Реферат Пән: «Аналитикалық қорлар»



бет1/3
Дата01.03.2023
өлшемі109.61 Kb.
#470217
түріРеферат
  1   2   3
Роман.А срс энерго


«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Кафедра: «Химиялық пәндер кафедрасы»


Реферат


Пән: «Аналитикалық қорлар»

Орындаған: Роман А.
Тобы: ФӨТҚБ 06-21
Қабылдаған:Рысымбетова.Ж.К

Шымкент 2023



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Әрекеттесуші массалар заңын қышқылдық-негіздік тепе теңдікке қолдану.
2.Әрекеттесуші массалар заңын "тұнба-ерітінді" типті гетерогендік тепе-теңдікке қолдану және олардың аналитикалық химиядағы орны.
3.Әрекеттесуші массалар заңының тотығу- тотықсыздану тепе-теңдігіне қолданылуы және аналитикалық химиядағы орны.
4.Әрекеттесуші массалар заңының комплекс түзілу тепе-теңдігіне колданылуы және оның аналитикалық химиядағы орны.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Аналитикалық химия – қосылыстардың құрамын талдау негізін құрайтын және химиялық элементтерді бөлу,анықтау және олардың химиялық құрылымын айқындайтын тәсілдерді дамытумен айналысатын химия ғылымының негізгі саласы.
Әрекеттесуші массалар заның иондық тепе-теңдіктің әр түріне қолдану маңызды .Өйткені бұл процестің қатысуымен көптеген маңызды реакциялар іске асады. Тотығу –тотықсыздану реакциялары,тұңбаның түзілуі, кешенді қосылыстар адам өмірінде атап айтқанда метаболизм т.б. үрдістер үшін өте қажет. Адам ағзасына және барлық тіршілікке қажеті d-элементтер (темір, кобальт, марганец, молибден, мырыш) күрделі органикалық қосылыстармен, ақсылдармен және азотты негіздермен байланысып күрделі кешенді қосылыстар түрінде кездеседі. Кейбір кешенді қосылыстардың биологиялық активтіліктері зерттелген.

Әрекеттесуші массалар заңын қышқылдық-негіздік тепе-теңдікке қолдану
Заттардың қышқылдық немесе негіздік қасиеттері көбіне аналитикалық реакциялардың бағытын анықтайды. Қышқылдық және негіздік қасиет-қосылыстардың маңызды аналитикалық қасиеттері болып табылады.Ерітіндіде диссоциацияланғанда Н+ иондарын түзетін заттар қышқылдар деп аталады.
Бұл процестің тепе-теңдік тұрақтысы Ка тең:
Мұны қышқылдардың диссоциация тұрақтысы деп атайды. Қышқыл күшті болған сайын Ка мәні жоғары болады. Ыңғайлы болуы үшін түрақтылық көрсеткішін жиі қолданамыз pKi=-lgKa, рКа мәні күшті кышқылдар үшін теріс мән, ал әлсіздер үшін-оң, рКа мәні қыщқылдылық төмендеген сайын өседі.
ЭОН қосылысы үшін элементтің электртерістілігі төмендегенсайын, Э - О байланысы арқыл ы диссоциация жүреді. Бүл жағдайда негіздер туралы айтады.
Бұл процестің тепе-теңдік константасы Кд мына түрде беріледі:
Кд-негіздің диссоциациялану константасы деп аталады. Кд мені жоғарылаған сайын негіздің күші өседі:
Кейбір гидроксидтерде Э(ОН)п Э-элементі мен Н-атомдарының электртерістігінің мәндері жақын болса, онда Э-О және О-Н байланыстарында бірдей диссоциация жүруі мүмкін, мұндай гидроксидтер бірдей қышқылдық және негіздік қасиетке ие болады. Олар амфотерлі, екідайлы, мысалы HJO амфотерлік қасиет корсетеді (иодтың электртерістілігі -2,2, сутектікі-2,1):
Амфотерлік қасиетті Ве(ОН)2, А1(ОҢ)3, Сг(ОН)3 гидроксидтері де көрсетеді. Сонымен бірге, бұл қасиетті периодтық кестенің орта тұсында орналасқан элементтер көрсетеді.
Аналитикалық химияда тотығу-тотықсыздану реакцияларының маңызы ерекше, оның ішінде сапалық талдауда пайдаланылатын реакциялардың көбі тотығу-тотықсыздану процестерімен байланысты, ceбeбi осы процесс нәтижесінде тұнба түзіледі, ерітіндінің түci өзгереді, газ бөлінеді, т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Тотығу-тотықсыздану процестері сандық талдауда да кеңінен қолданылады.
Медицина мен фармациядағы маңызына келетін болсақ тотығу-тотықсыздану реакциялары адам ағзасында және жан-жануарларда жүретін зат алмасу процесінде және энергия айналымында маңызды қызмет атқарады.
Ағзадағы тағамдык заттардың диссимиляциясының негізгі кезеңдерін қарастыру барысында ағзаны энергиямен қамтамасыз етудің 99% ондағы тотығу-тотықсыздану процестерінің үлесіне тиетін белгілі болды. Сонымен қатар, тотығу-тотықсыздану реакциялары көмегімен ағзадағы метаболизм нәтижесінде түзілетін кейбір улы заттардың ыдырауы да жүреді

Дәрі-дәрмектердің фармациялық қасиеттері және сақтау мерзімін анықтау, олардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерімен тығыз байланысты.


Тотығу-тотықсыздану реакциясы туралы негізгі түсініктер Тотығу-тотықсыздану реакциялары дегеніміз электрондардың бір атомдардан, молекулалардан, иондардан екіншілеріне ауысуымен байланысты жүретін процестер. Электронды бepiп жіберетін бөлшектер-тотықсыздандырғыштар, электронды қосып алатын болшектер-тотықтырғыштар болады. Сол себепті процесс барысында тотықсыздандырғыш электронды бepіп жіберіп өзінің оң тотығу дәрежесін жоғарылатады, ал тотықтырғыш электронды қосып алып, тотығу дәрежесін төмендетеді.
электрондарын мыс (II) иондарына береді сондықтан ол тотықсыздандырғыш, ал Сu2+ электрондарды қосып алып тотықтырғыш қасиет көрсетеді.

Жартылай реакциясың жазатын болсақ:

Zn° - 2 е →Zn2+ тотықсыздандырғыш, тотығады,

Сu2+ + 2 е → С2+ тотықтырғыш, тотықсызданады.


Электрондардьң ауысуы екі әдіспен жүруі мүмкін: химиялық және электрохимиялық.
Электрондардың химиялық жолмен ауысуын заттың сапалық өзгерістерінен байқауға болады (заттың түci өзгереді, не газ бөлінеді немесе тұнба түзіледі).
Электрондардьң электрохимиялық әдіспен ауысуы гальваникалық элементтер жұмысыньң нәтижесінде өтеді.
Реакцияның химиялық энергиясын электр энергия сына айналдыратын құрал гальваникалык элемент деп аталады.
Бұл кезде тотықсыздандырғыш электрондары откізгіш арқылы тотықтырғышқа көшiп, жүйеде электр тогын немесе гальваникалық элементтердің электр козғаушы күшін (эққ) туғызады.

ЭК, К = E()ox-E°Kcd Тотыққан және тотықсызданған редокс жұптарының стандартты тотығу-тотықсыздану потенциaлдарының айырымын реакцияның электр қозғаушы күші деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет