25 - тарау. Күкіртсутегі болған кезде
ұңғымаларды геофизикалық зерттеу
554. Күкіртсутегі бар, қабаттарды аршыған ұңғымалардағы кәсіпшілік-геофизикалық жұмыстар (бұдан әрі - ГКЖ) АҚҚ келісілген және геофизикалық ұйымның және тапсырыс беруші ұйымның техникалық басшысымен бекітілген, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.
555. Жұмысты ұйымдастыру жоспарында қосымша келесі көрсетіледі:
1) ұңғыманы шаю кезеңдігі және шаюлар арасындағы ГКЖ айналымының ұзақтығы;
2) бақылау жүргізетін оқытылған жұмысшыларды көрсете отырып, жұмыс аймағының ауасында және бұрғылау ерітіндісінде күкіртсутегі құрамын бақылау кестесі;
3) бұрғылау ерітіндісін күкіртсутегі бейтараптандырғышымен және коррозия ингибиторымен өңдеу туралы мәліметтер;
4) бұрғылауда геофизикалық жабдықты орналастыру сызбасы (зертханалар, көтергіштер), жергілікті жердің кедірлігін, желдің бағытын және қауіпті аймақты ескере отырып, оларды эвакуациялаудың мүмкін жолдары.
556. ГКЖ алдында тапсырыс беруші ұйымға күкіртсутегінің бөлінуі мүмкін жағдайда апатсыз жұмыс жүргізу үшін ұңғыманы дайындайды:
Ұңғымадағы бұрғылау ерітіндісі күкіртсутегісін бейтараптандырғышпен өңделеді;
Бұрғылауда ГКЖ барлық жоспарланатын кешенін жүргізу уақытына шаюды орындау үшін жеткілікті, бейтараптандырғыш қоры болады.
557. ГКЖ акт жасау арқылы, АҚҚ өкілінің қатысуымен, тапсырыс беруші ұйыммен ұңғыманың, жабдықтың және байланыс құралдарының жағдайын тексергеннен кейін жүргізіледі.
Ату-жару жұмыстарын жүргізу алдында (бұдан әрі – АЖЖ) ұңғыманы үлгілеу уақытына ату аралығындағы гидростаттық қысым анықталады. ГКЖ жүргізуге өлшенген гидростатық қысым қабаттыдан кем дегенде 5 - 10 % асатын болса жол беріледі.
558. Күкіртсутегі бар қабаттарды ұңғыманы бұрғылау кезінде құбыр сынағыштармен сынау бойынша жұмыстар жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.
559. Персонал қозғалмалы газ талдағыштармен немесе барлық жұмысшылар үшін газ талдағышпен және оқшаулайтын газға қарсы құралдармен қамтамасыз етіледі (қосу бір қорлы).
560. Геофизикалық зертханаларда және көтергіште оқшаулайтын газға қарсы құралдар және газ белгі бергіштер (газ талдағыштар) жеке торларымен, олардың механикалық зақымдануы жоққа шығарылған бөлек жәшіктерге орналастырылады. Жәшіктерге нақты жазба жазылады: «Газға қарсы құралдар», «Газ белгі бергіштер». Жәшік құлыпқа жабылмайды.
561. Геофизикалық зертханалардың және көтергіштің орналасуы жұмыс алаңын жақсы көруді және салонды тиімді желдету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Геофизикалық көтергіштің шығырлы бөлігі ұңғымадан геофизикалық сымды көтеру кезінде онда күкіртсутегінің жиналу мүмкіндігінің алдын алу үшін мәжбүрлі желдету құрылғысымен жабдықталады.
562. Күкіртсутегінің болуы туралы белгі беру құралдарын шектелген көру және есту жағдайындағы жұмыстар кезінде (жел, қар, тұман) газ талдағыштармен және ДО ЖҚҚ қамтамасыз етілген, қосымшамен жұмысшы тағайындалады.
563. Қиындатылған жағдайлардағы ГКЖ, ұңғымалардағы апаттарды жою бойынша ГКЖ геофизикалық жұмыстар жетекшісінің және объект басшысының бақылауымен орындалады. Жару құрылғыларын қолданумен апаттарды жою кезінде (шар торпедаларын) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген, Жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары басшылыққа алынады.
564. Көтерілетін геофизикалық сым үзіліссіз бұрғылау ерітіндісінен тазаланады және күкіртсутегісін бейтараптандырумен сумен жуылады.
565. Қолданылатын құралдар, аппаратура, жабдық, бөлмелер және алаңдар тазартылады, сумен жуылады, күкірт сутегісін бейтараптандырғышпен және коррозиядан қорғау үшін ингибитормен өңделеді.
566. Саға жабдығының жоспарына және сызбасына сәйкес қиындатылған жағдайларда лубрикаторларды қолдану қарастырылады.
26 - тарау. Ұңғымаларды пайдалану кезіндегі
геофизикалық жұмыстар
567. Кен орнын өңдеу кезіндегі геофизикалық зерттеулер ұңғымаларда жұмысты ұйымдастыру жоспарына немесе жобаға сәйкес жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жұмыс алаңдары, сағалық жабдық болған жағдайда жүргізіледі.
568. Ұңғыма құралдарын сорғы-компрессорлық құбырлары (бұдан әрі - СКҚ) арқылы түсіріп-көтеру кезінде бағананың төменгі бөлігіне бағыттайтын құрылғы орналастырылады.
569. Ұңғыманы СКҚ арқылы және құбыр аралық кеңістік бойынша зерттеу кезінде сымды көтеру жылдамдығы СКҚ төменгі жағына, тереңдегі сорғыға және ұңғыма сағасына келген кезде, жоспарда белгіленгенге дейін төмендетіледі.
570. Сорғы-компрессорлық құбырларды орталықтан ілу кезінде сорғы әдісімен пайдаланылатын тік ұңғымаларда пайдалану бағанасы мен СКҚ арасындағы тесік ұңғыма құралының зерттеу аралығына дейін қауіпсіз түсуін қамтамасыз етеді.
571. Ұңғымаларды зерттеу кезінде сұйықтың мүмкін болатын ағуы кейіннен жою үшін қымталған ыдысқа әкетіледі.
572. Сағадағы қысымымен ұңғымаларды зерттеу үшін лубрикаторлы жабдық қолданылады. Құрастыру және жұмыстар жүк көтергіш агрегатын қолданумен жүргізіледі.
573. Бұрғылау және күрделі жөндеуден кейін, игеру кезінде ұңғымаларды зерттеу жобада немесе жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетілген, пайдалану режиміне енгізгенге дейін және кейін жүргізіледі.
574. Ұңғыманы пайдалану және күрделі жөндеу кезінде, забой жанындағы аймаққа әсер етудің геофизикалық әдістерін қолданумен жұмыстар жүргізу бекітілген жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
575. Ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер келесі жағдайларда жүргізіледі:
пайдалану атқыма және газлифті ұңғымалар бекіту арматурасының фланецінің және СКҚ деңгейінде төсеммен алаңмен қамтамасыз етіледі, геофизикалық аппаратураны түсіру көтеру үшін бағыттаушы құрылғымен жабдықталады;
пайдаланудың сорғы әдісімен және СКҚ орталықтағы ілмегімен, зерттеу аралығына құралды түсіру үшін сағаны жабдықтаумен ұңғымалар;
геофизикалық сағалық жабдықты құрастыру үшін дайындалған алаңдармен қысымды ұлғайту және бақылау ұңғымаларын.
576. Өндіру және қысымды ұлғайту ұңғымаларында геофизикалық зерттеулер мұнай газ өндіру ұйымының өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
577. Созатын ролик айналма білігі шығыр білігіне перпендикуляр болатындай, айналма беті шығыр барабанының ортасынан өтетіндей етіп фланецке бекітіледі. Көтергіш операторының жұмыс орнында жабдық элементтерін көзбен шолып бақылау және сағаны қымтау қамтамасыз етіледі.
578. Бекіту арматурасының ысырмасын жабу ақырын жүргізіледі, қысым көтерілген кезде гидравликалық соққыларға жол берілмейді.
Сымды ұңғымаға түсіру және көтеру үшін ауыстыру механизмі қолданылады. Ұңғыма оқпаны бойынша сымның қозғалыс жылдамдығы жұмыс жоспарында: СКҚ-да 0,8 м/с; СКҚ кіре берісте 14 м/с; ұңғыма сағасына дейін 100 м тереңдіктен 0,07 м/с шегінде көрсетіледі.
27 - тарау. Сағалық алаң
579. Ұңғымалардың сағалық алаңдарын орналастыру жоба бойынша жүргізіледі.
Сағаның жабдығының түрі және сызбасы әрбір ұңғыма үшін оның белгіленуіне, мұнай және газ кен орындары үшін жерді әкету нормаларына сәйкес, кен орнын орналастыру және өңдеу жобасында көрсетіледі.
580. Сағаның жабдығын, манифольдтың атқыма және бекіту арматурасын, ұңғыманың, құбырлардың өнімін өлшеу, айналдыру және дайындау үшін жер үсті қондырғыларын құрастыру қабатты флюидтің құрамын, кен орнының инфрақұрылымын, жергілікті жер кедірлігін, көлік және құбыр коммуникацияларын, селетебті аймақ шекараларын, қорғаныс және тазалық-қорғау аймақтарын, желдің үстем бағытын және объектілерге қауіпсіз қызмет көрсету, тестілеу және пайдалану бойынша талаптар ескеріле отырып жүргізіледі.
581. Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін сағалық алаңда саға жабдығын, ұңғыма өнімін өндіру және есепке алу үшін жер үсті кешенін сынау және тығыздау, қабылдау актісін және көлденең және тігінен белгілер бойынша барлық мөлшерлерін көрсете отырып сызба жасаумен техникалық жағдайын тексеру жүргізіледі.
582. Сағаның, құбырлардың, ұңғыма өнімін өлшеу және айналдыру қондырғыларының жабдығы толық қымталуды және апаттық жағдайда ұңғыманы қауіпсіз ажырату мүмкіндігін, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес, пайдаланудың жобаланатын кезеңіне қауіпті және зиянды заттардың әсерінен төзімділікті қамтамасыз етеді.
Техникалық жағдайын тексеру және қарау журналға тіркелу арқылы, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
583. Ұңғыманың тағайындалуы және пайдалану әдісіне байланысты кен орнын орналастыру және өңдеу кезінде келесі қарастырылады:
ұңғыма сағасын қабылданған сызба бойынша жабдықтау;
технологиялық сұйықты жинау және ағызу үшін қатты бүркемемен және еңіспен сағалық алаң;
жөндеу агрегатын, қабылдау көпірлерін, ыдыстарды және басқа жабдықты орналастыруға арналған алаңдар;
мұнара тартпаларын және атқыма арматурасын бекітуге арналған орындар;
станок-тербеткіш, арматура және құбырларды бекіту астында іргетас;
ұңғыма өнімін есепке алу және айналдырудың жер үсті кешенін және ұңғыманы басқару станциясы үшін алаңдар;
электр қондырғылары және жабдық үшін алаңдар;
қораптарымен, түптерімен, құрғату ыдысымен технологиялық сұйықты жинау жүйесі;
құбырлардың жағдайын диагностикалау және тазалаудың құбыр ішіндегі құрылғыларын іске қосуға арналған құрылғы;
ингибиторларды және өзге реагенттерді енгізуге арналған құрылғы;
қоршаған ортаға мониторинг жүргізуге арналған құрылғы;
суды және газды толтыруға арналған блоктар;
найзағайдан және статтық электрден қорғауға арналған құрылғылар;
қоршаулар және бүркемелер.
584. Саға жабдығының техникалық сипаттамалары ұңғыманы тұншықтыру, температуралық режимнің және пайдалану жағдайларының мүмкін болатын өзгерістерінен, қабатты флюидтің коррозиялық әсерінен, гидрат және парафин қалдықтарынан тазалау үшін шекті қысымнан кем дегенде 10 % асуы ескеріле отырып қарастырылады.
585. Қауіпті аймақта сағалық алаңды және өзге объектілерді орналастыру осы Талаптарға 3 - қосымшада көрсетілген, жарылысқа қауіпті және өртке қауіптілік бойынша біліктілігі ескеріле отырып жүргізіледі.
586. Реттейтін арматура (кедергі) және бекіту арматурасы дайындаушының техникалық құжаттамасына, жобалық құжаттамаға сәйкес қолмен және автоматты басқару құрылғыларымен қамтамасыз етіледі және ұңғыманы және жер үстіндегі жабдықты тоқтатпастан БӨҚжА қауіпсіз ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
587. Үлкен қоры, жоғары қысымы, күкіртсутегінің және зиянды заттардың болуымен атқыма ұңғымалары ұңғыманы қауіпсіз тоқтатуды және жабуды қамтамасыз ететін, ұңғыма ішіндегі жабдықпен жабдықталады (қақпақ-кескіш, айналма қақпағы).
Газ, газ конденсатты және қысымды ұлғайту ұңғымаларының лақтыратын желілерінде автоматты қақпақ-кескіш орнатылады.
Ұңғыманы пайдалану кезінде журналған тіркелу арқылы, бекітілген кесте бойынша қақпақ-кескіштердің дұрыс жағдайы тексеріледі.
588. Газ лифті ұңғыманы басқару станциясы бұрғылау жабдығын дайындаушы құжаттамасына және жобаға сәйкес, сағадан қауіпсіз қашықтықта орнатылады.
589. Сағаның жабдығы, станок-тербеткіш, жер үстіндегі жабдық, құбырлар, коммуникациялар, электр сымдары және іске қосу құрылғылары боялады, қоршалады және жобаға сәйкес қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етіледі.
590. Сағаның жабдығы, құбырлар және қысымды ұлғайту ұңғымасының коммуникациялары шекті қысымға сәйкес және технологиялық үрдістің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
591. Ұңғымаларды бұталы орналастыру кезінде сағалық алаң қауіпсіз қызмет көрсету және технологиялық көліктің келуі, жүк көтергіш жұмыстарының механикалануын ескере отырып жобаланады.
592. Сағалық алаңда және қауіпті аймақта газға қауіпті және жүк көтергіш жұмыстары наряд-рұқсаттама бойынша орындалады.
593. Күкіртсутегі бар кен орындарында ұңғыма сағасынан бұрғылау сорғыларына дейінгі қашықтық 30 м кем емес. Сорғы бөлмесі айналма жүйесінің ашық учаскелерінен тұтас бөгетпен (қабырғамен) бөлінген.
594. Өңдейтін ұңғымаларды және ұңғыма жанындағы жабдықты автоматтандыру жүйесі келесіні қамтамасыз етеді:
1) қашықтықтан басқару қалқанына және диспетчер тетігіне шығарылған, бекіту арматурасының жағдайына белгі беру;
2) ұңғымаға реагентті беру және мүмкін болатын апаттық жағдайларда оның беруін тоқтату, технологиялық көрсеткіштердің апаттық ауытқулары туралы белгі беру;
3) режим бұзылған кезде ұңғыманың автоматты сөндірілуі;
4) өнім аққан кезде автоматты өшірумен, кәсіпшілік объектілерінде әуе ортасының жағдайын бақылау.
28 - тарау. Бұрғылаудан кейін ұңғымаларды игеру және сынау
595. Ұңғымаларды сынау және игеру және осымен байланысты жұмыстар жұмыс жетекшісін, технологияны, жабдықты, қауіпсіздік, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шарларын көрсете отырып, жұмысты ұйымдастыру жоспары немесе жоба бойынша жүргізіледі.
Жұмыс көлеміне және қиындығына, объектінің геологиялық сипаттамасына, қабатты флюидтің құрамына байланысты жоспарда технологиялық регламентті жасау қарастырылады.
Жоспар және регламент орындаушыларға жеткізіледі, жұмыс жетекшісімен бақыланады. Жоспардан, регламенттен ауытқу жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша, белгіленген тәртіпте келісілгеннен кейін жүргізіледі.
596. Жұмысты ұйымдастыру жоспарына желдің кез келген бағыты кезінде мүмкін болатын апаттық газдалу жағдайында қауіпті аймақтан шығу маршруты көрсетіле отырып, жабдықтың, машиналардың, механизмдердің орналасу сызбасы, ТҚА және жақында жатқан тұрғылықты орындарда объектілердің орналасу сызбасы қоса беріледі.
597. Бұрғылаудан кейін барлау және пайдалану ұңғымаларын сынау коллекторлардың гидродинамикалық сипаттамаларын, пайдаланудың тиімді режимін, мұнайдың және газдың өнеркәсіптік қорын бағалау, тиімді қорды анықтау және кен орнын игеру жобасын жасауды анықтау мақсатында жүргізіледі.
598. Ұңғымаларды игеру және сынау бойынша жұмыстар ұңғыманың жұмыстар жүргізуге дайындығы туралы акт болғанда және келесі жағдайлар қамтамасыз етілген кезде басталады:
1) цементті ерітіндіні пайдалану бағанасынан көтеру биіктігі жобаға және жер қойнауын қорғау талаптарына сәйкес;
2) пайдалану бағанасы үлгіленген, бағана ұшымен және превенторлы қондырғымен тығыздалған, ұңғыма сағасында шекті күтілетін қысым кезінде қымталған;
3) превенторлы қондырғысымен саға, манифольдты блок және лақтыру желілері жабдықталған және бекітілген сызбаға сәйкес оралған;
4) флюидті жинау үшін сепаратор және ыдыстар орнатылған. Сепаратор мен ыдыстардың сағасын байлауда иілімді қол жеңдерін қолдануға жол берілмейді;
5) пайдалану және аралық бағаналардың саңылаулануы анықталған кезде ақауларды жойғаннан кейін, қабат аралық ағындардың және бағана аралық қысымның болуы, цементтеудің сәйкес еместігі.
599. Бағананы перфорациялау алдында сағада орнатқанға дейін атқыма арматурасының сынақ қысымына тығыздаумен ашық және жабық күйде беріктік пен қымталуға тексерілген, перфорациялық ысырма орнатылады.
Орнатқаннан кейін ұңғыманы басу кезінде шекті қысымға тығыздау жүргізіледі.
600. Ұңғыма сағасы пайдалану бағанасын перфорациялау алдында белгіленген тәртіпте бекітілген және келісілген сызба бойынша превенторлы қондырғымен жабдықталады. Зарядталған перфораторды ұңғымаға түсіру алдында құралдардың өтуін тексеру үшін үлгі түсіріледі.
601. Қысымдарды өлшеу үшін ұңғыманы тоқтатпастан ауыстыруға мүмкіндік беретін, бекіту және қорғаныс құрылғыларымен манометрлер орнатылады.
602. Манометрлер және шығысты өлшегіштер ұңғыма сағасының жабдығының бекітілген сызбасына сәйкес орнатылады.
603. Арматураны басқару және қызмет көрсету үшін биіктікте басқышы бар стационарлы немесе қозғалмалы алаң орнатылады.
604. Белгісіз қабатты қысым кезінде ұңғыманы бұрғылауда қабатты ашу кезінде қолдану тығыздығымен, шаятын сұйықпен толтырғаннан кейін жол беріледі.
605. Перформация және ағынды шақыру алдында бақыланбайтын ГМСК, АА алдын алу, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар орындалады, ұңғыманың перфорациялауға дайындығы туралы акт жасалады және тапсырыс беруші кәсіпорынмен, АҚҚ келісілген, жұмыс жетекшісінің жазбаша рұқсаты беріледі.
606. Перфорация кезінде ұңғыма сағасында сұйық деңгейін бақылау орнатылады. Оны төмендетуге жол берілмейді.
607. Атқыма арматурасы ұңғыма сағасында орнатқанға дейін сынақ қысымының көлеміне, ал орнатқаннан кейін – пайдалану бағанасын тығыздау қысымына тең қысымға тығыздалады.
608. Атқыма арматурасы қарама-қарсы жаққа бағытталған, екі үрлеу әкеткіштерімен қосылады. Әрбір әкету ұңғыма сағасынан ұзындығы 100 м кем емес және қашықтықтан тұтандырумен шамшырақ қондырғысымен біріктіріледі.
Құбырлар мен әкетулердің бұрандалы құрамаларының түрлері күтілетін қысымға сәйкес, шекті қысымынан 1,25 көлемге тығыздаумен қымталуға сыналады және құрастырылады.
әкетулер бетон немесе метал бетондалған тұрақтарға бекітілді, ол кезде бұрылыстар мен иілулерге жол берілмейді. Әкетуді бекіту әдісі жергілікті кернеулердің пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарады.
609. Атқыма арматурасына құбырлы және құбырдан тыс кеңістік арқылы ұңғыманы тұншықтыру үшін желілер қосылады.
Тұншықтыру желілері кері қақпақтармен жабдықталады. 200 м3/т кем газ факторымен мұнай ұңғымалары үшін желі ұзындығы 50 м құрайды. 200 м3 /т көп немесе күкіртсутегінің болуы кезіндегі газ факторында тұншықтыру желісінің ұзындығы 100 м кем емес.
610. Кешендердің жабдығын түсіру және пайдалану кезінде ұңғымаларды сынау және зерттеу кезінде техникалық сипаттамаға және жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген, Қысыммен жұмыс істейтін сауыттардың құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану талаптарының жағдайлары орындалады.
611. Техникалық куәландыру, беріктік пен қымталуға тығыздау технологиялық ортадан тазалағаннан, арматурамен және тұншықтыру қондырғыларымен құбырлардан ажыратқаннан, жабдықтың, апараттың, сауыттың, технологиялық элементтің құрылымының сыртқы және ішкі жағдайын тексергеннен кейін технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
612. Қондырғыны пайдалану кезінде саңылаулану мен бүлінулер, жұмыс қысымынан асулар, басқару, одақтасу, БӨҚжА қорғаныс қақпақтарының істен шығуы анықталған жағдайда пайдалану бойынша құралға және АЖЖ сәйкес қондырғыны ұңғымадан ажырату және қысымды атмосфералыққа дейін төмендетеді.
613. Қондырғының қорғаныс қақпағын (ажырату диафрагмасы) мұнайды, конденсатты және өзге сұйықтарды ұстау желісі арқылы шамшырақ қондырғысымен жеке құбырмен біріктіріледі. Ол кезде қақпақтардың біреуі іске қосылғанда ұстау желісі арқылы конденсат мұнайдың кері ағуын жоққа шығарылады. Газдағы күкіртсутегінің құрамы 8 % көп болғанда шамшырақ жүйесі құрастырылады.
614. Ұңғыманы сынау және игеру алдында ұңғыманы игеруге жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес, ұңғымада болатын ерітінді көлемін есепке алмай сәйкес тығыздық пен көрсеткіштерде ұңғыманың екі көлемінен кем емес мөлшерде бұрғылау ерітіндісінің қоры, материалдар мен химиялық реагенттердің қоры қамтамасыз етіледі.
615. Күкіртсутегісін ингибрлеу және бейтараптандыру, өнімді жою үшін жабдық болмаған жағдайда пайдалану ұңғымаларын игеруге және зерттеуге жол берілмейді.
616. Өнімді жою болмаған жағдайда барлау және пайдалану ұңғымаларын игеруге және зерттеуге жол берілмейді.
617. Күкіртсутегі бар газды жағу кезінде жұмыс аймағының және тұрғылықты жерлердің ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануы тұрғылықты жерлердің немесе өнеркәсіп объектілерінің ауасынан аспайды, тазалық нормаларынан аспайды.
618. Ағынды шығару және зерттеулер желдің бағыты жақындағы тұрғылықты жерлерден кері бағыты кезінде күндізгі уақытта және объект басшысының бақылауымен жүргізіледі.
619. Ағынды шақыру кезеңіне қабаттар мен тұншықтырудан келесілер қамтамасыз етіледі:
1) ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша, жұмыс орындаушысының және АҚҚ жедел кезекшісінің тұрақты тәулік бойы кезекшілігі;
2) эвакуациялау үшін көліктің тәулік бойы кезекшілігі;
3) цементтеу агрегаттарының жұмысқа үнемі дайындығы;
4) халықтың қауіпті жағдай кезінде қорғауға және эвакуациялауға дайындығы.
620. Ағын болмаған кезде ұңғыманы игеру келесіні қолданумен жүргізіледі:
табиғи немесе жолшыбай мұнай газын;
күкіртсутегіге және көмірқышқылды газына инертті, екі және көп фазалы көбіктің;
оттегінің көлемдік мөлшері 2 % көп емес инертті (түтін) газдарын;
күкіртсутегіге және көмірқышқылды газына инертті, кіші тығыздықтағы сұйықтарды.
Осы мақсаттар үшін ауаны қолдануға жол берілмейді.
621. Ішкі жану қозғалтқыштарынан шығаратын құбырлар, соның ішінде автокөліктердің, тракторлардың және ұңғыма жанында болатын өзге техниканың шығаратын құбырлары ұшқын басқыштармен, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
622. Сынау және игеру кезінде арматурамен, манифольдпен, әкетулерде басқару толық ашылумен негізгі (жұмыс) ысырмаларды қолданумен, жоспарға және сызбаға сәйкес жүргізіледі. Резервті ысырмалар АЖЖ сәйкес, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша, негізгілер істен шыққан жағдайда қолданылады.
Істен шыққан арматураны және ысырмаларды қолдануға жол берілмейді.
Флюид ағынын реттеу үшін штуцерлі құрылғылар қолданылады. Осы мақсаттар үшін ысырмаларды қолдануға жол берілмейді.
Жұмыс жетекшісі арматура мен ысырмалардың толық ашылуы мен жабылуын тікелей бақылайды.
623. Қысым болмаған кезде сұйық ағынын реттеу үшін құрылғыда штуцерді ауыстыру жұмыс аумағының ауасына алдын ала талдау жүргізумен, ұңғыма жабылғаннан кейін 15 минуттан соң жүргізіледі.
624. Ұңғыманы сынау және игеру кезінде сағаға, құбырларға, басқару құралдарына, айналдыру қондырғыларына жақын келуге, технологиялық регламентте көрсетілген, ДО ЖҚҚ, газ белгі бергіштер, қосалқылар, қорғаныс құралдары жоқ болғанда, жұмыс жетекшісінің нұсқауынсыз қауіпті аймақта жұмыстар және әрекеттер жүргізуге жол берілмейді.
625. Ұңғымаларды сынау және игеру бойынша жұмыстар желдің қауіпсіз бағыты, газдалу және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмаған кезде жүргізіледі.
626. Су тасқыны кезінде өзендердің жағалаудағы аймақтарында орналасқан ұңғымаларға сынау жүргізуге жол берілмейді.
627. Тереңдегі құралдармен зерттеу үшін зақымданулары жоқ және қабатты флюидтің сипаттамасына сәйкес келетін, сертификаты бар сым қолданылады. Түсіру алдында және көтергеннен кейін журналға жазыла отырып сымның жағдайы бақыланады.
Күкіртсутегі болған кезде сымды бейтараптандырғышпен және ингибитормен өңдеу үшін құрылғы қолданылады.
628. Зақымданулар, диаметрінің өзгеруі және иілімділігі кезінде сымды қолдануға жол берілмейді және ауыстыру жүргізіледі.
629. Әкетуде ысырманы ашу алдында, ұңғымаға тереңдіктегі құралды түсіру (көтеру) кезінде осы операциялармен байланысты емес жұмысшылар желдің бағыты ескеріле отырып, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша қауіпсіз аймаққа әкетіледі.
630. Әкетуде ысырмаларды басқару, құралдарды және флюид үлгісін қымталған құрылғыларға алу ДО ЖҚҚ қолданумен, қосалқының қатысуымен, газдалуды үнемі бақылау кезінде, жұмыс кезінде және олар аяқталған кезде арматура жағдайын тексеретін, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
631. Құралдарды, аппаратураны, ЖҚҚ өңдеу және тазалау үшін қолдану бойынша құралға сәйкес жуу құралдары қолданылады.
Күкіртсутегі болған кезде бейтараптандырғыштар қолданылады.
Жағдайын және тазалауды бақылауды жұмыс жетекшісі жүзеге асырады.
632. Сынау және игеру бойынша жұмыстар кезінде журналға тіркеле отырып, сағаның, жабдықтың, құбырлардың газдалуын және қымталуын бақылау жүргізіледі.
633. Атқыма арматурасының ысырмаларының жағдайы технологиялық үрдіске байланысты жұмыс жоспарында және сызбада көрсетіледі. Журналға жазыла отырып, үнемі қабатты қысымды бақылау жүзеге асырылады.
634. Қабаттан флюид ағынын шақыру объектінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі кезінде, есептік қысымды құрумен жобаға, жұмыс жоспарына сәйкес қауіпсіз әдістермен жүргізіледі.
Ағынды шақыру әдістерін қауіпсіз қолдану үшін технологиялық регламент жасалады.
635. Ұңғымаларды дірілдету сұйықтың төгілуін, ГМСК, АА пайда болуын болдырмайтын, қымталған құрылғылар болған, қауіпсіздік талаптары орындалған жағдайда жүргізіледі.
Бүркемелер құрылғысы басқару тетігінде жұмыс істеуші персоналды қорғау үшін қалыңдығы 40 мм кем емес тақтайшалардан.
Ұшқынға қауіпсіз материалдан жасалған, бағыттаушы сүзгіні орнату.
Жарылыс өртену қауіпсіздігі бойынша шараларды орындау, қауіпті аймақты белгілеу, персоналдың, көліктің орналасу орнының, әуе ортасының жағдайын бақылау.
Көтергіш құралын қолданумен ұңғыманы дірілдету кезінде созатын ролик орнатылады.
Көтергішті желдетілген жағынан ұңғыма сағасынан 25 м кем емес қашықтықта орнатады.
Дірілдету кезінде жоспарда көрсетілмеген жұмыстарды орындауға және жұмысшының жұмыс жетекшісінің нұсқауынсыз, ДО ЖҚҚ және қосалқысыз қауіпті аймақта болуына жол берілмейді.
Свабты түсіру және көтеру кезінде арқанның жағдайы бақыланады, жүктемені әлсірету немесе көтермелеуге жол берілмейді.
636. Игерілуге жататын әрбір ұңғыма үшін осы жұмыстарға технологиялық регламенттерді ескере отырып, олардың орындалуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындаумен жұмысты ұйымдастыру жоспары жасалады. Газды ұңғымаларда, АВПД, күкіртсутегі бар ұңғымаларда (гидростаттықтан жоғары) жоспар жасалады.
637. Ұңғыманы сынау және игеру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы күн сайын рапорт жасалады.
638. Геологиялық тілікті оқу деңгейіне байланысты барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде келесі зерттеулердің кешені жүргізіледі:
1) механикалық жне газды каротаждың көмегімен қабаттың құрылымы және коллекторлы қасиеттері, литология туралы ақпарат алу үшін геологиялық зерттеулер, қожды талдау, бұрғылау ерітіндісінің қасиеттерінің көрсеткіштерін бақылау, люминесцентті-битуминологиялық талдау;
2) геофизикалық өлшемдер (ашылған тілікте болашақты деңгейжиектерді бөлу және оларды алдын ала бағалау);
3) қабаттың қоректену сипаты, оның гидродинамикалық сипаттамалары және әлеуетті мүмкіндіктері туралы ақпарат алу үшін гидродинамикалық зерттеулер.
639. Бұрғылау кезінде қабаттарды сынау ағынды оятуды, қабатты флюидтің алдын ала үлгісін алуды және сынаудың жоспарланған ашық және жабық кезеңдерін құруды қамтамасыз ететін, жұмыстар кешенін қамтиды. Сынау ұңғымаға бұрғылау құбырларымен түсірілетін, забойға тірекпен немесе тірексіз қабаттарды сынағыштардың көмегімен жүргізіледі.
640. Қабаттарды сынағыштармен жұмыстар тапсырыс берушінің геологиялық және технологиялық қызметтерінің қатысуымен бұрғылау ұйымының тапсырысы бойынша геофизикалық немесе мамандандырылған ұйымдармен орындалады.
641. Ұңғымаларды аралық немесе пайдалану бағаналары арқылы сынау егер де газдың, мұнайдың немесе конденсаттың болуы бұрғылау кезінде сынақпен (сынаумен) нақтыланған болса, міндетті болып табылады.
642. Бағанамен отырғызылған ұңғымаларда объектілерді сынауға бір пайдалану бағанасы арқылы жол беріледі. Екі және одан да көп бағаналар арқылы, бір аралық бағана арқылы сынауға жобаны бекіткен ұйымның рұқсаты бойынша және нақты геологиялық-техникалық жағдайларда қабатты сапалы ашуды қамтамасыз ететін, техникалық құралдар болған кезде ерекше жағдайларда жол беріледі.
643. Ұңғымаларды сынау бойынша жұмыстар кешеніне жобалық құжаттаманы өзгертумен қабатты оқпан жанындағы аймағына жасанды әсер ету бойынша жұмыстарды және қосымша кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулерді қосуға жол беріледі (гидроыдырау, қышқылмен өңдеу және басқалар).
644. Барлау ұңғымаларында қабатқа жасанды әсер етудің әдістерінің бірін жүргізу егер де ол геологиялық-геофизикалық зерттеулердің және үрдіс кезінде сынамалардың жиынтығында болашақты және бағанада қалыпты сынау кезінде нәтиже бермесе міндетті болып табылады.
645. Сынау және игеру кезінде жұмыс жоспарына және атқымаға қарсы қауіпсіздікке сәйкес келетін, кезең сайын араластырумен, көрсеткіштерін бақылау және тіркеумен, ұңғыманың үш көлемінен кем емес мөлшерде шаятын сұйықтың болуы қамтамасыз етіледі.
646. Ұңғыманы игеру кезінде сорғы-компрессорлық құбырларды түсіруге және көтеруге көпірлерде фланецті ұшымен және сағаны қымтауға арналған және ұңғыманы басу қысымына тығыздалған, түтікшелермен қорғаныс ысырмалары болған кезде жол беріледі.
647. ГМСК, электр энергиясын өшіру немесе апаттық жағдайдың пайда болу белгілері анықталған кезде ұңғыма сағасын қымтау жүргізіледі және бұдан әрі әрекеттер жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша АЖЖ сәйкес орындалады.
648. Игеру кезінде жұмысты тоқтату кезінде ұңғымадағы және бағана аралық кеңістіктегі қысымды бақылаумен, сағаны қымтау жүргізіледі.
649. Қорғаныс және реттеу құрылғылары, кері қақпақтар, бекіту арматурасы, құбырлар және сепаратор құрастырғанға дейін тексеріледі және жұмысты ұйымдастыру жоспарына және Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес, кейіннен беріктік пен қымталуға сынау және тестілеумен дайындаушының құжаттамасына және сызбасына сәйкес тексеріледі және орнатылады.
650. Қозғалмалы компрессорлар, қондырғылар желдің басым бағыты және жергілікті жердің кедірлігі ескеріле отырып, сағадан 25 м кем емес қашықтықта орнатылады.
651. Атқыма ұңғымаларын науалы тартпамен игеруге жол берілмейді.
652. Жүргізілген жұмыстар ауысым, тәулік журналында және белгіленген нысандағы ұңғыма құжаттамасында тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |