10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
11. Пәндік нәтижелер:
1) тілдің лексика-фразеологиялық қорын, дыбыстық-грамматикалық және стильдік жүйесін;
2) құрмалас сөйлемдердің ойды жеткізудегі рөлін және қолданыс ерекшелігін меңгеруі тиіс;
3) тілдің функционалдық қасиеттерін танып, пәннің тілдік деңгейлерін жетік білуі;
4) мәтіннің түрлері мен табиғатына, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасай білуі;
5) әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері болатынын, оларға тән ерекшеліктерді;
6) мәтіннің тақырыбы мен идеясын, мәтіннің құрылымын ажырата білуі;
7) сөз мағыналарын мәтіндік қолданыста ажырата білуі;
8) сөздердің жасалу тәсілдерін;
9) әдеби тілдің нормаларының сөз мәдениетіне қатысын негіздей алуы;
10) әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебін;
11) әдеби тілдің нормаларын стиль түрлеріне сай қолдана білуі тиіс.
11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
12. Пәндік нәтижелер:
1) сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын;
2) ұлттық және әлемдік шешендік өнерге тән ортақ қағидаттарды;
3) қазіргі шешендіктің түрлерін;
4) пікірталас мәдениеті мен пікірталасқа түсу тәсілдерін меңгеруі тиіс;
5) шешендік өнер туралы ой-пікірлерге талдау жасап, шешендік өнердің тарихын;
6) пікірталас түрлері мен оларға тән ерекшеліктерді;
7) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын;
8) пікірталастың қоғамдағы орнын, пікірталас мәдениетінің талаптарын;
9) таңдаған кәсібіне байланысты тақырыптарда пікірталасқа түсе білуі;
10) әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды мәтіндерді құрай алуы;
11) ұсынылған тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, реферат, баяндама түзе білуі тиіс.
10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
13. Тұлғалық нәтижелер:
1) ұлттық құндылықтар мен әлемдік азаматтық құндылықтарды салыстыра пайымдап, дәріптей білуінен;
2) қолданыстағы тілдерді білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
3) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы өз көзқарасын шешендікпен негіздей алуынан және жұртты сендіре білуінен;
4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан;
6) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен көрініс табуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |