2) жоғары жұйке ісәрекетіне әсері. Итке жасалған тәжірибеде қалқанша
безді алып тастағанда, алдында қалыптасқан шартты рефлекстер мен шартты
тежелу түрлері жойылғаны байқалған. Ал осы иттерге тироксин егілгенде
бұл рефлекстер қайтадан қалпына келген.
Сонымен қатар, бездің қызметі
күшейгенде (гиперфункция) ұйқының, зерденің бұзылысы және эмоциялық
тұрақсыздық байқалады;
3) организмнің өсуі мен дамуына әсері. Тироксин мен трийодтиронин
бала организмінің (қаңқасының) өсуі мен жыныстық дамуына күшті
әсерін
тигізеді. Бездің гипофункциясында әсіресе ұрықтық даму мен бастапқы
туылғаннан кейінгі (постнаталдық) кезеңде
кретинизм деген науқас
байқалады, оның негізгі белгілері – бойдың
өспей қалуы мен ақыл-ойдың
кемістігі;
4) зат алмасуға әсері. Тиреоидтық гормондар барлық тіндердегі зат
алмасу (ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдық затар) процестерін
күшейтеді. Гормондардың әсерінен тіндерде глюкозаны пайдалану күшейеді,
бауырдағы майлар мен гликоген қорлары азаяды. Ақуыздың түзілуі мен
жасуша ішілік тотығуы күшейеді. Сонымен қатар,
организмдегі энергия
алмасу, әсіресе негізгі алмасу (НА) деңгейі жоғарылайды. Бездің
гиперфукциясында адамның НА шамасы 60-100%-ға дейін көтеріледі;
5) ағзалардың қызметіне әсері. Тироксин жүректің соғуын күшейтеді,
тыныстың жилігін ұлғайтады, тердің көбірек шығуына келтіреді. Тиреоидтық
гормондар бауырдағы, бүйректегі, жүрек пен өкпедегі қанның ұюына
қатысатын факторлардың түзілуін тежеп, антикоагулянттардың синтезделуін
күшейтеді, қандағы фибринолизге қатысатын заттарды белсендіреді.
Сонымен қатар, тироксин тромбоциттердің әрекеттік қасиеттері –
адгезия
және агрегацияны басады (тежейді).
Балалық кезеңде қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда
(гипотиреоз) кретинизм және микседема сияқты патология пайда болады. Ал
кейбір аймақта суда йодтың жетіспеуі бездің қызметін төмендетіп, без
тіндерінің өсіп ұлғаюына келтіреді, нәтижесінде
эндемиялық зоб деген ауру
дамиды.
Қалқанша бездің қызметі күшейгенде (гипертиреоз) тиреотоксикоз
(базедов науқасы) байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: