Ґмірге ќажетті тілдіѕ функционалды жїйелерін сай сґз саптауєа машыќтандыру їстінде ќазаќ тілініѕ грамматикалыќ негіздері тур


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны



бет6/61
Дата20.05.2022
өлшемі1.22 Mb.
#458184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
¥ì³ðãå àæåòò³ ò³ëä³¾ ôóíêöèîíàëäû æ¿éåëåð³í ñàé ñ´ç ñàïòàóºà ìà

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

14. Сөз мәдениеті.


1) кіріспе - 1 сағат (Тіл – рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. Сөз – адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдар);
2) сөз мәдениеті туралы ұғым-түсінік - 5 сағат (Сөз мәдениеті туралы ұғымға кеңейтілген түсінік. Сөз мәдениеті – сөзді дұрыс қолдану, тілдік норманы сақтау. Тіл мәдениетінің тірегі - әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. «Мәдениет» ұғымы. Әдеби норма. Сөз мәдениетіне қатысты ұғымдар. Сөз құдіреті туралы халықтық ұғымдар. Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас. Тілдік қарым-қатынастағы сөз сапалары. Сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттар. Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Лексикалық норма. Орфоэпиялық норма. Орфографиялық норма. Грамматикалық норма. Актив сөздер. Пассив сөздер. Тіл табысуға қажетті коммуникациялық дағдылар. Тіл табыса білу өнері. Қарым-қатынас жасау құралдары: тіл-дыбыстау құралдары, тілге көмекші құралдар.Тыңдау әдебі. Тыңдау білу. Анықтау. Қайталап сұрау. Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары. Тілдік қатынас. Вербалды, бейвербалды амалдар. Дауыс мәнері. Әсерлі сөйлеу. Сөз сазы. Тілдік норманың сақталуы);
3) әлеуметтік-тұрмыстық қатынас және сөз әдебі - 7 сағат (Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың түрлері, тиімділігінің шарттары. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу. Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынасқа қатысты этнолингвистикалық атаулар, оларды қолдану жолдары. Этнолингвистика);
4) іскерлік қарым-қатынас және сөз әдебі - 8 сағат (Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері, тиімділігінің шарттары. Әдеп, әдептілік ұғымдары. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі. Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік әдеп нормаларына сай қолданылатын сөз орамдары. Термин қалыптастырудың ұлттық-танымдық негізі. Терминдерді қолданудың ерекшеліктері. Термин жасаудың қайнар көздері. Іскерлік әңгіме, келіссөздер);
5) ресми қарым-қатынас және жазба тіл мәдениеті - 12 сағат (Жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздарының түрлері мен тілдік-құрылымдық ерекшеліктері, стиль түрлерімен байланысы. Өмірбаян, өтініш, арыз, түсініктеме, сенімхат, қолхат, хат немесе адамдар арасындағы өмірдастан және олардың түрлері мен тілі, ұсыныс хат, күнделік, жеделхат (телеграмма), телефонограмма, олардың құрылымдық-тілдік ерекшеліктері. Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс-қағаздарының түрлері мен тілдік-құрылымдық ерекшеліктері. Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері құрылымдық-тілдік ерекшеліктері. Алқалық ұйым іс қағаздары. Хаттама, бұйрық, келісімшарт, олардың құрылымдық-тілдік сипаттары);
6) қорытындылаушы сұрақтар мен тапсырмалар - 1 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет