Модуль 04: «Іргелі білім»



бет46/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Б ө л у ә д i с i. Бұл әдiс зерттелетiн заттан немесе материалдан анықталатын құрамдас бөлiктi бос күйiнде бөлiп алып, соңынан дәл өлшеуге негiзделген. Мысалы, қатты отыннан күлдiң массалық үлесiн, әр түрлi сұйық материалдардағы қатты қосындыларды (механикалық) табады.
А й д а у ә д i с i. Әдiс анықталатын құрамдас бөлiктi ұшқыш қосылыс түрiнде толық бөлiп алып, қалдықты немесе тұтылған ұшқыш өнiмдi өлшеуге негiзделедi.
Айдау әдiсi бiрнеше модификацияда қолданылады:

  • анықталатын затты қоспадан айдап, түзiлген затты өлшейдi;

  • анықталатын затты айдап, қандай болса да сiңiргiшке (адсорбент, реактив ерiтiндiсi, т.б.) сiңiредi, сiңiргiштi өлшейдi, массаның қосылуы бойынша айдамның мөлшерiн анықтайды;

  • анықталатын затты дәл өлшендiден айдап, айдау аяқталған соң қайтадан өлшейдi де массалардың айырмасы бойынша айдалманың мөлшерiн анықтайды.

Айдау әдiсiмен материалдың ылғалдығын, кристаллогидратта-ғы кристалданған суды, қандай да бiр қосындыдағы аммоний тұзын, кальций оксидiндегi карбонаттың мөлшерiн және т.б. анықтайды.
Т ұ н д ы р у ә д i с i. Анықталатын компоненттi химиялық әдiспен реагент қосу арқылы нашар еритiн қосылысқа айналдырып, алынған тұнбаны сүзiп, кептiрiп және күйдiрiп, оның салмағын дәл өлшеуге негiзделген. Тұндыру әдiсiнде стехиометрлi жүретiн реакциялар пайдаланылып, реакция өнiмдерi арқылы реакцияға түскен заттардың мөлшерiн есептеуге болады.
Анықталуға тиiстi затты (элемент, ион) нашар еритiн қосылыс түрiнде тұнбаға түсiру оның тұнбалық түрiн бередi.
Мысалы, тұз құрамындағы Са2+ионының мөлшерiн реагент ретiнде аммоний оксалатын пайдаланып тұндыру әдiсiмен анықтауға болады:
Са2+2О42-СаС2О4 (тұнбалық түр)
Пайда болған тұнбаны жуып, кептiредi және күйдiредi. Нәтижесiнде тұнбалық түр СаС2О4 гравиметриялық түрге СаО айналады.
СаС2О4 СО2+СО + СаО (гравиметриялық түр)
Зерттелiп отырған затты (элементтi) анықтау үшiн оның таразыда өлшенiлiп алынатын түрi гравиметриялық түр деп аталынады (1-кестеге қараңыз). Анализденетiн сынамадағы кальцийдiң мөлшерiн түзiлген оксид салмағын өлшеу арқылы есептейдi .
Нашар еритiн қосылыс тұнбаға көшу барысында аморфты және кристалдық тұнбалар түзiледi.
1-кесте.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет