Осы құрылымдардың көптеген жүйке талшықтары қайтадан иіс буылтығына
бағытталады. Иіс буылтығынан шығатын талшықтар бірнеше будадан
тұрады, олар алдыңғы мидың әртүрлі бөлігіне бағытталады. Бұл жолдардың
ми қыртысындағы жобаланыстары ұласа байланысқан орталықтар қатарына
жатады. Өйткені олар иіс жүйесінің басқа сезім жүйелерімен
байланысын
қамтамасыз етіп, осы негізде бірнеше күрделі тағамдық, қорғаныс,
жыныстық т.с.с. қызмет атқарады.
Иіс ұзақ әсер еткенде оған қабылдағыштардың бейімделуі байқалады,
олар көптеген иісті затарға
тез арада толық бейімделеді, яғни оларға иіс
түйсігі жойылады. Бірқатар иісті заттарға талдағыштар баяу және ішінара
ғана бейімделеді.
Иіс түйсінудің кең таралған қағидаларының бірі –
стереохимиялық
теория. Бұл теория бойынша, заттың
иісі оның құрамындағы
молекулалардың мөлшері, пішіні және көлемімен айқындалады. Иіс жүйесі
мен жеке зат иісін қабылдауға арналған әралуан түрлі рецепторлардан
тұрады. Олардың мембранасы бетінде белгілі пішінді ойыс жерлері болады.
Егер олардың пішіні иісті зат молекуласының белгілі пішініне (кілт пен
құлып сияқты сәйкес келсе ғана иіс түйсігі туады.
Иіс талдағышының сезімталдығы өте зор. Адам бірнеше мың әртүрлі
заттардың иісін ажырата алады, бірақ ондай қабілет иттерде 3-6 есе артық
болады.
Достарыңызбен бөлісу: