аксондарының
бойымен
(гипоталамо-гипофиздік
жолмен)
ағып
нейрогипофизде жинақталады. Бұл үдеріс
нейросекреция деп аталады.
Паравентрикулярлық ядрода көбіне
окситоцин гормоны, ал супраоптикалық
ядрода
вазопрессин (антидиурездік гормон, АДГ) түзіледі.
Бұл гомондар
нейрогипофиз жасушаларында (питуициттерде) белсенді түрге айналады.
Вазопрессин екі түрлі қызмет атқарады:
1) тамырлардың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді
(артериолалар тонусының жоғарылауы нәтижесінде артериалық қан қысымы
көтеріледі).
2) бүйректе несептің түзілуін төмендетеді (антидиурездік әсері).
Вазопрессиннің мұндай әрекеті оның бүйрек түтікшелеріндегі суды қанға
қайта сіңуін күшейту қабілетімен байланысты.
Сондықтан бұл гормонның
жетіспеуі қантсыз диабетке соқтырады (организмнен 10-15 литрге дейін
несеп шығарылады – қантсыз полиурия). Организмнің
мұндай сусыздануы
қатты шөлдеуге келтіреді.
Окситоцин жатырдың бірыңгай салалы еттеріне таңдамалы әсер етіп,
оның жиырылуын күшейтеді. Жатыр етінің жиырылуы күшейеді,
егер оған
алдын ала эстрогеннің әсері болғанда. Жүктілік кезінде окситоцин жатырдың
жиырылу қабілетіне әсер етпейді, себебі бұл
кезде сары дененің гормоны
прогестерон жатырдың барлық тірікендіргіштерге сезгіштігіне тосқауыл
болады. Сонымен қатар окситоцин сүттің шығуын күшейтеді, ал сүттің
түзілуі (секреция) пролактиннің бақылауында болады. Окситоциннің бөлінуі
рефлекторлық жолменде жүреді (мысалы, баланы емізгенде).
Достарыңызбен бөлісу: