Мұнай мен газ ұңғымалары құрылысы кезінде газ мұнай пайда болуды тарату бойынша вахтаның алғашқы әрекеттері мен ескерту бойынша әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер



Дата17.07.2016
өлшемі83.5 Kb.
#205895




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «22» қазандағы

№ 36 бұйрығымен келісілген



Мұнай мен газ ұңғымалары құрылысы кезінде

газ мұнай пайда болуды тарату бойынша вахтаның

алғашқы әрекеттері мен ескерту бойынша әдістемелік ұсынымдар

Жалпы ережелер
1. Газ мұнай пайда болудың негізгі белгілері жанама және тура болады.

Газ мұнай пайда болу басталуының жанама белгілері (бұдан әрі - ГМП):

бұрғылау ерітіндісінде суда ерімейтін сульфидтердің көбеюі;

бұрғылау ерітіндісінде суда ерімейтін сульфидтердің пайда болуы;

бұрғылау ерітіндісі ерітіндісі өлшемдерінің өзгеруі;

бұрғылаудың механикалық режимінің күрт үлкеюі, бұрғылау колоннасындағы «сәтсіздіктер»;

роторда айналдыру сәтінің үлкеюі;

бұрғылау колоннасы салмағының артуы;

бұрғылау сорғыларында қысымның түсуі.

Жанама белгілер болуы мүмкін газ мұнай пайда болулар туралы белгі береді және ГМП тура белгілерін бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді.

2. ГМП басталуының тура белгілері:

қабылдау ыдысында бұрғылау ерітіндісі көлемінің (деңгейінің) артуы;

бұрғылау сорғысының өзгеріссіз берілісі кезінде ұңғымадан шығатын бұрғылау ерітіндісі ағынының шығынының (жылдамдығының) артуы;

бұрғылау ерітіндісінде газ болудың көбеюі;

бұрғылау колоннасының ұңғымаға түсу кезінде бұғылау ерітіндісінің (есептіге қарсы) ығыстырылатын көлемінің үлкеюі;

бұрғылау колоннасын ұңғымадан көтеру кезінде бұрғылау ерітіндісінің (есептіге қарсы) құйылатын көлемінің азаюы;

тоқтатылған бұрғылау сорғысы кезінде бұрғылау ерітіндісін ұңғымадан құю.

ГМП тура белгілері табылған кезде ұңғыма сағасын герметизациялауға бірден кірісу қажет.

Герметизациялаудағы саябырлау жағдайды асқындыра түседі және ашық атқылаудың туындауына қатер төндіреді.

Газ мұнай пайда болудың ұңғыма сағасында кері лақтыру жабдығы көмегімен реттеледі.

3. Ұңғыма бағанында газ мұнай пайда болудың себептері мен шарттары:

забойлық астында қабаттық қысымның артуы;

физика-химиялық құбылыстардың туындауы;

өнімді қалыңдықта жыныс опырылуы мен бұрғылануы.

4. Забойлық үстінде қабаттық қысымның арту себептері:

техникалық жобамен талап етілетін шамада қабатта қысымға қарсы құрылуды қамтамасыз етпейтін тығыздамалы бұрғылау ерітіндісі ұңғымасында болу;

көтеру-түсіру процессінде ұңғымада туындайтын гидродинамикалық әсерлер;

ұңғыманы өткізу процессінде бұрғылау ерітіндісі тығыздығының төмендеуі;

көтеру-түсіру операциясы, бұрғылау, ұңғыманы геологиялық зерттеу, ұңғыманы тарату кезінде жұмыс технологиясының бұзылуы;

ұңғымада деңгейдің құлауы.

5. Ұңғымада физика-химиялық құбылыстардың туындау себептері:

флюид пен бұрғылау ерітіндісінің молекулярлық деңгейде өзара әрекеті;

бұрғылау ерітіндісінің жоғары құрылымды-мехникалық және тексотропты қасиеті;

өнімділік қабаттың елеулі қуаттылығы;

өнімділік қабат кесігінде тік сызаттардың болуы болып табылады.

Сағалы лақтыруға қарсы жабдықты

дайындау, монтаждау және пайдалану
6. Жалпы талаптар:

лақтыруға қарсы жабдық жұмысының қарқындылығы мен уақытына қарамастан барлық жағдайда оны жаңа объектте орнату сәйкес акті ресімделумен сығымдау мен тексеруден кейін жүргізіледі;

ұңғыма сағасында орнатуға дейін превентор мен атқылау арматурасы паспортта көрсетілген жұмыс қысымына сумен сығымдалады;

ұңғыма сағасында бұранда кескішті превентор орнату алдында жабық плашка кезінде жұмыс қысымына сығымдалады, ал олардың жұмыс қабілеттілігі плашканы ашып жабумен тексеріледі;

ұңғыма сағасында лақтыруға қарсы жабдықты орнату нақты схемаға сәйкес бақылаушы тұлға басшылығымен бұрғылау бригадасы жүргізеді;

бұрғылаудағы нақты схемаға сәйкес болатын, превенторды қондырғы манифольдының барлық тартпалары нөмірленеді;

бұрғылау астында лақтыруға қарсы жабдыққа еркін кіруге рұқсаты болады;

қолмен басқарылатын жетек ұңғыма сағасынан кемінде 10 м қашықтықта қалыңдығы 50 мм кем емес тақтайдан, металл қаптауы 2 мм немесе ұңғыма жақ қабырға қалыңдығы 5 мм кем емес металл табақтан жасалған металл будкада немесе салмақ астында орналасады және жарылыстан қорғалған орындауда жарықтандырылады.

7. Қабырғада әр штурвал алдында суға төзімді бояумен:

штурвал айналымының ашу және жабу бағытын көрсететін нұсқарлар;

штурвалдың толық жабылуға дейінгі айналымының санын көрсететін сан;

штурвал иініндегі белгімен қиысуы превентордың жабылуына сәйкес болатын белгі;

колоннаны сығымдау қысымының үлкендігі;

орнатылған бұранда кескіш диаметрі мен превентордың реттік нөмірі төменнен жоғарыға көрсетіледі.

8. Превенторлы қондырғыны монтаждағаннан кейін цементтеу стаканын бұрғылауға дейін превенторлы қондырғы сумен немесе ауамен қоршаулы колоннаны сығымдау қысымына сығымдалған. Сығымдау бойынша жұмыстар авариялық-құтқару қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) өкілінің қатысумен жүргізіледі.

9. Сығымдау нәтижесі актімен ресімделген.

10. Дросселдеу пультінде көрінетін орында маңдайшада рұсқат берілетін қысым, ал манометрлерде арнайы белгі көрсетілген.

11. Сағада басқалармен бірге бұранда кесетін превентор орнатқаннан кейін атқымалы ұңғыманы герметизациялау кезінде сағада күтілетіннен 10 % артатын қысымға сығымдалады.

12. Дросселдеу манифольды және лақтыруға қарсы қондырғыны тұншықтыру монтаждаудан кейін қоршаулы колонна қысымына сығымдалған.

Сығымдау сәйкес актпен ресімделеді.

13. Цементтеу стаканын бұрғылаудан және башмактан 1-3 аралық колонна шығудан кейін онда орнатылған лақтыруға қарсы жабдықпен бірге цементтік сақинанының герметикалығын тексеру үшін колонна башмагында забойға су өлшемін айдаумен және оны башмакқа техникалық жобада көрсетілген қысымға 10-20 м көтеруге түсірілген бұрғылау колоннасы кезінде қайтадан сығымдалады.

14. Лақтыруға қарсы жабдықты монтаждау мен сығымдаудан кейін қоршаулы колоннамен бірге ұңғыманы одан әрі бұрғылау АҚҚ өкілінің рұқсаты болған кезде жалғастырылады.

15. Дросселдеу мен тұншықтыру желісінің іші аптасына бір рет ауамен үрленеді. Бұруларды үрлеу нәтижесі ЛҚЖ (лақтыруға қарсы жабдық) журналында тіркеледі. Бұрулар үрлеуді қадағалаушы тұлға қамтамасыз етеді.

16. Ұңғыма сағасында орнатылған превентор бұранда кескіші пайдаланылатын бұрғылау құбырының диаметріне сәйкес болады.

17. Әр түрлі диаметрлі (үш өлшемнен көп емес) бұрғылау құбырының колоннасын пайдалану жағдайында превентор бұранда кескіші бұрғылау құбыры колоннасының жоғарғы секциясының диаметріне сәйкес болады.

18. Бұрғылау мостында диаметрі мен сенімділігі бойынша бұрғылау колоннасының жоғарғы секциясына сәйкес болатын сығымдалған болат құбыр болады.

19. Болат құбыр кері клапанмен немесе ашық қалыпта және бұрғылау немесе қоршаулы колонна астына ауыстырғышпен болатын шарлы кранмен жарақталған, қызыл түске боялған.

20. Қабатты флюидті жуу жолымен ұңғыманы тұншықтыру бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін сағада қысымға қарсы 250 кгс/см² және одан жоғары болған кезде ЛҚЖ тексеру және кезектен тыс сығымдау жүргізу керек.

21. Лақтыруға қарсы жабдықты монтаждау мен пайдалану кезінде:

ұшының колонналы ернемегі бұрандада және УС-1 майлауында немесе ФУМ лентасында орнатылуы;

колонналы ернемекті орнату кезінде колонналы ернемектің төменгі бүйірінен жер бетіне дейінгі қашықтық 200±50 мм кем болмайтын қашықтықты қамтамасыз етуі қажет.

Колонналы ернемек корпусындағы саңылау:

бір жағы тұншықтырғышпен;

екінші жағы мұнара негізі шегінен шығарылған бұру тартпасымен соңында жоғары қысымды кранды манометр жөнделетін және цементтеу агрегатын қосуға арналған бұранда жабдықталады.

ЛҚЖ монтаждау бойынша дәнекерлеу жұмыстарды біліктендірілген дәнекерлеуші жүргізеді. Дәнекерлеу жұмыстарына белгіленген формада акт жасалады.

22. Лақтыруға қарсы жабдықты монтаждау нақты схемаға сәйкес жүргізіледі.

23. Лақтыруға қарсы жабдықтың орауларының барлық түйіндері стандартты құбырлық бұрандалармен жалғастырылады. Дәнекерлеу қосылыстарының түйіндері мен ЛҚЖ үшін осы жабдықты дайындаушы орындаған бөлшектерін пайдалануға рұқсат беріледі.

24. ЛҚЖ орау үшін өнеркәсіп қауіпсіздігі талабынан ауытқумен дайындалған түйіндер мен бөлшектерді пайдалануға жол берілмейді.

25. Жабдықты зауыт-дайындаушыдан алған кезде таңбасы мен бекіту бөлшектерінің болуына назар аудару керек.

26. Превенторлардың лақтыру желілері тегіс өтетін тігіссіз құбырлардан дайындалады.

27. Отандық превенторларды, сондай-ақ тұтандырғыш және дросселдеу желісінің қосылғыш элементтерін бекітуге арналған барлық өзектері мен сомындары 40X және 40XH маркалы болаттан жасалған және «Х» әрпімен таңбаланған.

28. Тұтандырғыш және дросселдеу желісіндегі және колонна аралық бұрудағы манометрлер орауышта немесе жоғары қысым кранының арнайы ернемегінде орнатылған.

29. Импортты превенторлы және трайнофакель жиынтығын орналастыру, монтаждау оларды жеткізу жиынтығы мен нақты схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

30. Импорттық ЛҚЖ бекіту бөлшектері жабдықпен бірге жиынтықта беріледі. Оларды орнату тағайындалуына сәйкес жүзеге асырылады.

31. Тұншықтыружелісінің опырылуы бар амбарға тастауы болады.

32. Колонна ұшының пакер аралық кеңістігі акт жасалумен ауамен сығымдалған.

33. Колоннаны орау колонна ұшы көмегімен жеткізуші-фирма нұсқаулығына сәйкес орындалған.

Газ мұнай пайда болуды

ескерту бойынша жалпы шаралар
34. Бұрғылау ұйымы басшысының төрағалығымен, АҚҚ өкілінің қатысуымен комиссия ГМП күресу бойынша құралдардың, материалдардың болуы мен жағдайын, бұрғылаушы бригаданың оқытылуын, сондай-ақ ұңғыманың лақтыруға қарсы жабдығының жағдайын белгілейді.

35. Тексеру нәтижесі бойынша ұңғыма мен АҚҚ дайындығына акт жасалады, өнімділік қабатты ашуға жазбаша рұқсат беріледі.

36. Бұрғылау бригадасының жұмыскерлері ГМП ерте табу әдісіне, ұңғыма сағасын герметизациялау бойынша тәжірибелік әрекеттерге, ЛҚЖ пайдалану ережесіне, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйретілген.

37. Жұмыс басталар алдында бақылаушы тұлға мен АҚҚ өкілі жеке қорғаныс құралдарының (бұдан әрі - ЖҚҚ) болуына тексеру жүргізеді, жұмыскерлерді ауа райының жағдайымен таныстырады, қауіпсіз аумақтан шығу жолын көрсетеді.

38. Өнімділік аумағын ашу алдында бұрғылаушы бригадаға нұсқаулық жүргізу керек.

39. Ашу алдында және өнімділік қабатты бұрғылау процессінде бұрғылауда:

химреагенттер мен ауырлатқыштар қорының техникалық жобамен белгіленген мөлшерде болуы;

екі шарлы кран (біреу текше астында, екіншісі авариялық құбырда немесе бұрғылауда арқанға ілінген);

ауыстырғыштан, манометр астында ернемекті жоғары қысым тартпасынан және жоғары қысым кранынан, цементтелетін агерегатты қосуға арналған жылдам алынатын жартылай муфтадан тұратын авариялық жиынтық;

цементтеу агрегатының, автомашинаның, бақылаушы тұлғаның, АҚҚ өкілінің, бұрғылаудағы (экспедицияның) радиотелефон байланысының тәулік бойы күзеті қамтамасыз етілген.

40. Өнімді қабатты бұрғылау процессінде бұрғылау ерітіндісінің өлшемдері техникалық жобаға (ГМП) немесе оперативті-технологиялық тапсырмаға (бұдан әрі - ОТТ) сәйкес болады.

41. Ұңғыманы бұрғылау (жуу) процессінде бұрғылау өлшегіш сызғышпен және таукен техникалық зерттеу (бұдан әрі - ТКЗ) станциясы деңгейін көрсеткішімен жабдықталған ерітіндісінің айналысы бір жұмыс өлшегіші арқылы жүзеге асырылады.

42. Бұрғылау ерітіндісін қабылдау өлшегіштерінде қайта бөлумен байланысты жұмыстар тек бұрғылауды тоқтатқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

43. Бұрғылау процессінде ГМП белгілерінің болуына мұқият қадағалау жүргізіледі.

44. ГМП тура белгілері табылған кезде ұңғыма сағасын герметизациялауға бірден кірісу керек.

45. Жұтылу табылған кезде ұңғыманы тереңдету мен бұрғылау сорғысы тоқтатылады.

46. Ұңғыма деңгейінің жағдайын қадағалау және қажеттілігі болған кезде ұңғыманы деңгейіне дейін толтыру керек.

47. Сағада деңгей болмаған кезде бұрғылау колоннасын көтеруге жол берілмейді.

48. Көтеру-түсіру операцияларын жүргізу процессінде құйылатын (шығарылатын) бұрғылау ерітіндісінің көлемінің бұрғылау құбыры көтеретін (түсіретін) металл көлеміне сәйкестігі қадағаланады.

49. Құйғаннан кейін саға мен ұңғыма деңгейі асып кетпегеніне көз жеткізіледі.

50. Құю болған кезде оның сипатын анықтау және ұңғыманы герметизациялау керек. Бұдан әрі жұмыстар жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.

51. Өнімділік қабатын бұрғылау кезінде аялдау ұзақтығы барынша аз болады.

52. Ұзақ жөндеу жұмыстары кезінде (5 тәуліктен артық) жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес ажырату мосты орнатылады.


Ұңғымалар құрылысы кезінде газ мұнай пайда болуды тарату бойынша бұрғылау ауысымының (вахтаның)

алғашқы тәжірибелік әрекеттері
53. Қабатты флюидтің ағынның қарқынына және бұрғылаудағы жұмысқа қарамастан ұңғымаға түсуі табылған кезде бұрғылау ауысымының (вахтаның) әрекеттері ұңғыма сағасын бірден герметизациялауға бағытталған.

54. Бұрғылау, жуу, ұңғыма жұмысы кезінде бұрғылау вахтасы бұрғылаушысының әрекеті:

«Лақтыру» (ұзақ дыбыс) белгісін береді және ұңғыма сағасын герметизациялауға кіріседі, ол үшін:

ротор айналысын тоқтатады;

бірінші көмекшіге іске қосу тарnпасын ашпай-ақ, бұрғылау сорғысын тоқтату туралы команда береді;

ұңғымадан бұрғылау колоннасын жоғары құбыр муфтасы ротор үстелінен 0,5 м биік шыққанға дейін көтереді және жүкшығыр тежегішін тіркейді;

бұрғылаушы пультінен дросселдеу желісінде первентордың айқасты гидро басқарылатын тартпасын ашады;

сфералық (әмбебап) превенторды жабады;

лақтыруға қарсы манифольдың тартпасын жабуға екінші және үшінші көмекшіге команда береді.

Қатты дауыс шығаратын байланыс көмегімен, ал ол болмаған кезде төртінші көмекші арқылы ұңғаманың герметизациясына жауапты тұлғаға, АҚҚ өкіліне және ГТИ станциясының операторына хабарлайды;

бірінші көмекшіге дегазаторды іске қосуға дайындауға команда береді;

ұңғыма сағасын герметизациялаудан кейін 10 минут ішінде бұрғылау құбырлары мен қоршаулы колоннадағы қысымды, сондай-ақ қабылдау ыдысындағы ерітіндінің үлкеюін тіркейді;

сағаны герметизациялағаннан кейін 10 минуттан кейін шарлы кранды текшемен жабады;

қысым қарқынды үлкейген кезде шарлы кранды уақытынан бұрын жабады, текшені бұрап алады, авариялық жинауды бастайды;

бұдан әрі әрекет бақылаушы тұлға көрсетуі бойынша.

55. Ұңғыманы бұрғылау, жуу, қайта дұрыстау кезінде бірінші және төртінші бұрғылаушы көмекшілерінің әрекеттері:

1-көмекші «Лақтыру» белгісі бойынша бұрғылау сорғысын іске қосу тартпасын ашпастан тоқтатады;

бұрғылаушы командасы бойынша дегазатор жұмысын іске қосуға дайындайды және бұрғылауды қадағалайды;

4-көмекші қадағалауға жауапты тұлғаға, АҚҚ өкіліне және ГТИ станциясының операторына ұңғыманың герметизациясы туралы хабарлайды және бұрғылауға барады;

Ұңғыманы бұрғылау, жуу, қайта дұрыстау кезінде екінші және үшінші бұрғылаушы көмекшілерінің әрекеттері:

«Лақтыру» командасы бойынша дірілді електі тоқтатады және бұрғылауға барады;

бұрғылаушы командасы бойынша лақтыруға қарсы манифольд тартпасын жабады.

Көтеру-түсіру операциялары кезінде бұрғылау вахтасы бұрғылаушысының әрекеті:

«Лақтыру» командасын береді және ұңғыма сағасын герметизациялауға кіріседі:

бұрғылаушы пультінен дросселдеу желісінде первентордың айқасты гидро басқарылатын тартпасын ашады;

бірінші және төртінші көмекші көмегімен шарлы кранды авариялық құбырды немесе шарлы кранды бұрап алады;

бұрғылау колоннасын ұңғымаға жоғары құбыр муфтасы ротор үстелінен 0,5 м биік шыққанға дейін түсіреді және жүкшығыр тежегішін тіркейді;

шарлы кранды жабады;

сфералық превенторды (әмбебап) жабады;

екінші және төртінші көмекшілерге ЛҚЖ манифольд тартпасын жабуға команда береді.

Қатты дауыс шығаратын байланыс көмегімен, ал ол болмаған кезде төртінші көмекші арқылы ұңғаманың герметизациясына жауапты тұлғаға, АҚҚ өкіліне және ГТИ станциясының операторына хабарлайды;

бірінші көмекшіге дегазаторды іске қосуға дайындауға команда береді;

қоршаулы колоннадағы қысымды, оның одан әрі рұқсат берілгеннен артуына жол бермей тіркейді;

бұдан әрі әрекет бақылау ИТР жауапты тұлға немесе бұрғылау мастерінің көрсетуі бойынша.

56. Көтеру-түсіру операциялары кезінде бұрғылаушының бірінші және төртінші көмекшілерінің әрекеттері:

«Лақтыру» белгісі бойынша бұрғылаушымен бірге шарлы кранды авариялық құбырды немесе шарлы кранды бұрап алады;

бұрғылаушы командасы бойынша дегазатор жұмысын іске қосуға дайындайды және бұрғылауға барады;

қадағалауға жауапты тұлғаға, АҚҚ өкіліне және ГТИ станциясының операторына ұңғыманың герметизациясы туралы хабарлайды және бұрғылауға барады.

57. Көтеру-түсіру операциялары кезінде бұрғылаушының екінші және үшінші көмекшілерінің әрекеттері:

«Лақтыру» белгісі бойынша полатейден бұрғылауға түседі;

бұрғылаушы командасы бойынша лақтыруға қарсы манифольды жабады.

58. Ұңғымада бұрғылау колоннасы болмаған кездегі бұрғылаушы әрекеті.

Бұрғылау колоннасын көтеру аяқталған соң:

ұңғыманы сағаға дейін толтырады;

ұңғыма сағасында деңгейді құю жолымен қадағалап ұстайды;

асып құюлу табылған кезде «Лақтыру» белгісін береді және ұңғыманы кесетін бұранда кескішті превентормен герметизациялайды.

Қатты дауыс шығаратын байланыс көмегімен, ал ол болмаған кезде төртінші көмекші арқылы ұңғаманың герметизациясына жауапты тұлғаға, АҚҚ (аппаттық-құтқару қызметі) өкіліне және ГТИ станциясының операторына хабарлайды.

Бұдан әрі әрекет бақылауға жауапты тұлға көрсетуі бойынша.



59. Бұрғылаушы көмекшілері ұңғымада бұрғылау колоннасы болмаған кезде бұрғылаушының барлық көрсетулерін орындайды.

____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет