11. Резервуарда мұнай өнімдерінің сынамаларын іріктеу және деңгейін өлшеу
129. Резервуарлардан мұнай өнімдерінің сынамаларын іріктеу стационарлық немесе тасымалды сынама алғыштардың көмегімен 2517 МСТ сәйкес жүргізіледі.
130. Мұнай өнімінің деңгейін өлшеу үшін резервуар люгының саңылауында барлық ішкі периметр бойынша өлшеу лентасының қозғалысына арналған жырашықпен бірге ұшқындамайтын материалдан жасалатын сақина болады.
131. Мұнай өнімінің сынамаларын іріктеу немесе деңгейін өлшеу үшін резервуар люгының қақпағын ашу кезінде (тұтқасынан немесе қапсырма шегесінен) қызметкерлер люктің жел жағында тұрады.
Мұнай өнімінің буларымен улануға ұшырамас үшін ашық люктің аузынан қарауға немесе төмен еңкеюге рұқсат етілмейді.
132. Мұнай өнімінің сынамаларын іріктеу немесе деңгейін өлшеу кезінде резервуар люгы мен жабдықтардың ақаусыздығына назар аударылады.
Байқалған кемшіліктер туралы бақылайтын тұлғаға хабарланады.
133. Сынама алғыштың жабыны болады немесе соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдан дайындалады.
Сынама алғыш оның корпусына жалғастырылған ток өткізетін мыс арқанмен жабдықталады.
134. Сынамаларды іріктеу алдында сынама алғыш резервуар қақпағының қанаттық қоршауында басым орналасқан клемдік қысқышқа мыс арқанды жалғау арқылы жерге қосылады.
Арқанның бүтіндігі сынама алғышты әрбір пайдалану алдында тексеріледі.
135. Резервуарды толтыру немесе босату кезінде мұнай өнімдерінің сынамаларын алуға жол берілмейді.
136. Резервуардан мұнай өнімдерінің сынамалары толтыру аяқталған соң, кем дегенде 2 сағаттан кейін алынады.
137. Мұнай өнімінің деңгейін өлшеу ұшқындану, өлшеу люгының шетіне лоттардың соғылуын, өлшеу лентасының бағыттаушы құбырдың қабырғасына үйкелісін болдырау мақсатында ұқыптылықпен анықталады.
Рулетканың лентасы мақта-мата қалдықтарымен сүртіледі. Бұл мақсатқа жүн немесе жібек қалдықтарын пайдалануға жол берілмейді.
138. Мұнай өнімінің сынамаларын іріктеу және деңгейін өлшеуден кейін люктың қақпағы ұқыптылықпен, люктың мойнына құлатылмай және соқтырылмай жабылады.
139. Мұнай өнімінің сынамаларын іріктеу немесе деңгейін өлшеу кезінде резервуардың төбесінде мұнай өнімінің төгілуі болған жағдайда, мұнай өнімінің барлық дақтары алынады, ал резервуардың қақпағы құрғақ сүртіледі.
Резервуардың қақпағында қалдықтарды, қалдық талшықтарды, бөтелкелерді немесе басқа да заттарды қалдыруға болмайды.
140. Жарықтандырылмаған жерлерде сынамаларын іріктеу кезінде жарықтандыру үшін 12 В аспайтын кернеумен жарылыстан қорғалатын тасымалданатын шамдар қолданылады. Тасымалданатын шамдар жер үймегінің немесе резервуар паркінің қоршауының артынан қосылады және ажыратылады.
141. Мұнай өнімдерінің сынамалары іріктеу орнынан зертханаға резервуардан қауіпсіз түсуді қамтамасыз ету үшін иықпен кигізілетін арнайы мата сөмкелермен тасымалданады.
12. Сорғы станциялары
142. Сорғы жабдықтарын орналастырумен байланысты жалпы қауіпсіздік талаптары және сорғы станцияларының үй-жайларының санитарлық нормалары 2.11.03-93 ҚНжЕ және 2.04.05-91 ҚНжЕ сәйкес қамтамасыз етіледі.
143. Сорғы станцияларының қабырғалары әктеледі, ал этил бензинін айдауға арналған сорғы станцияларының қабырғалары тазалау мен жууға болатын майлы бояумен сырланады.
144. Сорғы станцияларының едендері мұнай өнімдерін өткізбейтін және сорып алмайтын отқа төзімді материалдардан жасалады.
Едендер мен лоттар тазалықта ұсталынады; төгілген мұнай өнімдері алынады.
145. Сорғы станцияларының есіктері мен терезелері сыртқа ашылады. Есік саңылауларында табалдырықтар салуға болмайды. Жарық саңылауларын көлегейлеуге болмайды, терезелер мен шамдардың қабырғалары ластануына қарай тазартылады.
Тереңдетілген сорғы станциясының есіктері ашылған сәтте автоматты түрде қосылатын желдеткіш қондырғы құрылғысымен блокталған.
146. Сорғы станцияларының үй-жайларында құбырлар кедір-бұдырланған металл қалқандармен жабылған каналдарға төселеді. Қалқандарда көтеруге арналған тұтқалар болады; қалқандардың тұтқалары түсетіндей етіп жасалады.
147. Сорғы станцияларының ішкі қабырғалары арқылы өтетін құбырлардың орындарында нығыздау құрылғылары болады.
148. Сорғының немесе компрессордың тығыздаушы және сорғыш құбырларда орнатылатын ілмекті, кесілетін және сақтандырғыш құрылғылар сорғыға (компрессорға) барынша жақындатылған және аймақта қызмет көрсету үшін қолайлы әрі қауіпсіз орналасқан.
Көршілес сорғылардың шығыңқы бөліктерінің арасындағы, олардың және үй-жайлардың арасындағы аралық 1 м кем емес; олардың екі қатарлы орналасуы кезінде сорғылардың арасындағы аралық 2 м кем емес.
Сорғылардың, құбырлардың және басқа жабдықтардың шығыңқы бөліктері есіктен кемінде 1 м қашықтықта орналасады.
149. Сорғылық жабдықтардың барлық қозғалатын бөліктері 12.2.044 МСТ және 12.2.061 МСТ сәйкес металдан жасалған қорғану қоршауларымен жабдықталады.
150. Қоршауды орнату кезінде жабдықтардың жылжымалы бөліктерінен 350 мм кем аралықта ол тұтас немесе торлы металл қаптамада болады.
Торлы қоршауларды пайдалану кезінде тор сымының диаметрі 2 мм кем болмайды.
Тор саңылауларының көлемі 12.2.044 МСТ сәйкес келеді.
151. Қанат түрінде қоршау кезінде олардың биіктігі қозғалатын бөліктердің көлемімен анықталады, бірақ 1250 м кем болмайды.
152. Жиі бақылауға жататын жабдықтардың қоршаулары тез алынып-салынатын немесе қайырылатын болады.
Қоршаулардың конструкциясы оларды арнайы кілтсіз ашу мен жабуды болдырмайды.
153. 45оС жоғары температура кезінде жабдықтар мен құбырлар бетінің қызметкерлердің онымен жанасуы мүмкін учаскелерінде қоршауы немесе жанбайтын жылу оқшаулағышы болады.
154. Сорғы станциясында орнатылған негізгі және қосалқы жабдықтың технологиялық схемаға сәйкес реттік нөмірі болады. Нөмірлер көрнекі орында ақ бояумен жазылады. Қозғалтқыш пен сорғы арасындағы аралық қабырғалар болған кезде нөмірлер сорғы мен қозғалтқышқа жазылады, ал бір залда сорғы агрегатының бірлескен монтажында – қозғалтқышқа жазылады.
155. Сорғының, сумен жабдықтау, желдету, ауамен жабдықтау, жылумен жабдықтау және өрт сөндіру жүйелерінің негізгі және қосалқы жабдығы айрықшаланатын түске ие болады. Құбырларда олардың орнатылуы және айдалатын ортаның қозғалу бағыты көрсетіледі.
156. Қозғалтқышта, сорғыда айналу бағытын көрсететін нұсқар, ал іске қосу құрылғысында – «ҚОСУ» және «ТОҚТА» деген жазбалар орнатылады.
157. Басқару органдарының айқын түсіндіру жазбалары болады; басқару органдарының символдары 12.4.040 МСТ сәйкес келеді.
158. Құбырлардың айыратын бояулары мен ескерту белгілері 14202 МСТ сәйкес келеді.
Жабдықтар мен қоршауларға жасалатын сигнал түстері мен қауіпсіздік белгілері 12.4.026 МСТ сәйкес келеді.
159. Кнопкалар мен ауыстырып қосқыштар жарылыстан қорғалумен және ылғал өткізбейтіндей қолданылады.
Кнопкаларды итерушілер панельмен бірге біркелкі орындалады.
«ҚОСУ» кнопкасы бетінен 3 – 5 мм батырылған.
«ТОҚТА» апаттық кнопкасы саңырауқұлақ нысанында, ұлғайтылған көлемде болады және панелдің үстінде тұрады.
160. Сорғы станциясындағы сорып алатын және тығыздаушы құбырларда, әрбір сорғы агрегатында манометрлер орнатылады. Сорғыларды манометрсіз немесе ақаулы манометрлермен пайдалануға жол берілмейді.
161. Сорғы агрегатында жерге қосуға арналған құрылғы көзделеді, оған 21130 МСТ бойынша жерге қосу белгісі қойылады.
162. Сорғы станциялары мәжбүрлі үйлестірмелі-сорғыш және авариялық желдеткішпен, өрт сөндірудің стационарлық құралдарымен, стационарлық немесе тасымалды жүк көтергіш құрылғылармен жарақтандырылады.
Желдеткіш қосылған кезде сорғы агрегаттарын іске қосуға болмайды.
163. Сорғы станцияларында майлау материалдарын металл ыдыстарда тәуліктен аспайтын тұтынуға сақтауға болады.
164. Сорғы станцияларының үй-жайлары жарылыс қаупі бар шоғырлануларды газ талдағышпен жарақтандырылады, ал олар болмаған жағдайда іріктеу тәртібі мен сынамаларды бақылау белгіленеді.
165. Сүрту материалы кейіннен бастапқы қалпына келтірумен немесе жоюмен қақпақты металл жәшіктерде жиналады.
Майланған материалды ұзақ сақтауға болмайды.
166. Сорғы станцияларында тез тұтанатын сұйықтарды сақтауға болмайды.
167. Сорғылар арасындағы өтпелерді материалдармен, жабдықтармен немесе қандай да болсын заттармен бөгеуге болмайды.
168. Сорғылардың жұмысы кезінде мойынтіректер мен сальниктерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.
Мойынтіректер жеткілікті түрде майланады.
Мойынтіректерді 60о С жоғары қыздыруға болмайды.
Мойынтіректерді немесе білікті сумен, мұзбен суытуға болмайды.
Мойынтіректер мен сальниктердің температурасы сағатына кемінде бір рет тексеріледі.
169. Сорғы мен құбырлардың ыстық жерлеріне сүрту материалын немесе қандай да болсын мұнай өнімдері сіңген заттарды қоюға болмайды.
170. Сорғыларды пайдалану кезінде сорғылар мен құбырлардың саңылаусыздығын бақылау жүзеге асырылады.
Сорғылардың дөңбектік және сальниктік нығыздануы арқылы мұнай өнімдерінің ағуы дайындаушы-зауыт бекіткен нормативтерден жоғары болса, ол жойылады.
171. Сорғының үйкелетін бөліктері тұрақты түрде майланады. Майлау кезінде майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берілмейді.
172. Сорғының жұмыс режимінде бұзушылықтар (шу, қатты діріл, мойынтіректердің қызуы, сальниктердің ағуы, жекелеген бөліктердің сызаттары мен ақаулары) болған жағдайда сорғы тоқтатылады.
Сорғы жұмысының ақаушылығын анықтау және оны жоюға дейін сорғыны іске қосуға болмайды.
173. Автоматтық бақылау құралдары болмаған кезде жұмыс істеп тұрған сорғыны қараусыз қалдыруға болмайды.
174. Электр энергиясының оқыстан сөнуі жағдайында, электр қозғалтқыш желіден ажыратылады.
175. Сорғы станциясының үй-жайында ашық отты пайдалануға болмайды. Тасымалды жарықтандыру ретінде сорғы станциясының үй-жайынан кемінде 20 м қашықтықта қосылатын және сөндірілетін, жарылыстан қорғалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат етіледі.
176. Әрбір сорғы станциясында оператор бөлмесінде арнайы шкафтарда сақталатын апаттық құралдың жинағы, аккумуляторлық шамдардың қоры қамтамасыз етіледі.
177. Этил бензинін қотаратын сорғыларда сорғы сальниктерінен жергілікті сору орнатылады; сальниктерден жергілікті сору құрылғысын орнату мүмкін болмаған кезде төменгі аймақтан сору құрылғысы ұсынылады.
178. Этил бензинін қотаруға арналған сорғылар мен құбырлар айрықшаланады, 14202 МСТ бойынша айырымдық түске боялады.
179. Этил бензинін қотаруға арналған сорғы орнатылған сорғылық үй-жайда жабық жәшікте таза құмның, үгінділердің, сүртетін материалдардың қоры, қол мен бөлшектерді жууға арналған керосин құйылған бак, дихлораминнің немесе хлорлы әктің қоры болады.
Бұл құралдардың қоры мыналардан тұрады:
Таза құм (үгінді) 50 м2 еден алаңына 1 – 2 м3;
дихлорамин (хлорлы әк) 50 м2 еден алаңына 5-10 кг.
Құм жануды жоюға, үгінділер мұнай өнімдерінің төгілуін жою үшін қолданылады.
180. Этил бензинімен жұмыс жүргізілетін сорғы станциясының едендері мен қабырғалары күн сайын керосинмен немесе керосиндегі 1,5 % дихлорамин ерітіндісімен сүртіледі. Құралдар мен жабдықтар алдымен керосинге батырылған шүберектермен, артынан құрғақ шүберектермен немесе ескі-құсқылармен сүртіледі.
13. Технологиялық құбырлар
181. Технологиялық құбырлардың, ілгектік арматураның құрылысы және орналастырылуы ҚР 3.05-09-2002 ҚНжЕ сәйкес келеді.
Технологиялық құбырлар (бөлшектер мен арматура) 3.05-09-2002 ҚНжЕ талаптарына сәйкес саңылаусыздық пен беріктілікке тексеруге жатады.
182. Қотару және құю станцияларының құбырларына жерасты және жерүсті құбырларының орналасу және оларға орнатылған ілмекті құрылғылардың технологиялық схемасы жасалады.
Қолданыстағы құбырлардың орналасу схемасын техникалық басшының рұқсатынсыз өзгертуге болмайды.
Тез тұтанатын сұйықтарды қотару үшін қолданылатын сорғылар:
оның корпусында қотарылатын сұйықтың болмауы кезінде немесе жұмыстың тоқтауын немесе іске қосылуын немесе мүмкін шекті мәндерден қабылдаушы және жұмсаушы ыдыстарда сұйықтың жоғары және төменгі деңгейінің ауытқуын болдырмайтын блоктаумен;
қауіпсіздікке әсер ететін жұмыс параметрлерінің бұзылуы туралы ескерту сигналдарының құралдарымен жарақтандырылады.
183. Жарылыс қаупі бар технологиялық жүйелер құбырларының арматураны орнату немесе аппараттарды жалғау орындарынан басқа ернемектік немесе ажырайтын қосылыстары болмайды.
184. Ортадан тепкіш сорғылардың тығыздаушы құбырында қотарылатын сұйықтардың кері бағытта алмасуын болдырмау үшін кері клапанды немесе басқа құрылғыны және қажет жағдайда сақтандыру құрылғысын (клапанды) орнату көзделеді.
Ілмекті-реттеуші аппаратурада атқарушы технологиялық схемаға сай келетін нөмірлеу жасалады.
Құбырларда орнатылатын ілмекті аппаратурада (ысырмаларда, крандарда) шеткі орындарын көрсететін көрсеткіштер қойылады.
185. Жер астына төселген құбырлардың аспалары мен тіректерінің жағдайына олардың апат тудыруы мүмкін қауіпті салбырауын және өзгеруін болдырмау үшін бақылау қойылады.
186. Қызметкерлердің құбырлар арқылы өту орындарында өтпе алаңдар немесе қанатты көпірлер салынады.
187. Лоткалар мен орлар жанбайтын материалдан жасалатын плиталармен жабылады.
188. Құбырлардағы лоткалар, орлар және құдықтар таза ұсталынады және тұрақты тазартылады және сумен жуылады.
Құдықтарда, камераларда немесе орларда (лоткаларда) орналасқан ілмекті арматураның құдыққа немесе орға (лоткаға) қызметкердің түсіруінсіз оны ашуға (жабуға) мүмкіндік беретін жетектері болады.
189. Құбырлы арматураны ашу мен жабуға ломдарды, құбырларды қолдануға болмайды.
190. Тұйық учаскелерде құбырлар болған жағдайда оларға жүйелі бақылау қойылады. Жылдың қысқы кезеңінде олардың қатуын болдырмау үшін шаралар қарастырылады.
191. Құбыр мен арматураны жылыту үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді. Ыстық сумен, бумен немесе қыздырылған құммен жылытуға рұқсат етіледі, бұл ретте жылытылатын учаске жұмыс істейтін құбырлардан ажыратылады.
192. Құбырларда пайда болған тығындарды болат шыбықтармен және үйкелістен немесе құбырға соғылудан ұшқын түзілуін болдыруы мүмкін басқа заттармен тазалауға рұқсат етілмейді.
193. Стандарттық емес жалғаушы бөлшектер мен арматураны пайдаланумен құбырларды пайдалануға жол берілмейді.
194. Жарылыс қаупі бар технологиялық жүйелерде иілгіш құбыршектерді қолдануға рұқсат етілмейді.
195. Мұнай өнімдерін қотару кезінде құбырлар мен оның арматураларын жөндеу бойынша қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
196. Мұнай өнімдеріне арналған құбырлар статикалық электр бөлінісі үшін жерге қосылады.
Құбырлардың ернемектік қосылыстарында диэлектрлік материалдардан жасалатын шайбалардың және электр өткізбейтін бояулармен боялған шайбалардың болуы кезінде құбырлардың сенімді жерге қосылуы олардың жерге қосылған резервуарларға қосылуымен, жерге қосушы ұстатқыш орнатумен қамтамасыз етеді.
197. Бақылау және қабылдау құдықтардың қақпақтары төгу операциялары және сақтық іс-шараларын өткізу кезінде өлшеу және сынамаларды іріктеу кезінде ашылады.
198. Құдықтарда, тарату құбыршектерінде, құбырларда және арматурада ернемектік, оймалық және қосылыстардың басқа типтерінің саңылаусыздығына бақылау қойылады. Ағудың барлығы жойылады.
199. Құбырлар мен жабдықтардың барлық ернемектік қосылыстары парониттен, бензин-майға төзімді резеңкеден жасалатын төсемдерге, не мұнай өнімдеріне арналған төсемдерге тығыз байланған.
200. Ысырмалар, крандар, вентильдер және басқа ілмекті құрылғылар ақаусыз ұсталынады және құбырлардың сенімді және тез жабылуын қамтамасыз етеді. Ілмекті құрылғылардағы ақаулықтар жойылады.
201. Ілмекті және басқа құрылғылардағы сальниктік нығыздау қажетіне қарай тұрақты тексеріледі және сальниктік набивка қосылады немесе ауыстырылады.
202. Коммуникациялар мен құрылыстардың жерасты учаскелері тоттануға қарсы оқшаулаумен жабылады, жерүсті учаскелері боялады.
14. Теміржол эстакадалары
203. Теміржол төгу-құю эстакадаларының құрылысы кезінде белгіленетін қауіпсіздіктің жалпы талаптары 2.11.03-93 ҚНжЕ сәйкес келеді.
204. Локомотивтердің қозғалысы көзделетін теміржол өрсінен жақын жолдағы төгу-құю эстакадасына дейінгі қашықтық, егер төгілетін немесе құйылатын мұнай өнімдерінің тұтану температурасы 120о С және одан төмен болса 20 м кем болмайды және егер тұтану температурасы 120о С жоғары болса 10 м кем болмайды.
Электрлендірілген теміржолдарда орналасқан төгу-құю эстакадаларының теміржол жолдарында екі оқшаулаушы түйісу белгіленеді:
бірінші – төгу шебінен тысқары;
екінші – тұйықтың нұсқарында.
Төгу-құю эстакадалары бар теміржол жолдарын локомотивтердің тура жүруіне пайдалануға болмайды.
Эстакадаға мұнай өнімдерімен бағытты беру вагон-цистерналармен алға немесе басып озу жолының немесе тарту жолының көмегімен жүргізіледі. Эстакаданың тұйық жолдарына локомотивтің кіруіне жол берілмейді.
205. Төгу-құю құрылғыларынан немесе темір жолдарында жеке тұрған тіреушіктерден екі жақ бойынша (екі өрсті екі немесе төрт өрсті бір вагонның аралығында) локомотивтердің кіруіне тыйым салатын– «Локомотивті тоқтату» деген сигналдық белгілер орнатылады.
206. Төгу-құю эстакадаларына ені 0,75 м кем емес қатты жабынмен жаяу жүргіншілер жолы көзделеді. Жаяу жүргіншілер жолдары әрбір эстакаданың шет жағына, ал теміржол жолдарымен түйісетін орындарда - рельс бүркеншіктерінің деңгейімен тұтас төсемдер қарастырылады.
207. Төгу-құю эстакадасы немесе жеке төгу-құю құрылғылары тұрған алаңның (ашық немесе қалқаның астында) ернеуінің биіктігі 200 мм периметр бойынша қоршалған су өтпейтін қатты жабыны және лоткалар жағына қарай 2 % кем емес еңістігі, 50 м аспайтын қашықтықта орналасқан жинау құдықтарына (приямкаларға) 0,5 % еңістігі бар. Лоткалар темір жолдардың сыртқы жағынан орналасады, жанбайтын материалдардан жасалады және алмалы-салмалы металл торлармен жабылады.
208. Төгу-құю эстакадаларының жанбайтын материалдардан жасалатын, 100 м аспайтын қашықтықтағы эстакада бойымен, шетжақтарда орналасқан басқыштары болады. Басқыштардың ені 0,7 м кем емес және 45о кем емес еңістікте болады. Эстакадаларда төгу-құю құрылғыларына қызмет көрсетуге арналған қанаттармен алаңдар көзделеді.
Эстакадаларда қызмет көрсететін басқыштар, алаңдарда және эстакадаларда тұтас қаптаумен биіктігі 1 м қанат болады.
209. Құюға арналған теміржол вагон-цистерналары ақырындап, итеру мен жұлқынусыз беріледі және шығарылады.
210. Теміржол төгу-құю эстакадаларының аумағында теміржол вагон-цистерналарын металл башмактармен тежеуге болмайды. Осы мақсаттар үшін ағаш төсеніштер немесе ұшқын қаупі жоқ тежеу башмактар қолданылады.
211. Төгу-құю эстакадасының қайырмалы көпірлерінің жасырын болттары бар ағаш жастықтары немесе резеңке төсеніштері болады.
212. Эстакадаға қызмет көрсету алаңынан ысырмалардың маховиктеріне, құю құбыршектері крандарының тұтқалары мен көтеру механизмдеріне дейінгі қашықтық 1,5 м аспайды.
213. Эстакадаларды жарықтандыру – прожекторлық. Жергілікті жарықтандыруға жарылыс қаупі жоқ аккумуляторлық шамдарды қолдану жағдайында рұқсат етіледі.
214. Құбырдың тіреушіктері, құбыршектері, сальниктері, ернемектік қосылыстары саңылаусыз, тіреушіктер нөмірленген.
215. Құю құбыршектері цистернаның мойнына соғылуы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалатын ұштықтармен жабдықталады.
216. Цистерналардың люктерінің қақпақтарын ашу және жабу кезінде соғылуға жол берілмейді. Мұнай өнімдерімен және жанғыш сұйықтармен төгілген цистерналармен төгу-құю операцияларын жүргізуге рұқсат етілмейді.
217. Төгу-құю операцияларынан және вагон-цистернада мұнай өнімінің деңгейін өлшеуден кейін люктердің қақпақтары саңылаусыз жабылады.
218. Эстакададағы жұмыс кезінде ұшқын шығармайтын құрал қолданылады.
219. Құю операциялары кезінде цистерналарды аса толтыруға рұқсат етілмейді.
220. Цистерналарға тез тұтанатын сұйықтарды құю сұйықтың деңгейімен бірқалыпты ағыспен жүргізіледі.
221. Эстакаданың аумағында мұнай өнімдерінің төгілуіне жол берілмейді.
222. Мұнай өнімі бар цистерна люгінің қақпағын ашу кезінде қызметкер люкке қатысты жел жағында тұрады.
223. Байланыс желісін ажыратпайынша, электрлендірілген теміржол тұйықтарындағы теміржол цистерналарында төгу мен құюға, олардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеуге рұқсат етілмейді. Байланыс желісін ажырату мен қосуды ұйымның өтінімі бойынша теміржолдың тиісті қызметі жүргізеді.
224. Төгу-құю эстакадаларының аумағында цистерналарды жөндеуге рұқсат етілмейді.
225. Эстакада және оның аумағы тазалықта ұсталынады. Эстакадаларды бөгде заттармен қоршауға болмайды.
226. Құбырларды, ысырмаларды және түсіру құрылғыларын ашық отпен жылытуға рұқсат етілмейді; бұл үшін бу немесе ыстық су қолданылады.
227 Радиусы 100 м эстакаданың айналасында құю кезінде барлық жөндеу жұмыстары тоқтатылады.
228. Эстакада аумағында:
профилактикалық жөндеуге және вагон-цистерналарды тазалауға;
жалпы өнеркәсіптік дайындаудағы шамдарды, тасымал шамдарын қолдануға;
найзағай уақытында тез тұтанатын мұнай өнімдерін төгу-құюды жүргізуге;
мұнай өнімдерін ақаулы цистерналарға құюды жүзеге асыруға;
эстакадалар мен цистерналардан құралдарды, бөлшектерді және басқа заттарды лақтыруға рұқсат етілмейді.
229. Эстакадаларда теміржол цистерналарын кез келген ауыстыру цистерналардың ауыстыруға дайындығын ұқыптылықпен тексеру мақсатында мұнай өнімдерін төгу-құю операторымен келісіледі.
230. Көктайғақ кезінде алаңдар мен басқыштар қар мен мұздан тазартылады.
231. Этил бензинін құю үшін жеке коллекторлар мен тіреушіктер бөлінеді; этил бензинін құю құрылғылары орналасқан алаңдардың (жеке тіреушіктер, эстакадалар) және цементтік қысып ұстаумен бетондалған теміржол жолдарының канализацияға жалпыдан оқшауланған суағарлары болады.
232. Теміржол цистернасынан сынаманы алуға оны толтырудан кейін кемінде 10 минут өткен соң рұқсат етіледі.
Сынама алушы этил бензинінің сынамаларын 12.4.010 МСТ бойынша май-бензинге төзімді құрамы сіңірілген материалдан жасалған қолғаптармен және 12.4.111 МСТ және 12.4.112 МСТ бойынша қорғану киімдерімен алады.
Сынама алушы мұнай өнімінің сынамасын қадағалаушының қатысуымен алады.
15. Автоцистерналарға құю станциялары
233. Автоқұю эстакадасы орналасқан алаңның қатты жабыны болады және төгілген мұнай өнімінің жинағышқа, ал жаңбыр суағарларының канализацияға кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.
234. Алаңға ақаулы автомобильдердің кіруіне, бұл алаңда олардың жөнделуіне рұқсат етілмейді.
235. Автоцистерналардың жүргізушілеріне мұнай базалары мен автоқұю эстакадаларының аумағындағы қауіпсіздік талаптары туралы нұсқау (инструктаж журналына жазбамен) беріледі.
236. Автоцистерналардың 100-200 мм ұзындықпен жерге тиюмен жерге қосатын металл тізбегі бар.
237. Автоцистерналар екі өрт сөндіргішпен, киізбен, массасы шамамен 25 кг құрғақ құммен, күрекпен жабдықталады.
238. Мұнай өнімдерін құю автомобиль қозғалтқышы жұмыс істемеген кезде жүргізіледі.
239. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар құю эстакадасының жерге қосу контурына жалғастыру үшін жерге қосушы құрылғылармен жабдықталады.
Жерге қосу конструкциясы 21130 МСТ сәйкес қолданылады.
Автоцистерналардың сөндіргіштері ұшқын сөндіргіш торлармен жабдықталады және қозғалтқыштың немесе радиатордың алдына шығарылады.
Құю алаңында орналасқан жерге қосушы құрылғыға жалғамайынша, автоцистерналарға құюға рұқсат етілмейді.
240. Құю операторы мұнай өнімін цистернаға құю процесінде бақылауды жүзеге асырады.
241. Егер мұнай өнімін цистернаға құю кезінде оны ағызу рұқсат етілсе, онда қозғалтқышыты іске қосу рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда штанга көмегімен қауіпсіз қашықтыққа буксирленеді.
242. Құюдың аяқталуы бойынша құю құбыршектері автоцистерналардың мойнынан оларды мұнай өнімінен толық төгуден кейін алынады. Автоцистернаның мойны қақпақпен, соққыға ұшырамай ақырындап жабылады.
243. Құюдың автоматтық жүйесінде жүргізуші технологиялық регламентпен көзделген іс-қимылдарды орындайды.
244. Автоқұю эстакадалары мұнай өнімдерімен толтырылған цистерналардың олардың мойнына түсірілген құю құрылғыларымен шығуын болдырмау үшін бағдаршамдармен, шлагбаумдармен жарақтандырылады.
245. Автоқұю эстакадасы қысқы уақытта қардан тазартылады және оған құм себіледі.
Жабдықта, алаңда және металл құрылымдарда пайда болған мұздар уақытында тазаланып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |