Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет103/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   117
Қалыпты физиология

Жақыннан көргіштік (миопия). Егер көздің бойлау осі аса ұзын болса, 
заттардың бейнесі торлы қабықтың алдында, мөлдір шыны тәріздес дене де 
пайда болады. Бұл жағдайда қосарланған сәулелер торлы қабыққа жетпей 
түйіседі. Сондықтан, алыстағы заттарды дұрыс көру үшін, жақыннан көргіш 
адам екі жағы ойыс линзаны пайдалануы керек. Сонда ғана көзде сынып 
өткен сәуленің (затардың) бейнесі торлы қабыққа түседі. 
Алыстан көргіштік (гиперметропия). Алыстан көргіш көздің бойлау осі 
қысқа болғандықтан алыстағы заттардан шыққан қосарлас сәулелер торлы 
қабықтың артына жиналады да, оның бетіне заттардың бейнелері бұлдыр 
болып түседі. Мұндай адамдардың айқын көретін жақын нүктесі көзден 
қашықтау орналасады. Сондықтан алыстан көретін адамдар оқу үшін екі 
жағы дөңес линзасы бар сәуленің сынуын ұлғайтатын пайдалануы қажет. 
Көздегі сәуленің сыну ауытқуларына астигматизм де жатады. 
Физиологтардың пікірі бойынша, аздаған астигматизм көптеген адамдарда 
кездеседі. Астигматизм көздің қасаң қабықшасының біркелкі сфералық бет 
болмағандығына байланысты, өйткені оның әртүрлі бағыттағы қисықтық 
радиусы әркелкі болады. Оны түзету үшін көздің алдына арнайы цилиндрлік 
линза (шынылар) қояды. 
Көздің шалымы (көру шегі) – басын қозғалтпай және көзін алдындағы 
бір нүктеге тігіп қарағанда көрінетін бұрыштық кеңістік. Көз шалымының 
шекарасын периметрия әдісімен анықтайды. 
Торлы қабықтағы фотохимиялық реакциялар. 
Көздің торлы қабатында фоторецепторлар орналасады: таяқшалар 
(родопсин пигментімен) және сауытшалар (йодопсин пигментімен). 
Сауытшалар күндізгі көру мен түрлі түсті қабылдауды қамтамасыз етеді, ал 
таяқшалар – ымыртта, түнде көруді. Торлы қабықта, жарық түскенде оңып 
кететін, жарық сезгіш пигменттер болады. Адамдар мен көптеген 
жануарлардың торлы қабығындағы таяқшаларда родопсин немесе қанқызыл 
(пурпур) көру пигменті түзіледі. Сауытшаларда йодопсин деген пигмент 
табылған. Одан басқа сауытшаларда тағы хлоролаб және эритролаб деген 


бояғыштар бар. Хлоролаб жасыл түске сәйкес, ал эритролаб қызыл түсті 
спектрдің сәулелерін сіңіреді. 
Родопсин А витаминінің альдегиді – ретиналь және опсин деген 
белоктан тұрады. Жарықтың бір квант мөлшерінің әсерінен осы заттың 
бірнеше өзгерістері болады. Мысалы, ретинальдің изомері пайда болады 
және оның белокпен байланысы бұзылады, сонда ферменттік орталығының 
белсенділігі артады. Бастапқыда люмиродопсин және метародопсин деген 
аралық заттар түзіледі, содан кейін ретиналь опсиннен бөлініп шығады. 
Редуктаза деген ферменттің әсерінен ол А витаминге айналады. Қараңғылық 
жағдайда көздің қанқызыл пигменті қайтадан қалпына келеді,яғни родопсин 
құрастырылады. Организмдегі А витаминнің жеткіліксіздігі родопсиннің 
пайда болуын бұзады. Мұндай жағдайда ақшам соқырлығы байқалады, адам 
кешкі уақытта нашар көреді, кейде ештеңе көрмей қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет