талшықтары) жатады. Тері мен ішкі ағзаларда, жылу қабылдағыштарына
қарағанда, суық қабылдайтын рецепторлары көп болады.
Орталық терморецепторлар. Бұл жылу қабылдағыштарын физиологтар
көбіне
термосенсорлар (жылу сезгіштер) деп атайды. Бұл нейрондар тікелей
жылытқанда немесе суытқанда қозады және сезімталдығы өте жоғары (тіпті
0,011ºС өзгерісті қабылдай алады).
Олар жұлында, ортаңғы мида және
гипоталамус
аймақтарында
табылған.
Мысалы,
гипоталамустың
преоптикалық облысын қыздырғанда шұғыл тердің шығуы күшейеді, тері
тамырлары кеңейеді, бұл кезде жылу өндірілуі азаяды.
Артқы гипоталамус
ядроларымен ртаңғы ми мен жұлын құрылымдары байланысты.
Жылу реттеу орталығы. Бұл орталықтың басты бөлігі гипоталамуста
орналасады. Гипоталамустың
алдыңғы ядроларын зақымдаса, тыныс жолы
мен тері қан тамырларының әсерленісі арқылы жылу шығару тетіктер
бұзылады, осыған байланысты жануар температурасы көтеріліп, өліп қалады.
Химиялық
жылу реттелу, жылу шығарудың күшеюі, еттің дірілдеуі, жылу
шығару орталығы болып есептелетін құрылымдар – гипоталамустың артқы
және ортаңғы ядроларының бақылауында.
Жылу реттелу әсерленістері ми қыртысы нейрондарының қатысуымен де
жүзеге асулары мүмкін (шартты рефлекс түрінде).
Жылу
өндіру реттелуі (әсіресе жиырылғыштық жылу өндіру)
соматикалық жүйке жүйесінің
қатысуымен реттеледі, ал жиырылғыштық
емес – cимпатикалық жүйке жүйесінің реттеу қызметіне байланысты болады.
Тердің шығуы да симпатикалық жүйке жүйесінің холинергиялық
нейрондарына бағынышты – дене температурасы көтерілгенде тердің шығуы
күшейеді. Қоршаған орта температурасы төмендегенде, симпато-адреналдық
жүйе мен қалқанша без гормондары әртүрлі мүшелер
мен тіндердегі зат
алмасуды күшейтеді (жылу өндіріледі) және керісінше әсер етеді.
Осы
келтірілген
механизмдердің
жиынтығы
организмдегі
температуралық гомеостазды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: