Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Тактилдік талдағыштың өткізгіш бөлімі



Pdf көрінісі
бет113/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Қалыпты физиология

Тактилдік талдағыштың өткізгіш бөлімі А-типті талшықтардың 
механорецепторларынан басталады да, қозу жұлын мен бас жүйкелерінің 
ганглийлерінде орналасқан І-ші нейронға жетеді. Одан әрі ақпарат жұлыннан 
сопақша мидың артқы бағаны ядроларындағы ІІ нейронға келеді (бірінші 
ауыстыру). Бас терісі мен ауыз қуысынан импульстер ұшқыл-таламус 
трактысымен таламус ядроларына барады, одан әрі көру төмпешігінің 


ядроларында ІІІ нейронға ауыстырылады. Таламус ядроларының нейрондары 
өздерінің аксондарын орталық (қыртыстық) бөлімге жібереді, мұнда IV 
нейрон орналасады (үшінші ауыстыру). 
Тактилдік талдағыштың орталық бөлімі ми қыртысының денесезу 
(соматосенсорлық) аймағында, артқы орталық қатпардың І және ІІ 
зоналарында орналасады. Ми қыртысында арнайы орталықтарында теріден 
келген сезімдік ақпараттар қүрделі талдаудан өтіп өңделеді де, оған сәйкес 
жауап ұйымдастырылады. 
16.7. Дәм талдағышы. 
Дәм талдағышы – дәм түйсіктерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады, 
яғни ауыз қуысына түскен тағамның әртүрлі дәмін, түрін, температурсын 
және мөлшерін анықтап, организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы 
ортаға бейімделісін қамтамасыз етеді. Дәм сезімі көп құрамды, сондықтан ол 
ауыз қуысы мен жұтқыншақ аймағында орналасқан механо-, хемо-, 
температуралық 
қабылдағыштарды, 
тіпті 
ауырсыну 
рецепторларын 
тітіркендіруге байланысты болады. Сонымен қатар дәмді толық түйсіну иіс 
сезумен тығыз байланысты. Дәм сезу жүйесінің негізгі мақсаты – тағамның 
құндылығы мен жарамдылығын анықтау және асқа тәбетті қалыптастыру. 
Дәм түйсіктерінің қалыптасуында хеморецепция басты роль атқарады. 
Қазіргі уақытта дәм сезу жасушаларындағы хеморецепторлардың 13 түрлері 
анықталған, олар мына көрсетілген заттарға өте сезімтал болады: натрий, 
калий, хлор, аденозин, инозин, глутамат, сутек иондары және т.б. Бұл 
рецепторларды белсендіру төрт түрлі дәм түйсінуді тудырады: тәтті, ащы, 
қышқыл және тұзды. Белгілі бір заттарға тәтті мен ащы дәм 
рецепторларының нақты ерекшелік қасиеттері анықталмаған, керісінше, 
химиялық құрамы бойынша әртүрлі заттардың дәмі бірдей болуы мүмкін. 
Мысалы, көтеген спирттер мен қанттың тәтті дәмі сезіледі. Ащы сезімді 
бүкіл алколоидтар, сонымен бірге глюкозидтер, эфир, стрихнин, хинин, 
морфин тудырады. 
Дәм талдағышының белгілі бір заттарға сезімтал табалдырығы оның 
алғашқы дәм түйсігін тудыратын мөлшеріне тәуелді. Мысалы, ащы заттар 
үшін ол өте төмен: хинин үшін табалдырық 0,000 008 М, бұл тұзды затпен 
салыстырғанда 5 есе төмен (0,01 M NaCI). Мұның биологиялық маңызы: 
жеуге жарамайтын және улы заттарды (ащы дәмді) өте аз мөлшерде ерте 
ажыратуға және ағзаға түсуіне кедергі жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет