Сан мен цифрдың арақатынасы.
Көмекші мектеп оқушылары басында сан мен цифрды
байланыстыра алмайды. Бүл байланысты түсініп үғыну үшін келесі жаттығулар беріледі:
1. Берілген заттар санына сэйкес цифрды табу.
«Болатта 4 асық бар. Болатта неше асық бар екенін цифрмен көрсетіңдер. Тексерейік. Болаттың асықтарын бәріміз санайық 4 цифрын көрсетейік».
2. Берілген цифрға сәйкес санды заттар іріктеу.
Мына қуыршақ сөйлей алмайды, бірақ цифрларды біледі. Қуыршақ қандай цифрды көрсетіп түр. Қуыршақ кэмпит сүрап түр. Ол неше кэмпит сүрап түр. Қуыршаққа 3 кэмпит берейік.
3. «Керекті суретті тап» ойыны. Оқушыларға суреттер мен цифрлар беріледі. Оқушылар берілген цифрға сэйкес санды заттар салынған суретті табулары керек. Одан кейін эр суретке сэйкес цифрды қояды.
4) Үлкен кеседен кіші кесеге 4 қасық қант сал. Неше қасық қант салдың. Цифрды жаз т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |