Минсизадамжок indd



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата12.12.2023
өлшемі6.16 Mb.
#486219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
мінсіз адам жоқ

ШАТТЫҚ КҮЙІ
Аружан футбол командасына жазылды . Ойын маусымы бір айдан 
соң басталды . Жаттықтырушысы оларға көп нәрсе үйретті . Мысалы, 
допты қалай тебу керек, қарсыласың допты алып алмау үшін не істеу 
керек – бәрін ақырындап үйрене бастады . Бірде дайындық барысында 
баспен қалай доп соғуды да біліп алды . Мұның бәрі керемет еді . 
Аружан футбол ойнаған кезде бәрін ұмытатын . Себебі, ойын өте қызық . 
Оған футбол өте ұнады . Футболдың ең жақсысы – Гүлжанмен және жаңа 
достарымен уақытын тамаша өткізді . Жеңістер, жұлдызды сәттер анасы 
айтқандай, «бәліштің бетіндегі тәтті қаймақ» секілді: көңіліңді одан әрі 
көтере түседі .
Аружан құрамында болған «Жолбарыстар» командасы кей матчтарды 
жеңіп, ал кейде кез келген басқа командалар сияқты, ұтылып та қалды . 
Жеңіске жету, әрине, әлдеқайда жақсы әсер сыйлайды . Бірақ жеңілген 
кезде де Аружан қатты күйгелектенбейтін болды . Оларға бәрі қызық 
еді . Жанына жақын іске көп көңіл бөлгендеріне және жаңа нәрселерді 
үйренгеніне қуанатын . Ал қателіктер мен жеңілістер – «ханның қызында 
да болады» . «Жеңілсе жер көтереді» . Әрбір жеңілістен соң «Жолбарыстар» 
командасы жаңа әдіс-тәсілді үйренді .
Көктемде күн ұзарып, жыли түсті . «Жолбарыстар» да маусымның 
соңғы ойынын ойнады . Жайма шуақ, жып-жылы күндердің бірі еді . 
Сарғалдақтарды жел тербеп, шөптің исі мұрынды қыттықтайды . Аружан 
алаңға жүгіріп шықты . Оның жүрегін мазалаған күйгелек сезім әлдеқашан 
құрып біткен еді . Иә, мінсіз адам жоқ! Оны мойындап, барыңды бағалай 
білсең тамаша емес пе?!
Ол бүгін ерекше көңілді . Бұл ерекше бір сезім болатын . Әр қадамына риза 
адамның шаттық күйі еді .
Оныншы Тарау


52




«ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ 
ӨМІР ДАҒДЫЛАРЫ» 
КІТАПТАР СЕРИЯСЫ
Мінсіз адам жоқ
Мінсіз адам жоқ
Перфекционизм 
туралы балаларға 
арналған әңгіме
Перфекционизм туралы 
балаларға арналған әңгіме
Аружан Мұратқызы əркез алдыңғы қатарда жүргісі ке-
леді. Əлдебір істе кенже қалып қойса, еңсесі түсіп, салы суға 
кетеді. Жеңілемін-ау деп қауіптенсе, жаны қалайтын істі де 
орындағысы келмейді, ондай сəттерде тым сылбыр. Əркез 
өзін өзгелермен салыстыра береді. Əрбір ісінің мінсіз бола 
қоймайтынына жаны ауырады.
Анасы мен ұстаздарының көмегімен Аружан бойындағы 
осы мінезін түзейді. Бəрінен асып түсуді ойға алмай-ақ
көңілі ауған іске кірісуді үйренеді.
«Мінсіз адам жоқ» кітабында əсіре перфекционизм өмірдің жарқын түстерін көруге 
кедергі болатыны жайлы айтады. Əр істі мінсіз атқаруым керек деп жанталасқан əрбір 
балаға осы кітапты оқуға кеңес берер едім».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет