16. Құю және өлшеп орау резервуарлары
246. Құю және өлшеп орау резервуарларының үй-жайлары құрылғыларына, орналастыруға қойылатын талаптар 2.11.03-93 ҚНжЕ сәйкес орындалады.
247. Мұнай өнімдерін құю мен босатуға арналған құрылғылар жеке үй-жайларда немесе жеке алаңдарда орналастырылады. Оларды этил бензинін құю мен босатуға арналған құрылғылармен бірге орналастыруға рұқсат етілмейді.
248. Майды қыздыру мен беруге арналған, 25-тен 100 м3 дейінгі санаулы көлемдегі тарату резервуарлары олардың шетжағы құю үй-жайында тұратындай етіп орналастырылады.
249. Майға арналған, жалпы сыйымдылығы 400 м3 аспайтын резервуарларды, олармен ыдыстағы майларға арналған қоймалық үй-жайлармен біріккен бір қабатты құю және орап өлшеу ғимаратының астыңғы үй-жайларында орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте көрсетілген ғимарат отқа төзімділіктің II дәрежесінен кем емес, ал астыңғы үй-жайдан шығу сыртқа әкеледі. Астыңғы үй-жайлар бірінші қабатпен қатынаспайды.
250. Құю крандарында мұнай өнімінің атауымен жазбалар болады. Құю крандарының астына оқыс төгілген мұнай өнімдерін жинауға арналған лоток орналасады.
251. Мұнай өнімдерін жинауға арналған жинағыш құю үй-жайынан тыс орналасады. Лоткалар мен жинағыштар кірлерден тазартылады және сумен жуылады.
252. Егер құю орындарында едендер электр сымды емес материалдардан жасалса, оларға толтыру кезінде ыдысты орнататын жерге қосылған металл табақтар қойылады.
Бөшкелерді, бидондар мен басқа да жылжымалы ыдыстарды жерге қосушы құрылғымен болт, бұранда, өзек ұштығымен мыс арқанмен жалғау арқылы жерге қосуды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
253. Мұнай өнімдерін бөшке ыдысқа ұйымның қызметкерлері босатады. Мұнай өнімдерін босату алдында қызметкер құюға арналған ыдысты тексереді. Мұнай өнімдерін ақаулы ыдысқа құюға рұқсат етілмейді.
254. Төгу үй-жайында бос және толтырылған ыдысты, бөгде заттар мен жабдықтарды сақтауға рұқсат етілмейді. Төгу үй-жайында ені кем дегенде 2 м негізгі өтпе көзделеді. Өтпелерді бөгеуге рұқсат етілмейді.
255. Май құю жүргізілетін төгу үй-жайында тәуліктік тұтынудан аспайтын буып-түю материалы, ыдыстың мөлшері – май құю үшін ауысымды тұтыну ұсталынады.
256. Төгу үй-жайында тікелей мұнай өнімдерін ыдысқа құюмен байланысты емес жұмыстарды орындауға рұқсат етілмейді.
257. Этил бензинін құю үшін жеке үй-жай қарастырылады.
Барлық мұнай өнімдерін бір ғимаратта құюға этил бензинін құюға арналған үй-жайлар басқа үй-жайлардан саңылаусыз қабырғалармен бөлінген жағдайда рұқсат етіледі.
17. Ыдыс қоймасы
258. Ыдыс қоймасын орналастыру және оларға қойылатын жалпы талаптар ҚНжЕ 2.11.03-93 талаптарына сәйкес келеді.
259. Мұнай өнімдерін сақтау және жіберу үшін ыдыстар МСТ 1510 сәйкес келеді.
260. Ыдыстағы мұнай өнімдері үшін мынадай қойма ғимараттары:
тез жанатын мұнай өнімдері үшін – бір қабатты;
жанғыш мұнай өнімдері үшін – үш қабаттан жоғары емес отқа төзімділік дәрежесі кезінде I және II; екі қабатты – отқа төзімділік дәрежесі кезінде III а қарастырылады.
261. Ыдыста жанғыш мұнай өнімдерін және дизель отынын сақтау үшін бір қабатты жерасты құрылыстарын қолдануға рұқсат етіледі.
Тез жанатын мұнай өнімдерін жабық қоймада сақтау кезінде олармен жарылысқа қауіпті өртке қарсы қоспаларды түзеуге қабілетті басқа заттарды сақтауға рұқсат етілмейді.
262. Ыдыстағы мұнай өнімдері үшін қоймалық үй-жайларға бір ғимаратта құятын және орайтын, сораптық және басқа да үй-жайларды біріктіруге рұқсат етіледі. Қоймалық үй-жайлар басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен бөлініп тұрады.
263. Ыдыстағы мұнай өнімдері үшін қоймалық ғимараттардың қабырғаларындағы есік орындарының механикаландыру құралдарымен өтпелерді қамтамасыз ететін ені 2,1 м кем емес және биіктігі 2,4 м кем емес өлшемдері бар.
Есіктерді өздігінен жабылатын етуді қарау ұсынылады. Есік орындарында биіктігі 0,15 м ақаулар (пандустармен) қаралады.
264. Ыдыстағы мұнай өнімдері үшін қоймалық ғимараттардағы едендер жанбайтын және мұнай өнімдерін сіңірмейтін материалдардан, ал тез жанатын мұнай өнімдерін сақтау кезінде – ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады. Еденнің беті шұңқырларға су ағып кетуі үшін еңістікпен тегіс жасалады.
265. Ыдыстағы мұнай өнімдерін (бөшкелерде, канистрлерде, арнайы контейнерлерде) сақтау үшін қоймалық ғимараттарды және алаңшаларды қалқа астына орналастыруда ыдыстың механикаландырылған төсемесі кезінде мыналар қолданылады:
сөрелердің немесе қат-қабат тұғырықтардың биіктігі – 5,5 м кем емес;
сөренің әр сатысына ыдысты – биіктігі бойынша бір қатарға және ені бойынша екі қатарға орналастыру;
штабеля ені – төрттен аспайтын тұғырықты орналастырудан шыға отырып;
сөрелер мен штабелдердің арасындағы өтпелердің ені – механикаландыру құралдарын қолданатын габариттерге байланысты, бірақ 1,4 м кем емес;
сөрелер мен штабелдердің арасындағы өтпелер – ені 1 м;
бөшкелердің үстінен төбеге дейінгі қашықтық – 1 м кем емес;
қабырғадан штабелге дейінгі қашықтық – 0,8 м.
266. Ыдыстағы мұнай өнімдерін ашық алаңшаларға орналастыру кезінде мыналар қабылданады:
ыдыс штабелдерінің саны – алтыдан аспайтын;
штабел өлшемдері: ұзындығы 25 м, ені 15 м, биіктігі 5,5 м аспайтын;
штабелдегі ыдыстардың және тұғырықтардың төсемесі – екі қатарға;
алаңшалардағы штабелдердің арасындағы қашықтық – 5 м, ал көрші алаңшалардағы штабелдердің арасы – 15 м.
267. Ыдыстағы мұнай өнімдерін (ашық және қалқа астына) сақтау үшін периметрі бойынша алаңшаларда биіктігі 0,5 м жанбайтын материалдардан жасалған тұйық үйінділеу немесе қоршайтын қабырға қарастырылады. Алаңға өту немесе өтетін жерлерде пандустар қарастырылады.
268. Бос металл бөшкелер (бұрын қолданылған және мұнай өнімдерімен ласталған) белгіленген талаптарға сәйкес биіктігі бойынша төрттен аспайтын бос бөшкелердің штабелдерінің санын қабылдай отырып, ашық алаңдарда сақталады.
269. Тиеу, түсіру, төсеу және тасымалдаумен толтырылған ыдыстарды механикаландыру ұсынылады.
Механика болмаған жерде, бөшкелерді көлік құралдарына аяғында металл жартылай сақиналы ұстағыштармен жабдықталған ағаш төсемелер бойынша сырғанатып және домалатуға рұқсат етіледі.
270. Стеллаждарда және көлік құралдарында орнатылған бөшкелерді домалатудан қашу үшін, әр қатарға соңғы бөшкелер төсемелермен бекітіледі.
271. Бөшкелерді төсемелер бойынша сырғанатып және домалатуды екі жұмысшы жүргізеді. Төсемелердің арасында болуға рұқсат етілмейді.
272. Бөшкелерді тегіс беті бойынша домалату кезінде жұмысшылар бөшкелердің артында болады.
273. Тұтану буының температурасы 28о С және одан төмен мұнай өнімдерімен толтырылған бөшкелерді салу бір қатарға рұқсат етіледі, басқа да мұнай өнімдерімен толтырылған бөшкелерді салу – екі қатардан аспайды.
274. Мұнай өнімдерімен толтырылған бөшкелердің тығындарын жоғары қаратып салады. Металл ыдыстардың тығындарына аралық қабат орнатылады. Тығындар арнайы кілттер арқылы ашылады және жабылады. Тығындарды ашу үшін балғалар мен кескіштерді қолдануға рұқсат етілмейді.
275. Ыдыс қоймаларында мұнай өнімдерін кіші ыдыстарға қайта құюға және ыдыстан ыдысқа, материалмен қаптап сақтауға, бос ыдысқа және басқа заттарға құюға рұқсат етілмейді.
276. Тез жанатын мұнай өнімдерін ыдыс қоймаларында металл ыдыстарда сақтауға рұқсат етіледі.
277. Мұнай өнімдерін жіберу учаскелерінде мұнай өнімдерінің кездейсоқ төгілулерін жою үшін құм мен артық құралдар және ластанған жерлерді тазарту қарастырылады.
278. Ыдыстан ағып кеткенде немесе мұнай өнімдерінің төгілуі болған кезде қойманы пайдалану мұнай өнімдерін толық тазалағанға және МШШ дейін газданушылығын төмендеткенге дейін тоқтатылады. Ақауы бар ыдыс мұнай өнімдерінен тазартылады.
18. Автомобильдерге жанар-жағар май құю станциялары
279. АЖҚС орналасқан жерінде «АЖҚС» жол белгісі (МСТ 10807-81), ал мұнай өнімдерін қолма-қол есеп айырысумен жіберетін АЖҚС үшін «Ақылы тұрақ» кестесімен толықтырылған белгі (МСТ 10807-81) болады.
280. АЖҚС аумағына кіретін жерге:
1) көлік қозғалысының «Жоғары жылдамдығын шектеу» жол белгісі;
2) «Жолаушыларды міндетті отырғызу» жазылған белгі (МСТ 12.4.026-76);
3) «15 м мотокөлігі аялдамасы» көрсеткіштерін орнату арқылы бағаннан 15 м қозғалтқыштарын өшіру туралы мотокөлік жүргізушілеріне ескерту»;
4) мұнай өнімдерін жіберу ассортиментін, қызмет көрсету көліктерінің түрлерін көрсетумен ақпарат кестесі орнатылады.
АЖҚС аумағы бойынша көліктің өтуі үшін тыйым салынған жерлерде және ЖАЖҚС жұмыс алаңдарында тыйым салу белгілері мен жазбалар орнатылады.
Жанар-жағар май құятын алаңның кіре берісінде «Қозғалыс тек алға қарай» деген белгі тұрады.
281. АЖҚС өрт айдынының, су бөгетті құдықтардың немесе өрт гидранттарының орналасуы туралы белгілер, қалқалары бар АЖҚС үшін габариттік белгілер орнатылады. Көрінетін жерлерге автокөлікке жанар-жағар май құю кезінде жүргізушінің міндеті жазылған плакаттар ілінеді.
282. Келте флотты тұрақ орындарында АЖҚС орналасуы мен жұмыс режимі немесе жанар-жағар май құю пункті туралы толық ақпаратпен қалқан орнатылады.
283. АЖҚС ғимараттары мен құрылыстары РД 34.21.122-87 және 1972 жылы КСРО Мұнайөнеркәсіпмин бекіткен «Химия, мұнайхимия және мұнай өңдеу өнеркәсібі өндірістерінде статистикалық электрден қорғау ережелеріне» сәйкес жайдың, электр статистикалық, электр магниттік индукцияның, жоғары әлеуетті көшірулердің тікелей соққыларынан қорғалады.
284. АЖҚС аумағында техникалық мақсаттар үшін қазылған траншеялар мен шұңқырларды ескерту белгілерімен қоршайды және белгілейді, ал жұмыс аяқталғанда – көміп тастайды.
285. АЖҚС резервуарларының қосылған төгу құрылғылары және автоцистерналардың құбыршектері ұштықтары соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады немесе осындай материалдардан жабындылары болады.
286. Май бензинге төзімді, ток өтетін төгу құбыршектері.
287. Ток өтпейтін құбыршектердің статистикалық электрді бұру үшін қондырғысы болады.
288. Апатты жағдайларда мұнай өнімдерін төгер алдында АЖҚС аумағында еркін өтуді қамтамасыз етумен автокөлік қозғалыстарының жүрісі бойынша автопоезд орнатылады.
289. АЖҚС резервуарларына мұнай өнімдерін төгу саңылаусызданған.
Ағыстардың құламалы төгілістеріне рұқсат етілмейді. Мұнай өнімдерін өлшемді қақпақ арқылы қабылдауға, төгуге рұқсат етілмейді.
290. Қақпақтардың жапқыштары мен резервуарлардың құдықтары қалыпты, соққысыз, ұшқын шығарудан қашу мақсатында ашылып, жабылады.
291. Автомобиль цистерналарының, резервуарлар мен шұңқырлардың қақпақтарын ашатын немесе оларға қабылдау құбыршектерін қосатын қызметкерлер мұнай өнімдерінің буларын жұтудан қашу үшін жел жағында болады.
292. Құю уақытында АЖҚС резервуарларының қақпағынан 3 м жақын қашықтықта автокөліктің қозғалысына рұқсат етілмейді.
293. Автоцистернадағы АЖҚС резервуарына мұнай өнімдерін құюдың барлық процесі құю құрылғысының саңлаусыздығын қадағалайтын және деңгейін өлшеу бойынша құюды бақылайтын автоцистерна жүргізушісі мен АЖҚС операторы болмағанда жүргізіледі.
Мұнай өнімдерінің ағуы табылғанда оператор құюды тоқтатады.
294. Автоцистерналар статикалық электрді бұру үшін оларды тасу, құю және қозғалысы кезінде құрылғылары болады.
295. Автоцистернаға «Автоцистернаға отынды тасу және құю кезінде жерлендіру қажет» деген жазуы бар кесте бекітіледі.
296. Автоцистерна мұнай өнімдерін құю кезінде АЖҚС алаңындағы жерлендірілген құрылғыға оның корпусымен біріктірілген иілімді жерлендіргіш өткізгіш арқылы жалғастырылады.
Жерлендіргіш қысқыштар МЕМСТ 21130 сәйкес келеді. Жерлендіру үшін бекіту тетіктерінің рөлін атқаратын бұрандамаларды, бұрамаларды, өзектерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
Жерлендіргіш өткізгіштерді алдымен цистернаның корпусына, ал сонан соң – жерлендіргіш құрылғыға жалғастырады. Жерлендіргіш өткізгіштерді автоцистерналардың сырланған, ластанған металл бөліктеріне жалғастыруға рұқсат етілмейді. Автопоездың әр цистернасы олардан мұнай өнімдерін толық құйғанға дейін жеке жерленеді.
Резервуардың құю құрылғыларынан шлангілерді ажыратқаннан кейін жерлендіргіш, алдымен – жерлендіргіш құрылғыдан, ал сонан соң –цистернаның корпусынан алынады.
297. Бағаналардың 3 м айналасындағы аймақта орналасқан бағаналарды электрмен жабдықтау, жарылыстан қорғалған орындауға ие.
298. АЖҚС автокөліктерге жанар-жағар май құю кезінде мынадай талаптар сақталады:
мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер отын-қоспа тарататын бағаналарға және олардан қолмен бұқтырмаланған қозғалтқышпен орын ауыстырады, бағанадан кем дегенде 15 м қашықтықта қосу мен тоқтатуды жүргізеді;
автокөліктерге жанар-жағар май құю кезіндегі барлық операциялар жүргізуші және бұқтырмаланған қозғалтқыш болған кезде жүргізіледі. Қозғалтқышпен жұмыс істейтін автомобиль көліктеріне жанар-жағар май құю бұқтырмаланған қозғалтқышты іске қосу қиын болғанда төмен температура жағдайларында рұқсат етіледі;
автоцистерналардың мұнай өнімдері төгілген жерлерін жүргізушілер қозғалтқышты қосқанға дейін құрғақтай сүртіп алады. Төгілген мұнай өнімдеріне құм себіледі, ал оларды сіңірген құмды автомай құю станциясының аумағынан арнайы бөлінген жерлерге алып кетеді;
автокөлікке жанғыш жанар-жағар май құйғаннан кейін жүргізуші бағанаға тарату кранын орнатады;
жайластырудың алдында тұрған автомобильдердің арасындағы қашықтық және одан кейінгілер кем дегенде 3 м, ал кейінгі автомобильдер арасындағы қашықтық – кем дегенде 1 м;
АЖҚС автокөліктер жинақталған кезде АЖҚС шығу үшін бос және орағытуға мүмкіндік болады.
299. Металл канистрлерде немесе ЖАЖҚС көмегімен АЖҚС алынған осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген мұнай өнімдерін жанғыш немесе жарылысқа қауіпті жүктер тиелген автомашиналарға құю АЖҚС аумағынан кем дегенде 25 м қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған алаңда жүргізіледі.
300. АЖҚС үй-жайларында зауытта шығарылмаған электр тартылымдарды, электр плиткаларды, рефлекторларды және басқа да ашық қыздырғыш элементтермен электр аспаптарын, электр қыздырғыш аспаптарды уақытша пайдалануға рұқсат етілмейді.
301. АЖҚС электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету «Тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану Талабына» және «Тұтынушылардың электр құрылғыларын пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік Талабына» сәйкес жүргізіледі (КСРО 21.12.84 энергетика және электрлендіру министрлігінің Бас энергетикалық қадағалау бастығы бекіткен).
302. Техникалық қызмет көрсету және АЖҚС ғимараттарын, техникалық құрылғыларын жөндеу ұйымдардың техникалық басшылары бекіткен кесте бойынша мерзімінде және көлемдерінде жүргізіледі.
303. Техникалық қызмет көрсету, жөндеу, салыстырып тексеру техникалық құрылғылардың паспорттарында тіркеледі.
304. Отын, май және қоспа таратқыш бағаналарды жөндеу және реттеу кезінде мемлекеттік сенім жүктелген адамның пломбыны ашуға пломбыны алу кезінде жабдықтарды жөндеудің есеп журналындағы жиынтық есептеуіштің көрсеткіштерін міндетті тіркеумен ұйым бойынша тағайындалған бұйрығымен тұлғаларға бақылауға рұқсат етіледі. Жөндеуден және реттеуден кейін бағаналар МСТ 8.220-76 сәйкес тексеріледі және тексерудің оң нәтижелері кезінде осы бағана техникалық сипаттамасы көрсетілген схема бойынша пломбыланады. Бағаналарды ауыстыру және жөндеу кезінде отынның жоғалуы мүмкін. Жөндеу алдында отын жинауды қамтамасыз ететін іс-шаралар орындалады. Тораптарды ауыстыруға және бағаналарды реттеуге байланысты жөндеулер кезінде, өлшегішке құйылған өнім акті жасаумен резервуарға құйылады, бұл ретте «құйылмаған» өлшегіштер атаулы сыйымдылығы бойынша есептелінеді. Жиынтық есептеуіш көрсеткіштері жөндеуге дейін және жөндеуден кейін бағананың паспортына тіркеледі.
305. Жөндеуден және пломбылаудан кейін бір күн ішінде мемлекеттік тексерушіні тексеру үшін шақыру қажет. Мемстандарттың аумақтық органдары бағаналарға жөндеу және пломбылау жүргізу туралы ақпаратты алу кезінде үш күн (Мемстандарттың аумақтық органдары тұрған қалаға орналасу кезінде) және алты күн ішінде (аудандарға орналасу кезінде) оларды тексеруді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тексеруші пломбыны ашу және жөндеу жүргізу немесе есеп құрылғыларын ауыстыру кезінде бағаналарды пайдалануға оларды мемлекеттік тексеруші өткізгенге дейін рұқсат етілмейді.
306. Бағаналарды қосымша пломбылау және олардың жинақталған бірліктерін ведомстволық пломбалармен жүргізуге рұқсат етіледі. Бағаналардың техникалық ақаулары жағдайларында оларға «Бағана жөндеуде» деген жазуы бар бекітілген үлгімен кесте ілінеді. Бағаналар корпусын айнала шлангілерді орап тастауға рұқсат етілмейді.
307. Әр бағанада оның реттік нөмірі және жіберілетін мұнай өнімдерінің маркасы енгізіледі.
308. АЖҚС аумағында мыналарға рұқсат етілмейді:
мұнай өнімдерін қабылдау немесе іске қосуға байланысты емес жұмыстарды ұйымдастыруды басшылықтың келісімінсіз өткізуге;
темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;
қол жууға, киім жууға және тез жанатын сұйықтармен едендерді сүртуге;
жанар май құюмен немесе мұнай өнімдерін құюмен және қызмет көрсетумен байланысты емес бөгде тұлғалардың болуына.
АЖҚС мыналарға рұқсат етілмейді:
мас күйінде болған жүргізушілердің көлікке бензин құюына;
ұшқын өшіргіштер, шынжыр табан тракторлар болмағанда резина доңғалақты тракторларға бензин құюға;
жолаушылары бар жеңіл машиналардан басқа автомобилдерге бензин құюға.
309. Этилдірленген бензин төгілген киімді шешіп, жууға жіберіледі. Арнайы киімді жуар алдында кем дегенде 2 с ашық ауада желдетіп алынады
310. Әр АЖҚС алғашқы көмек көрсету үшін қажетті медикаменттерді іріктеумен медициналық қорапша болады.
311. Жылжымалы автомобильдерге жанар-жағар май құю станцияларын пайдалану (ЖАЖҚС), контейнерлік автомобильдерге жанар-жағар май құю станциялары (КАЖҚС) және аз габариттік автомобильдерге жанар-жағар май құю станцияларын (АГАЖҚС) техникалық паспорт пен технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
312. ЖАЖҚС әкімшілік органдармен және мемөртқауіпсіздігімен келісілген бөлінген алаңдарға орналастырылады.
313. КАЖҚС және АГАЖҚС отын жинауды олардың үстін апатты құйылымдар кезінде қамтамасыз ететін асфальттенген алаңдарды алып тастаған жағдайларда бетондалған алаңдарда, бетон плиталарына орнатылады.
314. Әр ЖАЖҚС «Жылжымалы АЖҚС» және «Өрт қаупі бар» деген жазуы бар жуылмайтын бояумен енгізіледі.
315. Мұнай өнімдерін іске қосар алдында ЖАЖҚС жүргізуші-бензин құюшы:
автомобилдерді берік тежеуді және тіркемені қамтамасыз ете отырып, ЖАЖҚС алаңға орнату;
ЖАЖҚС берік жерлендіру;
өрт сөндірудің алғашқы құралдарының болуын және дұрыстығын бақылау;
құбырлардың, шлангілердің, отын-тарату агрегаттарының саңлаусыздығын тексеріп қарау;
электр қоректенуді электр желілерінің сыртына қосу немесе бензин электр агрегаттарын жұмыс жағдайына алып келу.
Әр ЖАЖҚС мыналардан жинақталады:
Бензин майға төзімді жабдықтардан және құралдардан;
запас бөлшектердің жиынтығынан;
сыйымдылығы 10 л үлгілік өлшеуіштен, екі және одан да көп өрт сөндіргіштерден;
кошмадан (асбестті матадан);
жеке медициналық аптечкамен;
аққан мұнай өнімдерін жинауға және жоюға арналған құралдардан.
316. Операторлық КАЖҚС тұрмыстық үй-жайларды қарастырады.
Операторлық КАЖҚС бағаналарды дистанциялық басқарумен, байланыс құралдарымен, өрт сөндірумен, дыбыстық күзет дабылдамасымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен жабдықталады.
317. Жеке АЖҚС сияқты жұмыс істейтін бір немесе топтық КАЖҚС жеке бөлінген алаңға орналастыру кезінде қосымша операторлық орнатылады. Ауылдық жерлерге автомай құю блок пунктін (АЖҚБП) жұмысы толық емес жұмыс күні кезінде (екі сағаттан асырмай бірден) операторлықсыз орнатылуы мүмкін.
318. АЖҚБП жұмысын бастар алдында:
есікті ашу және олар орнықтырғыштарға бекітіледі;
кем дегенде 15 минут сайын үй-жайларды желдету;
өртке қарсы инвентарларды және өрт сөндіргіш құралдарды қолдануға дайындау;
біріктірілген құбырлар мен бағаналардың саңлаусыздығын тексеру;
АЖҚБП іші мен айналасында басқа заттар құрғақ шөп, қағаздар, майлы шүберектер болмағанда блок-пункт корпусы жерлендіргішінің болуына көз жеткізу.
319. Блок-пунктті ашық бақылаусыз қалдыруға немесе бағаналарды басқа тұлғаларға пайдалануға рұқсат етілмейді.
320. Жылжымалы автомобильдерге жанар-жағар май құю станцияларының жұмысы басталар алдында электр станцияларының корпусы және жабдықтары жерлендіріледі.
321. Бағаналарды жөндеу және күту электр қоректену ажыратылған кезде жүргізіледі. Жөндер алдында мұнай өнімдері бағаналардан және тарату шлангілерінен құйылады, сіңіретін желісі бұқтырмаланады.
322. Автомобилдерге жанар-жағар май құю станцияларының алаңдарында автомобильдерге жөндеу жүргізуге рұқсат етілмейді.
323. Жай уақытысында мұнай өнімдерін резервуарларға құюға және АЖҚС аумағында автокөліктерге бензин құюға рұқсат етілмейді.
324. Автомобильдердің немесе тіркеуіштердің ақауы кезінде ЖААЖҚС пайдалануға рұқсат етілмейді.
325. Мұнай базаларынан, құю пункттерінен немесе тұтынушылардың автомобильдерге жанар-жағар май құю станцияларына мұнай өнімдерін тасымалдауға тасымалдау құралы ретінде ЖААЖҚС пайдалануға рұқсат етілмейді.
326. Берліген КААЖҚС жобалары өндірістік қауіпсіздік, мемлекеттік санитарлық және өрт қадағалау саласында өкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.
327. Мерзімді үш жылда 1 рет, әр КААЖҚС техникалық талаптарға сәйкес қуаттау үшін сынауға тартылады. КААЖҚС басқару контейнерінде қабырға блоктарын жалғастыру орындарында МСТ 14791-79 бойынша саңылаусызданған мастикамен толықтырылады. Блоктардың арасында оларды бұрандалармен бекіткеннен кейін тесіктердің болуына рұқсат етілмейді.
328. Технологиялық жабдықтарды бақылаудың қолайлылығы үшін КААЖҚС сақтау контейнерінің және блок - пункттің үстінде жақтаулармен алаңдар және сатылар орнатылады.
329. КААЖҚС сақтау контейнерінде отын тарату бағаналары (бұдан әрі - ОТБ) қолданыстағы нормаларға сәйкес алаңдарды жарақтандыру кезінде 4 м дейінгі қашықтықпен техникалық қызмет көрсету, басқару және есептеу құрылғыларының ақпаратын шолуға қол жеткізуді қамтамасыз етуді ескере отырып орналастырылады.
330. Біріктірілген вентилдер және құбырлар тығыздалмағанда, аққан сұйықтық кезінде мұнай өнімдерін қабылдауға рұқсат етілмейді.
331. Күзетілетін автотұрақтарда, катерлердің және моторлы қайықтықтардың тұрақтарында, гараждарда АЖҚБП орнату кезінде жұмыс режимі жарық күн ішінде белгіленеді.
332. Жеке АЖҚС сияқты жұмыс істейтін бір немесе топтық АЖҚБП жеке бөлінген алаңдарға орнату кезінде қосымша операторлық орнатылады. Ауылдық жерлерге АЖҚБП жұмысы толық емес жұмыс күні кезінде (бірден екі сағаттан асырмай) операторлықсыз орнатылады.
333. Блок-пунктті және сақтау контейнерін ашық бақылаусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.
334. Бензин құю кезегін күткен автомобильдер контейнерлік АЖҚС аумағына кірер жерде болады.
335. Контейнерлік АЖҚС паспортына контейнерлік АЖҚС қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғаның тегі мен лауазымы, телефон нөмірі енгізіледі.
19. Мұнай өнімдерін қабылдау
336. Автоцистерналарда және ұсақ ыдысқа салынған АЖҚС түсетін мұнай өнімдері резервуарда өлшенген тауарлық-көліктік жүкқұжаты және көлемі бойынша қабылданады.
337. Мұнай өнімдерін құюды бастар алдында операторға:
1) резервуардың және оның жабдықтарының туралығына, технологиялық құбырлар мен бітеме арматураларын қайта қосу дұрыстығына, алынған мұнай өнімдерінің резервуардағы оған құятын өнімге сәйкестігіне көз жеткізу;
2) резервуардағы мұнай өнімдерінің деңгейі мен температурасын өлшеу;
3) өрт сөндіргіш құралдарының болуы мен дұрыстығына, автоцистерналарды жерлендірудің дұрыстығына және оның құю құрылғысының дұрыстығына көз жеткізу;
4) мұнай өнімдерінің төгілуін алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
5) автоцистернаның қозғалтқышы ажыратылғанына көз жеткізу (АЖҚС құю кезінде еркін ағу немесе сорғымен);
6) цистернадан оларға мұнай өнімдерін құю аяқталғанға дейін машиналарға резервуардан бензин құю тоқтатылсын;
7) жұқа тақтайшаға дейін толтыру деңгейін тексеру және егер цистерна пломбыланбаса су сезгіш ленталар арқылы цистернадан мұнай өнімдерін құяр алдында су болмағанына көз жеткізу;
8) цистернадан сынаманы алу және ондағы мұнай өнімдерінің температурасын өлшеу.
Пломбыланған автоцистерналарда тауарлық суды тексермейді, ал пломбының сақталуын тексереді.
338. Автоцистернадағы өнімнің температурасын өлшеу нәтижелері тауарлық-көліктік жүкқұжат пен ауысу есебінде аталады. Тауарлық-көліктік жүкқұжатта автоцистернаға қашан құйылған уақыты (сағаты және минуты) көрсетіледі.
339. Мұнай өнімдерінің теміржол цистернасынан АЖҚС қабылданған көлемі мен салмағы цистернадағы мұнай өнімдерінің деңгейін, тығыздығын және температурасын өлшеу, тауарлық суды анықтау арқылы анықталады.
340. Автомобильдерге жанар-жағар май құю станцияларына жеткізілген мұнай өнімдері автомобиль және теміржол цистерналарына толығымен құйылады. Мұнай өнімдерін қабылдаған оператор бұған құйылғаннан кейін цистернаны тексерумен көз жеткізеді.
Мұнай өнімдерін қабылдау процесінде оператор, резервуардың толып кетуін және мұнай өнімдерінің төгілуін болдырмастан резервуардағы өнім деңгейін қадағалайды.
Мұнай өнімдері еркін ағумен немесе қысыммен құю сүзгісі арқылы цистернадан құйылады.
341. Мұнай өнімдерін мынадай жағдайларда қабылдауға рұқсат етілмейді:
1) автомобиль немесе теміржол цистерналары құю құрылғыларының дұрыс еместігі;
2) теміржол цистерналарында пломбының болмауы немесе бұзылуы;
3) тауарлық және тиеу – көлік құжаттарын қате ресімдегенде;
4) мұнай өнімдерінің жеткіліксіздігінде;
5) мұнай өнімдеріндегі су құрамы;
6) мұнай өнімдерінде басқа қоспалардың болуы және мұнай өнімдері сапасының стандартқа сәйкес келмеуіне анық күдік болғанда.
342. Құбыр бойынша қабылданған мұнай өнімдерінің көлемін мұнай базасының тауарлық операторы және АЖҚС операторы мұнай базасы өкілдері болғанда, мұнай өнімдерін айдағанға дейін және одан кейін деңгейін, температурасын, АЖҚС резервуарындағы тауарлық судың деңгейін өлшей отырып анықтайды.
Мұнай өнімдерін айдауды аяқтау бойынша мұнай базасынан АЖҚС дейін құбырлардағы ысырманы мұнай базасының өкілдері пломбылайды.
343. Ұсақ ыдысқа өлшеп оралған мұнай өнімдері мұнай өнімдерінің төгілуін, ыдыстың және этикеткаларының бүлінбеуін болдырмайтын орамада тасымалданады.
344. Ұсақ ыдысқа өлшеп оралған мұнай өнімдерін қабылдау кезінде, оператор түскен орындардың санын және тауарлық-көлік жүкқұжатында көрсетілген деректердің трафареттеріне сәйкес тексереді.
345. Пайдаланылған мұнай өнімдері талдаусыз жеке көлік иелерінен АЖҚС қабылданады. Станцияда қозғалтқыш картерінен тікелей құйылған пайдаланылған майлар моторлы, барлық басқа мұнай өнімдері – аралас қабылданады. Қабылданған пайдаланылған мұнай өнімдерінің есебі журналда жүргізіледі.
346. АЖҚС пайдаланылған мұнай өнімдерін қабылдау кезінде, эстакадамен жиналымдармен жабдықталады және пайдаланылған мұнай өнімдерінің көлемін және салмағын анықтау үшін өлшеу айлабұйымдармен жарақтандырылады.
347. Отынды әсіресе резервуардағы этилирленген бензинді, тауарлық сумен қабылдауға және сақтауға рұқсат етілмейді.
348. Этилирленген бензиннің деңгейін және температурасын өлшеу, осы мақсатқа бөлінген өлшеу құралдарымен жүзеге асады.
20. Мұнай өнімдерін босату
349. Автомобильдерге және басқа да көлік құралдарына бензин құю отын, май және қоспа тарату бағаналары арқылы жүргізіледі.
350. Мұнай өнімдерін босататын оператор:
1) бағаналардың дұрыстығын және қалыпты жұмысын бақылайды;
2) бензин құйған көліктің жүргізушісінен АЖҚС ережелерінің орындалуын және өрт қауіпсіздігін талап етеді;
3) үлгілік өлшемдер арқылы бағаналардың айсайынғы жұмыс қателіктерін анықтайды;
Бағаналардың нақты қателігіне қатысты (пайыздық қатынасында) «+» белгісімен «бағананың қателігі» деген бағандағы ауысымды есепке, егер бағана мұнай өнімдерін жеткізбесе және егер ол жіберсе «-» белгісімен жазылады. Бағаналардың қателігі нақты шамаларда (миллилитрлерде) үлгілік өлшемдер көмейінің шкаласы бойынша анықталады, ал қатысты көлемдерінде (пайыздық қатынасында) мына формула бойынша:
Vк – Vм
Q = -----------------
Vм
Мұндағы: Vк ,Vм – есеп көрсеткіштері – құрылғылар мен өлшегіштерге сәйкес келеді:
1) Бағаналарды орынды тексеруді сыйымдылығы 2 немесе 5 л (май үшін) және 10 немесе 20 л (отын үшін) өлшегішпен жүргізеді;
2) осы бағананың формулярында көрсетілген схема бойынша пломбының болуын және дұрыстығын тексереді;
3) жұмыс орнында тазалықты қолдайды.
351. Отын тарататын бағаналар жұмысының нақтылығын айсайынғы тексеру кезінде үлгілік өлшемдерден автокөлік құралдарының иесінен құюға алдын ала оның келісімін ала отырып, отынды бактарға құюы, бұл ретте өлшегішті толтыру және мөлшерін тексеру бензин құятын автомобиль жүргізушісі болғанда жүзеге асырылады. Бағананың рұқсат етілген белгісіне арттырушы шамасына өлшегіштен құйылмаған бензин, автокөліктің багына құйылмайды. Бағананы ажыратады және реттейді. Өлшегіштен құйылмаған бензиннің себебін және бағананың есептеуіш көрсеткішін көрсету арқылы мұны актімен ресімдей отырып резервуарға құяды.
Мемлекеттің тексеру нәтижелері туралы жазбаны бағана паспортында және жабдықтарды жөндеу есебі журналында жасайды.
352. Бағаналарды қателіктің рұқсат етілген шектерін арттырумен пайдалануға рұқсат етілмейді.
353. Автокөліктерге бензин құю кезінде мұнай өнімдерінің төгілуіне және толып кетуіне рұқсат етілмейді.
354. Бензинді полиэтиленді канистрлерге және шыны ыдыстарға жіберуге рұқсат етілмейді.
21. Тазартушы ғимараттар
355. Мұнай базаларына өндірістік-жаңбыр және тұрмыстық ағын сулар канализациясының желілерін орнату ҚНжЕ 2.04.01-85, ҚНжЕ 2.04.03-85 ҚНжЕ 2.11.03-93. талаптарына сәйкес жүзеге асады.
Тазартушы ғимараттардың СН 1.01.001-94 талаптарына сәйкес анықталған санитарлық-қорғаныс аймағы (әрі қарай - СҚА) бар.
356. Мұнай өнімдері үшін резервуарлардан тазаланған ағын суларды жалпы канализацияның желілеріне жіберуге рұқсат етілмейді.
Мұнай өнімдерін мұнай қойыртпақтарымен сақтау үшін су жырып кеткен резервуарлардағы бұл сулар жинау-бұзу біріктірмелерімен құбырлар бойынша мұнай қойыртпақтары немесе қойыртпақ жинауыштарды құрғату тораптарына бұрып жіберіледі. Құрғату немесе қойыртпақжинауыштар тораптарында тұрып қалған сулар өндірістік-жаңбыр немесе өндірістік канализациясының желілері бойынша тазартушы мұнай базаларының ғимараттарына бұрып жіберіледі.
357. Өндірістік-жаңбыр канализацияларының желілері жанғыш, әдеттегідей, жерасты материалдарынан құрылады.
Өндірістік-жаңбыр канализацияларының магистралдық желілерінің өздігінен ағатын құбырларды бекіну аумағынан, резервуарлық парктер мен теміржол құю-төгу эстакадаларының алаңдарына кем дегенде 200 мм диаметрде жіберуді қабылдайды.
358. Өндірістік канализацияның өздігінен ағатын төсемдері резервуарлық парктің бекіну аумағы ішінен жерасты, жабық. Тексеру құдықтарында тартпа бөліктерімен бірге үшайырлар қолданылады.
Жаңбыр канализациясы үшін алмалы-салмалы плиткалармен және торлармен бекітілген тартпа құрылғыларын орнатуға рұқсат етіледі. Бекіну аумағы ішіне төселген резервуарлардан өндірістік канализацияның желілеріне тауарлық суларды жіберу ағыстардың ажырауымен қаралады.
Резервуар паркінің қоршалған алаңдарында жаңбыр қабылдағыштар немесе (бекіме) парктің ішкі қоршалған шектерінде болатын орындардан білік қоршау әрекетіне әкелетін ілмек құрылғылармен (шартылдақтармен, ысырмалармен) жабдықталады. Ысырмалар қоршау шектеріндегі құрғақ құдықтарға орнатылады.
359. Тетраэтилқорғасыны бар (ТЭҚ) сулар үшін жеке канализацияны мына жағдайларда қарастырмауға рұқсат етіледі:
мұнай базаларының тоған-буландырғышта тазартылған ағын суларға тастау кезінде;
Жалпы шығыстан 2/3 құрайтын және одан да көп өндірістік-жаңбыр суларының тәулігіне 120 м3 дейін қоса алғанда немесе ТЭҚ тоғандарда тазарту немесе озонаторлық қондырғыларда ұзақ тұндыру мен тазартуда ағын сулардың есептік орташа-тәуліктік саны кезінде.
Егер ТЭҚ болуы талап етілген нормаларға дейін ТЭҚ бар сулар үшін жалпы ағудың тазартылуын қиындатса және алып тастаса арнайы канализацияның жеке жүйесі қарастырылады. Мұндай жағдайда бұл суларды мұнай базаларының өндірістік-жаңбыр канализациясының жүйесіне жіберуге ТЭС оларды толық зиынсыз етуден кейін рұқсат етіледі.
360. Құрылыс және жөндеу кезінде мыналарға рұқсат етілмейді:
жалпы канализациялық магистралдарды резервуар парктерінің және мұнай базалары ғимараттарының астына аумақ бойынша орналастыруға;
тұрмыстық канализацияны өндірістікке қосуға.
361. Канализациялық құдықтардың диаметрі кем дегенде 1 м болады және сатылы-асылмалы басқыштармен немесе тұтқалармен жабдықталады.
362. Өндірістік-жаңбыр канализациясының тексеру құдықтарының қақпақтары әрқашан жабық және қалыңдығы кем дегенде 10 см құм қабаты себілген.
Канализациялық құдықтарды желдеткіш жүйелермен жабдықтауға рұқсат етілмейді.
363. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін канализациялық құдықтарға түсу алдында зиянды және жарылысқа қауіпті газдардың шоғырлануы оларда талдау нәтижелері бойынша рұқсат етілгеннен артпайтынына көз жеткізеді.
364. Ашық оты бар қолшамдарды пайдалануға, от жағуға және темекі шегуге рұқсат етілмейді. Аккумуляторлық жарылысқа қауіпті қолшамдар 12 В жоғары емес кернеулікте қолданылады. Оларды қосу және ажырату жарылысқа қауіпсіз аймақтарда жүргізіледі.
365. Өндірістік-жаңбыр канализациясы құдықтарынан 20 м кем және ашық мұнай ұстағыштардан 50 м кем қашықтықта от жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
366. Қолданылатын құрал ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады; кесетін құралдарды пайдаланар алдында консистентті майлармен майлайды.
367. Жұмыс өндірісі орындарында ауыспалы треногтар орнатылады: күндіз – ақ және қызыл түске боялған белгілермен, ал түнде – аккумуляторлық дабылдама қолшамдармен немесе автоматты дабылдамалармен.
368. Жұмыс орындары слесарлық құралдармен, құдықтар мен ысырмаларды ашып және жабу үшін асбестті баумен, тығыздама өрмелермен, төсем жиынтықтармен, ұсақ запас бөлшектермен, ысатын материалдармен, күректермен, сүймендермен және ілгектермен жабдықталады.
369. Жұмыс үй-жайларында жуынатын бөлмелер және ішетін сулармен бактар орнатылады. Жұмыстан босамайтын жұмысшылар үшін ғимараттарды шөгуден тазарту, биосүзгіштерде тиелетін материалдарды жуу, екі сатылы тұндырғыштарда «қабықтарды» жинау бойынша ыстық душ бөлмесі орнатылады.
370. Тазарту ғимараттарының үй-жайлары, жабдығы, аппаратурасы және аумағы қалыпты санитарлық және өртке қарсы жағдайда болады; алаңдар мен сатылар кірден, қардан және мұзданудан тазартылады, қысқы кезеңінде құм себіледі; дұрыс жағдайда өртке қарсы инвентарь құрылады.
371. Сұйық хлор мен хлор әгін қолдануға байланысты барлық жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Хлораторлы құрылғылардың үй-жайлары, хлорлы әкті және хлорлы баллондарды сақтау үшін қоймалар алты және он екі рет (апатты жағдайда) ауа алмастыратын сорғыш желдеткіштермен жабдықталады.
Өндірістік үй-жайлардың ауасындағы хлор құрамы мүмкін-шекті шоғырланудан аспайды.
372. Озонның генераторы орналасқан озонаторлық үй-жайлардың кем дегенде 12 еселік ауа ауыстырумен тұрақты жұмыс істеп тұратын үйлестіру-сіңіру желдеткіші бар.
Үй-жайларда озонның шоғырлануымен 0,1 мг/м3 жоғары жұмысқа рұқсат етілмейді.
Қазандық-озонаторлар үй-жайларына газанализаторы орнатылады.
373. Озонның кемуін жою сүзетін газқағармен жүргізіледі, одан кейін үй-жай 15-20 минут ішінде желдетіледі.
374. Жәбірленген адамды озонмен қатты уланған кезде, оған тыныштық пен жылылықты (қыздырғыш жылытқышымен) қамтамасыз ете отырып таза ауаға шығарылады, ылғалды 75-80 % оттегімен ингаляция пайдалы.
Тыныс алу жолдары тітіркенген жағдайда 2 % сода ерітіндісімен ингаляция жүргізіледі.
Егер жәбірленген адамның жағдайы жақсармаса «Жедел жәрдем» шақырады.
22. Зертханалар
375. Зертханалар бойынша көлемді-жоспарлы және құрылымдық шешімдер ҚНжЕ 2.11.03-93 және ҚНжЕ 2.09.02-85 талаптарына сәйкес қабылданады.
376. Зертханалардың бөлмелеріне кіру және шығу еркін, жеңіл және тез кез келген уақытта ашылады. Коридорларға және кіре берістерге (шыға беріс) қандай да бір затармен (жабдықтар) кіруге рұқсат етілмейді. Жабдықтар арасындағы өтпелердің ені 1 м кем емес.
377. Зертханалардың жұмыс бөлмелері еріксіз үйлестірме-соратын желдеткіштер мен шкафтардан және газшығарудың басқа да ошақтарынан жергілікті суырумен жабдықталады.
378. Өрт-жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу үшін, ал олардың әсеріне берік қышқылдармен, сілтілермен және басқа да химиялық активті заттар – материалдармен жұмыс істеу кезінде белгіленген жұмыс үстелдері және тартылатын шкафтар жанбайтын материалдармен жабылған және биіктігі 1 см төмен емес бортиктері бар.
379. Улы немесе өрт-жарылысқа қауіпті булар мен газдарды бөлетін мүмкіндігіне байланысты барлық жұмыстар тартпа шкафтарында орындалады. Тартпа шкафтарында өрт жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орнын қысқа уақытқа тастап кетуге рұқсат етілмейді.
380. Мұнай өнімдерін талдар алдында өзге де тез қыздыруды талап ететін тез жанатын сұйықтар, көпіруден және шашыратудан қашу үшін алдын ала құрғатылады.
381. Тартпа шкафтарын жұмыс орындаумен байланыссыз ыдыстармен, аспаптармен және зертханалық жабдықтармен жауып тастауға рұқсат етілмейді.
Сынған әйнектерімен немесе ақаулы желдеткіштермен тартпа шкафтарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
382. Зертханада мұнай өнімдері мен реактивтермен жұмыс істеу үшін қажетті заттарды тәуліктік қажеттілігінен асатын мөлшерде сақтауға рұқсат етілмейді. Бұл ретте тартпа шкафтарына оларды сақтаған жағдайда бұл шкафтарға талдау жүргізуге рұқсат етілмейді.
Өрт және жарылыс туғызуы мүмкін заттарды бірге сақтауға, химиялық өзара іс-қимылға рұқсат етілмейді.
383. Жұмыс орындарында зертхананың газ желілерінің желдеткіш пен крандардан басқа үй-жайлардан тыс қол жеткізімді жерде орналасқан жалпы бекітпе шұралары болады.
384. Жұмыс үстелдерінде және тартпа шкафтарында газ және су крандары қызмет көрсету үшін қолайлы және қауіпсіз орналасады.
385. Газ жылыстауы бөлінген кезде газқұбырларының бұзылған біріктірмелері мен қосылыстары немесе крандары арқылы газ желісінің жалпы крандары жабылады, газ жылыстауын жою үшін шаралар қабылданады, үй-жайлар желдетіледі.
Газ желісінің саңылаусыздығын ашық өрт көздерімен тексеруге рұқсат етілмейді. Баллон немесе редуктор вентилдеріндегі тығызсыздықты, оларды сабынның су ерітіндісімен жуа отырып табады.
386. Сұйытылған газдармен пайдалану кезінде баллондар тіке күн көздері әрекеттерінің немесе жарықтандыратын және қыздыратын аспаптардан отын сәулеленуіне қол жеткізімінсіз орындарында болады. Баллондар тік орналасуында қамыттармен бекітіледі. Жанғыш газдарды (пропан, ацетилен) құбырлар бойынша бір баллоннан көптеген үй-жайларға беруге рұқсат етілмейді.
387. Үй-жайларда, үлестірме-сорғыш желдеткіштермен немесе ашық ауада қалқа астында арнайы тіреулерде, желдету үшін сөрелерде немесе металл шкафтарда кесумен немесе жалюзий торларымен жабдықталған жанғыш газдармен баллондарды орнатуға, газдармен баллондарды сақтауға рұқсат етіледі. Баллондарды сақтандырғыш қақпақтарсыз сақтауға рұқсат етілмейді.
388. Мұнай өнімдерінің, тез жанғаш ерітінділердің және реактивтердің сынамаларын сақтау үшін сорғыш желдеткіштермен жабдықталған үй-жайлар бөлінеді.
389. Химиялық заттарымен әр ыдысқа өнім көрсетілген этикетка жапсырылады.
390. Агрессивті сұйықтары бар бөтелкелер құрамы мен оның концентрациясын көрсетумен берік және тығыз тығындалған және биркалармен жабдықталған. Тығынсыз агрессивті сұйықтармен бөтелкелердің орнын ауыстыруға рұқсат етілмейді.
391. Бір жұысшыға қолмен немесе иықтарымен агрессивті сұйықтармен бөтелкелердің орнын ауыстыруға рұқсат етілмейді. Оларды арнайы тасығыштарда немесе екі түбі бар кәрзеңкелерде екеу ара механикаландырылған құралдарды пайдаланумен орнын ауыстырады.
392. Агрессивті сұйықтармен бөтелкелерді өтпелерде және жалпы пайдалану орындарында уақытша тастауға және орнатуға рұқсат етілмейді.
393. Агрессивті сұйықтардың төгілуі және бөліктік төгілуі кезінде шеті иілген арнайы қауіпсіз шұңғыма және ауа өткізетін түтіктер пайдаланылады.
394. Қышқыл төгілген, сілті араластырылған орындарда, оларды қолдану орындарында жергілікті сорғыш желдеткіштер орнатылады, таза шүберектермен және орамалдармен, қол жуу үшін резиналы құбыршектермен су гидранттары және көз жуу үшін бұрқақшалармен қамтамасыз етіледі.
395. Агрессивті сұйықтарды сақтау үшін кішкентай күбішелердің, сыйымдылықтарының, бөтелкелердің тығыз қақпақтары болады. Олардың тұрған жерлеріне жергілікті сорғыш желдеткіштер орнатылады. Жұмыс үстелдерінде оларды тастап кетуге рұқсат етілмейді.
396. Талдаудан кейінгі мұнай өнімдері, пайдаланылған реактивтер және улы заттар арнайы метал ыдыстарға құйылады және жұмыс күні аяқталғаннан кейін зертханадан алынып тасталады. Бұл сұйықтарды раковиналарға және фекаль канализацияларына құюға рұқсат етілмейді.
397. Үй-жайларда әсіресе зиян және улы заттармен жұмыс істеуде желдеткіш жүйе басқа үй-жайлардың желдеткіштеріне байланыссыз жеке орындалады.
398. Егер бензин, эфир және басқа да өртке қауіпті заттар төгілген жағдайда, газ иісі білінген кезде, барлық қыздырғыштарды өшіру және газ бөлу көздерінің білінуіне және бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылданады.
399. Зертханалық ыдыстарды жуу үшін орындар зертхананың бөлмелерінен тұтас жанбайтын қоршаулармен оқшауланады және өзінің шығатын жері болады.
400. Үй-жайларға кіре берісте өрт қауіпсіздігінің «Отпен кіруге болмайды», «Темекі шегуге рұқсат етілмейді» деген белгісі ілінеді.
401. Жуатын бөлмеге жергілікті сорғыш желдеткіш, ыдыс жуатын орын, ерітінді сақтау орны және жалпы үлестірме-сорғыш желдеткіш орнатылады.
402. Қатты қышқылдарымен, ащы және улы өнімдерімен ыдыстарды жууға өткізу оларды толық босатқаннан және нейтралдандырылғаннан кейін рұқсат етіледі.
403. Күкірт қышқылын сумен араластыру кезінде күкірт қышқылын суға құю қажет, керісінше емес. Күкірт қышқылын ақырын-ақырын кішкентай бөліктермен, ерітіндіні үздіксіз қоса отырып араластырады.
404. Каустикалық сода ерітіндісінің кішкене бөлігін дайындау үшін суық суға құяды және одан кейін каустикалық сода бөліктерінің кішкене мөлшерін толық ерітілгенге дейін сумен үздіксіз араластыра отырып оған қосады.
405. Жұқа оқшаулайтын материалдың төсемімен ұяшық қойылған тығындалған сынбайтын ыдыста немесе шыны ыдыста каустикалық сода ерітіндісін қолмен ауыстыруға рұқсат етіледі.
406. Хлор әгін ауыстыру, қосу және өлшеу мен әк ерітіндісін дайындау кезінде жұмысшы халат киеді, респиратормен, сақтандырғыш көзілдірікпен, газқағар және қолғаппен қамтамасыз етіледі.
407. Барлық улы заттар есепте тұрады. Зертхана меңгерушісінің рұқсатынсыз оларды қолға бермейді.
408. Жұмысшының денесіне ащы заттар тигенде зақымданған жерін қатты су ағыстарымен тазалайды.
409. Агрессивті заттармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда тамақ ішуге рұқсат етілмейді. Тамақты арнай бөлінген жерлерде ішеді. Тамақ ішер алдында қолды жуып және арнайы киімді шешеді.
410. Зертханалық ыдысты жеке өзіне пайдалануға рұқсат етілмейді.
411. Төгілген қышқылға ұсақ құм себіледі. Қышқылды сіңірген құмды күрекпен алып тастайды, ал қышқыл төгілген орынға сода немесе әк себеді, одан кейін жуылады және құрғақ сүртіледі.
412. Ащы заттармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс бастар алдында ағыс суларының вентилдері ашылады немесе запас сулар құралады.
413. Қысым немесе бос кеңістік түзілуі мүмкін шыны ыдыстар, қаптамдармен қорғалады.
414. Шыны түтіктер мен таяқшалардың сынуы кезінде, оларға резиналы түтіктерді кигізу кезінде орамалдар қолданылады, бұл ретте түтіктер мен таяқшалардың соңы ерітіледі.
415. Шыны түтіктерге тығындарды бекіту кезінде түтік тығынға орнатылған соңына таман жақын тұрады. Түтіктердің тығын арқылы өтуін жеңілдету үшін тығындағы саңылау су немесе глицеринмен шайылады.
416. Зертханалық үй-жайларда темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, едендерді бензинмен (керосинмен) жууға, жылу құрылғыларында арнайы киімді, шүберектерді кептіруге, тез жанатын мұнай өнімдерімен бу жылыту құбырларында жұмыс істеуге, төгілген мұнай өнімдерін жинамай тастауға, жанғыш сұйықтарды раковина мен жуғышқа құюға рұқсат етілмейді.
417. Зертхана үй-жайларындағы жұмыс үстелдері, шкафтар мен терезелерге ыдыстарды мұнай өнімдерімен қоршап тастауға рұқсат етілмейді.
418. Майлы шүберектер, үгінділер және басқа да осындай материалдар жұмыс соңында зертхана шектерінен тыс жерге әкетілетін бөлінген орындарға апарып тасталатын жабық темір жәшіктерде сақталады.
419. Отқа байланысты жүргізілетін жұмыстар кезінде зертханада кемінде екі адам ғана болады.
420. Отты пайдаланумен орындалатын жұмыс үстелдері қаңылтырмен тігіледі, кафелдермен қапталады немесе линолеумдармен жабылады; қыздыратын аспаптың астына қалың асбест парағын төсейді. Алауға тез жанатын сұйықтарды тікелей қыздыруға рұқсат етілмейді. Бұл үшін су моншалары пайдаланылады.
421. Өртке қауіпті тез жанатын заттарды ашық от қолданылатын үй-жайларға құюға, жанғыш материалдарды қыздырғыштар мен өзге де қыздырғыш аспаптарының жанында сақтауға рұқсат етілмейді.
422. Этилирленген бензинмен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларға, ыстық суымен қол жуғыш және керосинімен бак орнатылады.
423. Этилирленген өнімдерді талдауды орындайтын жұмысшылардың арнайы киімдері газдандырылады және айына кемінде екі рет жуылады. Газсыздандыру камералары болмаған кезде арнайы киімдерді керосинде кем дегенде екі сағат ұстайды, ал одан кейін сығып, қайнатып, сонан – соң судың көп бөлігімен шайып және соңынан жалпы жууға өткізеді.
424. Зертханалық жұмыстар кезінде қол жуу үшін шілтер мен ерітінділерді жанғыш ретінде этилирленген бензинді зертханалық ыдыстарға қолдануға рұқсат етілмейді.
425. Кездейсоқ төгілген этилирленген бензинді және лас беттерін (еден, жабдық) зиянсыз ету осы Талаптарға сәйкес жүргізіледі.
426. Аспаптар қаңылтыр табада және жауапты тұлғаның қадағалауымен сынаппен толтырылады. Сынаппен халаттар және бас киімдер киіп жұмыс істейді. Сынаппен жұмыс істеу аяқталғаннан кейін және тамақ ішер алдында бетті және қолды сабынмен мұқият жуады. Сынаппен жұмыс жүргізілген үй-жайларда тамақты сақтауға және қабылдауға рұқсат етілмейді.
427. Сынған термометрлерден, манометрлер мен басқа да аспаптардан сынап төгілген үй-жайлар ластанған жағдайда сынаптың тамшыларын мұқият жинап алады. Ұсақ тамшылар жібітілген сүзгіленген немесе газет қағазбен, мыстан немесе ақ жезден жасалған амальгамдау қылқаламмен және пластинкалармен жинауға рұқсат етіледі. Қағазға (қылқаламға) түскен сынаптың тамшыларын суы бар ыдысқа сілкілейді. Сынаптарды түрлі саңылаулар мен қуыстардан толық алып тастауға химиялық жол – меркурилендірумен ғана қол жеткізеді. Меркурилендіру 20 % хлорлы темірдің су ерітіндісімен бір тәулікке суланған бетін қалдыра отырып немесе бетін 10 с төрт хлорлы көміртегінде 5 % дихлорамин ерітіндісімен жуу жүргізіледі, одан кейін оларды 5 % полисульфид натрий ерітіндісімен қосымша жуады.
Бетін тазартылғаннан кейін бірнеше рет сабын сумен, ал одан кейін таза сумен жуылады. Хлорлы темір ерітіндісі меркурилендіру ретінде сырланған бетін өңдеу үшін ұсынылады.
428. Төгілген сынапты тазалау үшін пайдаланылған щеткалар, шелектер, шүберектер зертханада тазаланады немесе шығарылады.
429. Зертханалық үй-жайларда өрт сөндірудің алғашқы құралдары – құм (құрғақ және таза), құмға арналған қалақ, текеметтер немесе көрпелер, асбесті маталар мен өрт сөндіргіштер болады. Өртенген мұнай өнімдерін сумен сөндіруге рұқсат етілмейді.
Өрт сөндіру құралдары үй-жайлардан шыға берісте орналастырылады.
430. Өрт болған жағдайда тартылатын шкафтағы желдеткіш ажыратылады, электрлік қыздыру аспабын немесе шілтерге газ беруді тоқтатады және жану көздерін сөндіруге шаралар қабылданады. Өрт алудың барлық жағдайларында өрт сөндіру күзеті шақырылады.
431. Зертханалық үй-жайларда бөтен тұлғалардың болуына рұқсат етілмейді.
23. Пайдаланылған майларды регенерациялау бойынша құрылғылар
432. Регенерациялау құрылғыларын желдету кезіндегі ауа алмастырудың еселігі сағатына 12 ауа алмастыруды құрайды.
433. Регенерациялау құрылғылары үй-жайлары ауасындағы май буларының құрамы 5,0 мг/м3 аспайды.
434. Ажыратылған текшелері мен бу қазандықтарын пайдалануға жіберер алдында құрылғылар гидравликалық сынаулармен тартылады.
435. Регенерациялау құрылғыларының сүзгі-прессалары фундаменттердегі металл рамкаларға орнатылады.
Сүзгі-прессалардың астына төгілген майды жинау үшін металл тұғырықтар орнатылады.
436. Трубалы пештердің және кубтік қондырғылардың түтін трубалары күйенің жиналуынан қашу мақсатында кемінде тәулігіне бір рет су буымен үрленеді.
437. Шығу бактарында құрылғылардың айырылған бөлімдерінің тәуліктік қажеттіктен аспайтын отынының болуына рұқсат етіледі.
Бактар үй-жайлардан тыс болады.
438. Пайдаланылған мұнай өнімдерін қыздыру температурасы жарқ ету буының кіші температурасымен олардың құрамына кіретін компонентінің жарқ ету буының температурасынан 15о С төмен.
Оларды қыздыру кезінде майларды құюға рұқсат етілмейді.
Электр пештерді пайдалану МСТ 12.2.007.9 сәйкес жүргізіледі.
439. Құрылғының жұмысы уақытысында керосин жинақтарын қайта толтыруға рұқсат етілмейді; сменаның аяғында толтыру шаралары бойынша оларды мұнай өнімдерінен босатады.
440. Бу қазандықтарында және аралық кубтарда сақтандырғыш қақпақтар мен манометрлер орнатылады.
Құрылғыны регенерациялау жұмысы кезінде персонал бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін тұрақты қадағалайды.
441. Регенерациялау құрылғыларының жабдықтарын жөндер алдында мұнай өнімдерінен тазартылады, қышқылдар, сілтілер нейтралдандырылады.
Тазартылған бөліністерді металл ыдыстарға салады және үй-жайлардан алып кетеді.
Регенерациялау цехының үй-жайларында сүзгі-прессадан алынған майланған сүзгі картон, қағаз және басқа да материалдар, майланған арнайы киімдерді сақтауға рұқсат етілмейді.
442. Майды регенерациялау қондырғыларында персонал нормаларға сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ-киіммен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
443. Жөндеу жұмыстары кезінде пеш камерасында жұмысшылар қорғаныш каскаларын МСТ 12.4.087 және МСТ 12.4.089 бойынша сақтандырғыш белдіктерін қолданады.
24. Электр қондырғылары
444. Мұнай базалары мен АЖҚС электрқондырғылары, электр жабдықтары мен электр жарақтары ЭҚЕ талаптарына сәйкес келеді, ал оларды пайдалану электр қондырғыларды тұтынушылардың пайдалануы кезінде ТПЕ және ҚТЕ сәйкес жүзеге асырылады.
445. Жарылысқа қауіпті аймақтарда жарылысқа қауіпі бойынша маркировкалары жоқ электр жабдықтарды орнатуға рұқсат етілмейді.
446. Барлық электр қондырғылар, метал конструкциялар жерлендіруге жатады.
447. Жерлендіру ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 және МСТ 12.1.030 сәйкес орындалады.
448. Барлық құрылымдық металл элементтер өзара қосылады, үздіксіз электр тізбектерін түзе отырып, темір бетонды элементтер (закладты өнімдер) жерлендіруші өткізгіштерді оларға пісіре отырып біріктіру үшін металл шығарылымдары болады.
449. Электр техникалық бұйымдар МСТ 12.1.019, өндірістік жабдықтар – МСТ 12.2.003 сәйкес келеді.
Сақтандыру кестелері мен дабылдамаларды орындау кезінде пайдаланылған белгілер МСТ 12.4.026 сәйкес келеді және шолу үшін қолайлы орындарда бұйымдарға орнатылады.
450. Тоттанудан қорғану үшін жанғыш сұйықтары, құбырлары бар, оқшаулағышпен жабылған технологиялық құбырларды жерлендіргіштер және жерлендіргіш сымдар ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
451. Жарық техникалық жабдықтар МСТ 12.2.007.13 және МСТ 12.2.007.0 сәйкес келеді.
452. Ішкі және сыртқы (оның ішінде күзет) жарығы қарастырылады.
Күзет жарығы сыртқы жарық сымдарынан жеке қаралады.
Резервуар парктерін жарақтандыру үшін бекінген резервуарлардан тыс тікелей орналасқан діңгектерде орнатылған прожекторлар қолданылады.
Мұнай базаларындағы үй-жайлардың өнімді сорғы алаңдары 250 м2 астам, операторлар мен диспетчерлерге арналған үй-жайларға апаттық жарақтандырулар қарастырылады.
453. Жарылысқа қауіпті үй-жайлар мен сыртқы құрылғыларды жөндеу және тексеру үшін жергілікті жарақтандыру кезінде жарылыстан қорғалған орындаушылықта кернеулігі 12 В аспайтын шамдар қолданылады.
454. Конструкцияларда қарастырылған жарылыстан қорғау белгілерін, пломбылар және жеке тетіктері жоқ жарылыстан қорғалған шамдарды жарылысқа қауіпті үй-жайларда пайдалануға рұқсат етілмейді.
455. Жарылыстан қорғалған қол шамдар белгіленген тұлғаларда сақталады; Жұмыс орындалған уақытқа бұзылған күйінде беріледі.
Жұмыс аяқталғаннан кейін шам тазартылады және тиісті ресімдеумен қайтарылады.
456. Электрлік қол машиналары мен электр құралдарын пайдалану жарылысқа қауіпті аймақтардың шектерінен тыс МСТ 12.2.007.1 және МСТ 12.2.013.0. сәйкес жүзеге асырылады.
25. Жайдан қорғау
457. Мұнай базаларының, АЖҚС құрылыстары жайдың тікелей соққыларынан, оның қайталануынан «Жайдан қорғану және құрылыстар салу бойынша нұсқаулықтар» талаптарына сәйкес 34.21.122-87 ЖҚ қорғалады.
458. Болат резервуарларды жеке тұрған жайтартқыштан қорғау кезінде жалпы контурға рұқсат етіледі.
Резервуарларды жерлендіруге біріктіру резервуардың негізінен периметрі бойынша 50 м сайын жүзеге асырылады, бұл ретте біріктіру кезіндегі саны кем дегенде екі болады.
459. Электрмагниттік индукциядан қорғану үшін әр 25-30 м сайын металл корпусқа бір-бірінен 10 м аспайтын қашықтықта резервуарға жүргізілген құбырлар, кабелдер арасына металл бөгеттер және басқа да металл конструкциялар орнатылады.
Біріктіру орындарында бөгеттерді орнатуға (түйістер, бұтақтар) металл құбырөткізгіштер немесе өзге де созылыңқы конструкциялар талап етілмейді.
460. Коммуникацияларды енгізу кезінде құрылыстарға жоғары әлеуетті көшіруден қорғау үшін жерлендіріледі.
461. Резервуарларға жоғары әлеуеттердің өтуінен қорғану үшін тіреулерде орналасқан сыртқы құбырлар:
10 Ом аспайтын жерлендіргіштің тіреудегі импульстік кедергі жақын резервуарға резервуардың шыға берісінде жерлендіріледі.
Әр 250 - 300 м сайын бу жарығының температурасымен 61 о С және одан да төмен мұнай өнімдері үшін құбырлар 50 Ом аспайтын қайталама жерлендіргіш импульстік кедергімен эстакада трассаларынан алыста қосылады.
462. Резервуардың жанатын қақпағы мен электр статикалық индукциядан қорғану үшін понтондар кемінде екі орыннан резервуар корпусымен иілме түйістермен қосылады. Түйістердің қиылыстары 6 мм2 кем емес.
463. Жайқабылдағыштардың токқабылдағыштармен бірікпелері, жерлендіргіштердің өзара және токқабылдағыштармен бірге пісіруімен орындалады.
Жерлендіргіш желілерінің түйіспелі бетінен басқа жердегі бөлігі қара түске боялады.
464. Жай кезінде жайтартқышқа 4 м жақындауға рұқсат етілмейді, сақтандырғыш жазбалары құрылыстардың жанына немесе жеке тұрған жайтартқышқа ілінеді.
465. Жайтартқыш құрылғыларын пайдалану кезінде олардың жағдайын қадағалау жүзеге асырылады, жоспарлы-сақтандырғыш жөндеу кестесіне ағымдағы қызмет көрсету (ревизиялау), осы құрылғыларды ағымдағы және күрделі жөндеу қосылады.
466. Жыл сайын жай мезгілі болар алдында ток жетекті элементтерінің қосылу орындарында жерүсті жайдан қорғау элементтерінің жағдайы тексеріледі (жайқабылдағыштар, токқабылдағыштар).
Жай мезгілінде жайқабылдағыштарды токқабылдағыштармен және жерлендіргіштерге жалғаусыз рұқсат етілмейді.
467. Әр жайдан немесе қатты желден кейін жайдан қорғанудың барлық құрылғылары тексеріледі және бүлінулер жойылады.
468. Техникалық қызмет көрсету кезінде ток жетекті элементтердің қосылыстарына көңіл бөлінеді және олардың қиылыстары кемігенде оларды толығымен 30 % аса, немесе жеке ақау орындарын ауыстырады.
469. Жерлендіргіш құрылғыларды тексеру, ток ағыстарының кедергісін өлшеуді қоса алғанда, кемінде жылына бір рет – жазда, топырақ құрғақ кезде жүргізіледі.
Егер жерлендіргіштер кедергінің нормативтік мәнін 20 % асырса, қосымша электродтар орнатылады немесе жерлендіргіш құрылғылар жөнделеді.
470. Жерлендіргіш құрылғылар ЭҚЕ және ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 сәйкес орындалады.
26. Статикалық электрлік
471. Статикалық электрліктен құрылыстар мен объектілерді қорғау «Химиялық, мұнайхимиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібі өндірістерін статикалық электрліктен қорғау ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
472. Жерлендіргіш құрылғылардың кедергісі статикалық электрліктен қорғау үшін 100 Ом аспайды.
473. Резервуарлар жабдықтарының барлық бөліктері статикалық электрліктен қорғаудың өзге шаралары қолданылатынына қарамастан жерлендіріледі.
474. Резервуарлар сыйымдылығы 50 м3 аса (диаметрі 2,5 м дейін тік резервуарларды қоспағанда) диаметральды қарама-қарсы орналасқан нүктелерде жерлендіргіштерге кемінде екі сымның көмегімен қосылады.
475. Металл жабдыққа жерлендірілген лакбояу жабыны, резервуарлардың ішкі және сыртқы қабырғалары, егер жабындының сыртқы бетінің кедергісі жерлендіргіш жабдықтарға қатысында 10 Ом арттырылмаса, электр статикалық жерлендіргіштер болып есептеледі.
476. Резервуардың толтыру және босату өнімділігі тыныстау, сақтандыру қақпақтар мен желдету құрылғыларының резервуарларында орнатылған жиынтық жіберу қабілеттігінен аспайды.
Резервуарды толықтыру сұйықты бүркусіз және қатты араластырумен жүргізіледі.
477. Электрлендіруден қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерінің ең жоғарғы жылдамдығы, мұнай өнімдерінің түріне, материалына және құбырдың диаметріне, резервуардың көлеміне және өзге де көрсеткіштерге қарамастан тік және көлденең резервуарларға, автомобиль және теміржол цистерналарына құю кезінде мұнай өнімдерінің қауіпті электрлігін алдын алуды ескере отырып айқындалады.
478. Статикалық электрліктен қорғау үшін тез жанатын және жанғыш сұйықтарды тасымалдау, сақтау және іске қосу үшін тағайындалған металл жабдықтар, резервуарлар, мұнай өнімдері құбырлары, құю-төгу құрылғылары жерлендіріледі. Жерлендіру жүйесі барлық үздіксіз ұзақтығына электрлік тізбекті құрай отырып элементтердің реттік қосылыстарын ұсынады.
479. Мұнай өнімдерінің бетінде ұшқын разрядтарының болуынан қашу мақсатында жерлендірілген қалқитын техникалық құрылғыларға рұқсат етілмейді.
Қалтқылы немесе қалтқылы деңгей өлшеуіштерде қолданылатын қалтқылар және қалтқылар электр жүргізуші материалдардан дайындалады және жерлендіріледі.
Металл немесе синтетикалық материалдардан дайындалған резервуарларды понтондармен пайдалану кезінде понтондардың электр жүргізуші элементтері жерлендіріледі.
480. Статикалық электрліктен зарядтарды бұру үшін понтонның пенополиуретаннан жасалған төменгі беті және оның бекітпесі электр сымды латекспен немесе өзге де ұқсас жабындылармен жабылады.
Кедергіні өлшеу полимерлеуден және латекс тұйықталғаннан кейін (тәулік бойы) резервуар қабырғасына қатысы бойынша понтонның кез келген нүктесінде жүргізіледі.
Кедергі көлемін 10 6 Ом аспайды.
481. Тез жанатын және жанғыш мұнай өнімдерінің құю-төгу операциялары кезінде құю кемелерінің цистерналары ұшқынқауіпсіз түйіспелі құрылғымен жерлендіргіштің автоматты бақылау құрылғысы арқылы жерлендіргішке немесе тікелей жерлендіргіштерге жалғанады.
Жерлендіргіш құрылғы ретінде иілме (көпжелілі) 6 мм2 аспайтын мыс қима қолданылады.
Жерлендірілетін құрылғылардың ұштықтары соққы кезінде ұшқындамайтын металдан жасалады.
482. Құю операциялары кезінде жерлендіруді қосуға және ажыратуға рұқсат етілмейді.
483. Құю шебінің шегіндегі теміржол желісінің рельстері әрбір 200-300 м кейін өтетін құбырларға электрмен жалғанған екі ұшында берік жерлендіруі болады. Құю шебі электрленген теміржол рельстерінен оқшауланған.
484. Қорғаныстық құрылғыларды тексеру мен ағымдағы жөндеу технологиялық жабдықтарды, электр жабдықтары мен электр тартылымын тексерумен және ағымдағы жөндеумен бір мезгілде жүргізіледі.
485. Технологиялық жабдықтардың түйіспелік жалғауларын жөндеу және оған жерлендіру желілерін жалғау жұмыс сызбаларына сәйкес орындалады.
Түйіспелік жалғаулар мен олардың тармақтарының орналасқан жері тексеру үшін қолайлы.
486. Технологиялық жабдықтардың түйіспелік жалғауларындағы ауыспалы электр кедергісі бір түйіспеде 0,03 Ом көп емес.
Түйіспелік жалғаулардың ауыспалы кедергісі жарылыстан қорғалған аспаптармен өлшенеді.
487. Жайдан қорғайтын құрылғыларға тексеріс жүргізуші қызметкерлер табылған бұзылған жерін немесе ақауын көрсетіп қарау мен тексерістің актісін жасайды.
Жайдан қорғайтын құрылғыларды тексерудің, жерлендіруші құрылғыларды тексеру сынағының, орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижелері актіде көрсетіледі.
27. Металқұралымдарды тоттанудан қорғау
488. Жерасты құрылыстарының сыртқы беттерін тоттануға қарсы қорғауды катод станцияларымен немесе қорғаныштармен жабу арқылы МСТ 9.602-89 және МСТ 25812-83 сәйкес жүзеге асырады.
489. Жерасты және жерүсті резервуарларын тоттанудан қорғау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде ҚНжЕ 2.03.11-85 және МСТ 1510-84 басшылыққа алынады.
490. Стационарлық, жылжымалы және контейнерлік АЖҚС резервуарларының ішкі беттерін тоттанудан қорғауды жанармайға төзімді ХС-717 и ХС-5132 жабындарының немесе мырыш (қалыңдығы 0,1 мм) және алюминий (қалыңдығы 0,2 мм) металдандырылған жабындардың көмегімен жүзеге асыру ұсынылады.
491. Жабу алдында үстіңгі қабатты дайындау жұмыстарын МСТ 9.402-80 сәйкес орындайды.
492. Металдандыру алдында үстіңгі қабатты дайындау құм ағынды немесе бытыра ағынды қондырғылардың көмегімен механикалық тәсілмен жүзеге асырылады.
493. Жерасты құрылыстарының қорғаныстық жабындарының жай-күйі МСТ 9.602-89 және МСТ 25812-83 сәйкес бақыланады.
28. Қоршаған ортаны қорғау
494. Мұнай өнімдерінің булануын азайту үшін:
1) резервуарлар мен технологиялық жабдықтың толық техникалық дұрыстығын сақталады және олардың саңылаусыздығын қамтамасыз етіледі;
2) резервуарлардың тыныс клапанына қажетті артық қысым мен бос кеңістік ретке келтіріледі және олардың дұрыстығын бақыланады;
3) бензин резервуарларын газ бекіткішпен жабдықталады;
4) мұнай өнімдерін қабылдағаннан және деңгейін, температурасын, тығыздығын өлшегеннен кейін құю және өлшеу құрылғыларын, қарау қақпағы мен құю құдығын ауа кірмейтін етіп жабады;
5) резервуарларды толтырған және автомашиналарға бензин құйған кезде мұнай өнімдерін артық құюға рұқсат етіледі;
6) мұнай өнімдерін автоцистернадан МС-1 тез ажырамалы бітеу жалғастырғышты қолдана отырып төгеді.
495. Аумақта жаз кезінде ай сайын қоршаған ауаның газданушылығын тексеріледі. Сынамаларды іріктеу орнын ұйымның техникалық басшысы белгілейді.
496. Аумақ өндірістік және пайдаланған жаңбыр суын жинау үшін өндірістік-нөсер кәрізімен жабдықталады.
Төгілген мұнай өнімін пайдаланылған мұнай өнімдеріне арналған жинауышқа жинайды, ал алаңды пайдаланған суды кәрізге бағыттай отырып судың қатты ағысымен тазартады. Сарқынды суларды өндірістік-нөсер кәрізі арқылы тұндырғыш-құдықтан, сүзгіден мен жинауыш-құдықтан тұратын тазартылатын құрылғыларға немесе сарқынды суларды жинақтауышқа жібереді, одан оларды тазартатын құрылғыларға тасиды. Тазартатын құрылғылардың болуы немесе пайдаланған суды тасып шығару туралы мәселе жобада шешіледі.
497. Тазартылмаған ағындыны суқоймаларына жылжытуға жол берілмейді.
498. Сүзілетін материалдарды, тұтылған мұнай өнімдерін жою және тазартатын құрылғылардың шөгінділерін алмастыру қажетінше жүргізіледі. Ластанған сүзгіш материал мен шөгінділерді жобада белгіленген жерге алып кетеді және жояды.
499. Канализациялық құдықтардың тазалығын, олардың шығатын жерінің ластануына жол бермеуді жүйелі түрде бақылайды, жылына кемінде 2 рет (көктемде және күзде) канализациялық желінің жұмыс істеп тұрған жабдықтарына, құдықтарға ішкі тексеру мен қажетті жөндеу жұмысын жүргізеді.
500. Тазартатын құрылғыларда жүргізілген барлық өзгерістер туралы паспортта жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |