызметтері үстем болады. Жоғары жүйке жүйесінің ойшыл типі – 
сол жақ ми сыңарымен, ал көркемпаз типі – оң жақ ми сыңарымен 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет