11.3. Эпифиз, айырша безі және қалқансерік бездерінің гормондары
Эпифиз төрт төмпешіктің алдыңғы дөңесінің үстінде орналасқан. Бездің
салмағы 100-180 мг шамасында, оның қызметі
мен маңызы осы уақытқа
дейін жеткіліксіз зерттелген. Қазіргі кезде эпифиз тіндерінен бірнеше
биологиялық белсенді заттар – мелатонин, серотонин,
гистамин,
гломерулотропин т.б. бөлетіні анықталған.
Мелатонин – пигменттік алмасуды реттеуге қатысады, терінің
жасушаларын (меланоциттерді) түссіздендіреді. Гипоталамус арқылы әсер
етіп жыныс бездерінің қызметін тежейді: жас организмде жыныстық жетілуі
мен ересектерде гонадотропиннің әсері тежеледі.
Сондықтан эпифиздің
қызметі күшейгенде (гиперфункция) ерте жыныстық даму, ал қызметі
жетілмегенде (гипофункция) семіру және гипогенитализм құбылысы
байқалады.
Гломерулотропин – бүйрекүсті безінің
қыртысындағы альдостерон
гормонының сөлінісін жігерлендіреді (стимуляция).
Соңғы кездегі зерттеулермен эпифиздің организмдегі биологиялық
«сағат» ролін атқаратындығы, жылу реттеуге қатысы, су
мене тұздың
алмасуына қатынасы, басқа ішкі сөлініс бездерге әсерлері анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: