Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметтері



Pdf көрінісі
бет55/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   117
Қалыпты физиология

9.2. Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметтері 
Симпатикалық жүйке жүйесі барлық мүшелер мен тіндерге әртүрлі әсер 
етеді: жүрек қызметін жеделдетеді, тыныс жолдарының саңылауын 
кеңейтеді, асқорыту жүйесінің сөлініс, қимыл және сіңіру белсенділіктерін 
тежелуге келтіреді және т.б. Қорытып айтқанда, гомеостатикалық және 
бейімдеу-нәрлендіру (адаптациялық-трофикалық) қызметтерін атқарады. 


Оның гомеостатикалық ролі организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын
белсенді жағдайда ұстап тұруға бағытталған, яғни симпатикалық жүйке 
жүйесі тек қана қарқынды физикалық жүктеме кезінде, эмоциялық 
әсерленістерде, күйзелісте, күшті ауырсынуға келтіретін әсерлерде, қан 
аққанда және т.б. жағдайларда іске қосылады. 
Симпатикалық жүйке жүйесінің бейімдеу-нәрлендіру қызметі туралы 
ұғымды алғашқы рет И.П.Павлов енгізген. Ол тәжірибеде жүректің соғу 
ритмін өзгертпей, тек жиырылуын күшейтетін симпатикалық талшықтарды 
тапқан. Павловтың пікірінше, бұл талшықтар жүректегі зат алмасуды 
күшейтіп әсер етеді. ХХ ғасырдың 20-сыншы жылдары Л.А.Орбели мен 
А.Г. Гинецинский тәжірибеде қажыған бұлшықеттің симпатикалық жүйкесін 
тітіркендіргенде оның жиырылуының күшейгенін анықтаған, яғни бұлшық 
еттегі зат алмасу үдерістерінің белсенділігі жоғарылайды. Симпатикалық 
жүйке жүйесінің мұндай әсерін Л.А.Орбели адаптациялық-трофикалық 
(бейімдеу-нәрлендіру) әсері деп белгілеген. 
Симпатикалық жүйке жүйесінің бейімдеу-нәрлендіру қызметі зат алмасу 
процестерінің қарқындылығын реттеуге бағытталған. Бұл организмнің 
тіршілік ортасының өзгермелі жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді. 
Парасимпатикалық жүйке жүйесі кейбір мүшелерді нервілендірмейді. 
Мысалы, көптеген қан тамырларында (тері, ішкі ағзалар, ми), сезім 
мүшелерінде, бүйрекүсті безінің милы затында және қаңқа бұлшықеттерінде 
мұндай иннервация болмайды. Парасимпатикалық және симпатикалық 
жүйелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама-қарсы әсер етеді, яғни олардың
арасында антогонистік қатынас байқалады, Мысалы, симпатикалық жүйке 
жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше, 
оны сиретіп, әлсіретеді. Бірақ бұл мызғымас заңдылық емес, толық 
организмде вегетативтк жүйке жүйесінің екі бөлімі ішкі ағзаларға әрдайым 
бірін бірі қолдап бірлікпен әсер етеді, яғни араларында синергизм болады. 
Парасимпатикалық жүйке жүйесі гомеостатикалық және қорғаныстық 
қызмет атқарады, қуыс мүшелердің (қуық, тікішек) босатылуын реттейді. 
Гомеостатикалық қызметі әр уақытта өзгерген шаманы қалпына келтірумен 
сипатталады және тыныштық жағдайда жүзеге асады. 
Барлық 
қорғаныстық 
рефлекстер 
организмді 
бөгде 
заттардан 
құтылдырады (түшкіру, жөтелу, құсу, т.б.). Қуыс мүшелердің босауы 
олардың қабырғасындағы бірыңғай салалы еттердің тонусы күшейгенде, 
афференттік серпіністердің жүйке орталығында өңделіп, эфференттік 
жолдармен сфинктерге жетіп оны босаңсуға келтіру арқылы жасалады. 
Есте болатын факт: Кезбе жүйкесінің (парасимпатикалық жүйке) жүрек 
қызметіне айқын тонустық әсері бар. Соның нәтижесінде ол жүректің соғу 
жиілігін тежеп, тыныштықтағы ритмін сақтайды (минутына 60-80 рет). 
Метасимпатикалық 
жүйке жүйесі деп ағза ішінде орналасқан 
микрорганглийлер жинағын айтады. Кейбір физиологтар (Н.А.Агаджанян, 
В.М.Смирнов) оны ағзаішілік (интраоргандық) жүйке жүйесі дейді. Бұл 
жүйеде рефлекстік доғаның барлық бөлімдері бар: афференттік, қондырғы 
және эфференттік нейрондар.


Метасимпатикалық жүйке жүйесі мынадай қызмет атқарады: 
1) ағзаішілік жүйкелендіруді (иннервация) қамтамасыз етеді; 
2) ағзасыртқылық (экстраоргандық) жүйке жүйесі мен тіндер (мүшелер)
араларын байланыстыратын аралық бөлім болып саналады. Бұл жүйенің 
қызметін организмнен оқшауланып алынған мүшелер бөлігінен байқауға 
болады: өздігінен жүректің жиырылуы, жылы қоректі ерітіндіге салынған 
ішектің қимылы және т.б. Сөйтіп, метасимпатикалық жүйке жүйесі асқорыту 
жүйесіне жататын көптеген мүшелердің бірыңғай салалы еттер қызметтерін 
реттеуге қатысады, сөлініс белсенділігін де реттейді, жергілікті иммундық 
әсерленістерге қатысады. Оның медиаторларына жататын заттар көп: 
серотонин, гистамин, дофамин, Р-заты, ВИП және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет