Модуль 04: «Іргелі білім»


Дәріс № 11. Тақырыбы: Аналитикалық химия және химиялық талдау



бет42/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Дәріс № 11. Тақырыбы: Аналитикалық химия және химиялық талдау
Жоспары:
1.Аналитикалық химия пәні, мақсаты мен міндеттері
2.Аналитикалық реакцияларға қойылатын негізгі талаптар.
3.Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері.

.
Тақырыптың маңызы: Химия пәнінің мақсаты химиялық реакцияларды, яғни заттар өзгерістерінің процестерін зерттеу болып табылады. Ал аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық, кейде фазалық құрамын, бізді қоршаған заттар және материалдың, құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғылым. Аналитикалық химияның мақсаты талдаудың, аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін жан-жақты және кеңінен зерттеу, әр түрлі ортада элементтер мен олардың қосылыстарының болу формаларын, агрегаттық күйін оқып үйрену, координациялық қосылыстардың тұрақтылығын және құрылысын, құрымын анықтау, заттардың термиялық оптикалық, электрохимиялық, магниттік және т.б. сипаттамаларын зерттеу болып табылады.


Жоғары оқу орындағы аналитикалық химия курсы теориялық негіздерден және практикалық сабақтардан тұрады, оларсыз студенттерге аналитикалық химияны оқып үйрену қиынға соғар еді.


Кіріспе
Аналитикалық химия – қосылыстардың құрамын талдау негізін құрайтын және химиялық элементтерді бөлу, анықтау және олардың химиялық құрылымын айқындайтын тәсілдерді дамытумен айналысатын химия ғылымының негізгі саласы.
Сонымен қатар оның қысқаша да анықтамасы бар:
Аналитикалық химия пәні дегеніміз химиялық жүйелердің сапалық құрамын, құрылымын және олардың сандық мөлшерін анықтау тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Академик И.Т.Алимариннің анықтамасы бойынша «Аналитикалық химия – заттардың химиялық құрамын зерттеу
Қорыта айтқанда, аналитикалық химия пәні – химиялық талдау әдістерін жетілдіріп дамытатын ғылым.
Аналитикалық химия тұрмыста, тіршілік барысында кең қолданылатындықтан, оның қолданбалы мәселелеріне мыналарды жатқызуға болады;

  • кәсіпорын, өндіріс орындарында өндірілетін өнімдерге, тауарлар мен заттар құрамына, қасиетіне бақылау жасау;

  • зат құрамы мен мөлшерін, құрылымын анықтайтын әдістерді, тәсілдерді жетілдіре отырып, олардың дәлдігін арттыру, автоматтандыру;

  • таза заттар алу барысында, оларды қоспалардан ажыратып бөлуді және бөгде заттармен ластанбау мәселелерін жетілдіру;

  • қоршаған орта, су – ауа тазалығын, экологиялық талаптардың сақталуын анықтау, бақылау;

  • анықталуға тиісті жүйе құрамы мен құрылымын жедел талдауға мүмкіндік ашатын лездік әдістерді ойластыру, жетілдіру;

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты аналитикалық химияның алдында да зор мақсаттар туындап, оған жоғары талаптар қойылып отыр. Ол – жаңа әдістер ашу, талдаудың сезгіштігін, талғағыштығын, дәлдігін орындау жылдамдығын арттыру.
Аналитикалық химия дамуының қысқаша тарихы. Химиялық талдаудың көптеген әдістері ертеден белгілі: кеннен металл өндірген, әр түрлі құймалар алған, шыны балқытқан, қағаз дайындаған, дәрілер, бояулар, хош иісті заттар алған.
Сапалық талдаудың негізін салған Р.Бойль (1627-1691) болды. Ол химиялық элементтер туралы түсінікті толықтырып, оларды күрделі заттардың бөлінбейтін бөлігі деп қарастырды, сонымен қатар, сол негіздегі белгілі сапалық реакцияларды бір жүйеге келтіруге тырысты.
Т.Е.Ловиц тұз кристалдарын зерттеп, оларды бір кестеге келтірді.
1869 ж. периодтық заңның және Д.И.Менделеев (1834-1907) жасаған элементтердің периодтық жүйесінің ашылуы аналитикалық химияның дамуына өте үлкен үлесін қосты. Аналитикалық химияның теориялық негізіне Д.И.Менделеев жасаған ерітінділердің гидраттық теориясының қосқан маңызы үлкен болды.
Аналитикалық химияның дамуына А.Н.Меншуткин (1847-1907) үлкен үлес қосты, ол «Аналитикалық химия» деген оқулық жазды, оны орыс химик – аналитиктер мектебінің негізін қалаушы деп санауға болады.
Швед ғалымы В.Освальд (1853-1912) аналитикалық реакциялардың кинетикалық заңдылықтарын теориялық негіздеу үшін әрекеттесуші массалар заңын қолданды. С.Аррениус (1859-1927) электролиттік диссоциация теориясын 1887 жылы жасады.
1909 С.П.Соренсен рН деген ұғымды енгізіп, оны колориметриялық және потенциометриялық әдістермен анықтау жолдарын көрсетті. С.П.Соренсен буферлі-аралым ерітінділердің толық тізімін, олардың рН өзгеру аралығын, индикаторлық қателік деген ұғымдарды жариялады.
Талдау әдістерін Р.Бунзен, Г.Кирхгофф, М.С.Цвет, М.А.Ильинский, Л.А.Чугаев т.б. әрі қарай дамытқан.
Р.БУнщен мен Г.Кирхгофф спектральді талдаудың негізін қалады, М.С.Цвет – хроматографиялық талдау тәсілін ұсынды, ал М.А.Ильинский мен Д.А.Чугаев талдауда органикалық реагенттерді қолдануға болатындығын айтты.
Қазіргі аналитикалық химияны дамытуда келесі ғалымдар А.К.Бабко, Н.С.Полуэктов, А.Т.Пилипенко, И.В.Пятницкин, И.Л.Алимарин, Ю.А.Золотов, Қазақстан ғалымдарынан О.А.Сонгина, А.И.Зебрева, А.Н.Матакова, К.Ж.Сагадиева, М.Қ.Наурызбаев, Д.К.Мендалиева т.б. өз үлестерін қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет