Модуль бойынша бақылау жұмысының сұрақтары 9 – 15 апталар: Кіріспе


Жалпы географиялық шолу карталары



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата25.11.2023
өлшемі150.09 Kb.
#484458
1   2   3   4   5   6   7
9-15 апталар

Жалпы географиялық шолу карталары. 
94. Жалпы географиялық шолу карталарының мазмұнына қандай элементтерді 
бейнелеу кіреді. 
95. Жалпы географиялық карталарда дамыған экономикалық аудандарда қандай 
жол қатынастары бейнеленеді. 
96. Картада теңіздің, мұхиттың тереңдіктерін қандай əдіспен бейнелейді. 
97. Жалпы шолу карталарында жер бедері қандай əдіспен бейнеленеді. 
98. Пластикалық əдіспен құрлық бетін бейнелеу картада фоторельеф деп 
аталады? 
Фоторельеф əдісін қалай алады? 
99. Физикалық географиялық карталар деген не? 


100. Ұсақ масштабты карталарда жол қатынастарының қандай ерекше 
учаскелері бейнеленеді. 
101. Жалпы шолу карталарында өзендер қандай əдіспен бейнеленген. 
102. Бірдей биіктіктерді қосатын қисық сызықтар қалай аталады. 
103. Жалпы географиялық карталарда теңіз паромдарының жолы жəне соңғы 
пункттері көрсетілеме? 
104. Ұсақ масштабтағы шолу емес карталарында елді-мекенді пункттерді жан-
жақты сипаттау қандай картографиялық əдіспен жүзеге асырлады. 
105. “Горизонталь” жəне “изогипс” деген түсініктер тең мағанада бола ма? 
106. Жалпы географиялық шолу карталары бойынша изогипс сызықтары мен 
биіктіктерді пайдалана отырып өзеннің басты жүйесімен салаларының 
көлденен қимасын тұрғызуға бола ма? 
107. Жалпы географиялық карталар бойынша қима тұрғызу географиялық 
комплекстің бір компонентін жан-жақты бейнелеп көрсетуге септігін тигізеді, 
ол қандай компонент. 
108. Шаю əдісі жер бедерін бейнелеуде пластикалық əдістердің бірі, ол карта 
бетінде дөңестік эффект береді. Оны алыу үшін жарықты қандай бағытта 
орналастырады. 
109. Жалпы географиялық шолу карталарында елді-мекенді пункттерді қандай 
белгімен бейнелейді. 
110. Ұсақ масштабты жалпы шолу карталарында жер бедерін бейнелеуде 200 
метрлік изогипсті жер бетінің қандай пішіндегі элементін айыру үшін жүргізеді. 


111. Жер бедерін перспективтік бейнелеуде қандай əдісті қолданады. 
112. Жер бедерлік карталар - бұл жер бетінің құбылысқа байланысты көлемдік 
бейнесін береді, бұнда жер бедері үш өлшемде көрсетіліеді. Ал осы картада 
вертикальды масштаб сəйкес келе ме? 
113. Картадағы берілген көлдің тереңдігін картадағы тереңдік шкала арқылы 
өлшеуге бола ма? 
114. Жалпы географиялық карталарда өсімдік-топырақ жамылғысы бейнеленген
бе? 
115. Жалпы географиялық карталарда бейнеленген өзен арнасының енін карта 
масштабымен есептеуге бола ма? 
116. Жалпы географиялық шолу карталары бойынша изогипстармен биіктік 
белгілерді пайдалана отырып өзендер жүйесінің жəне салаларының ұзынынан 
қимасын тұрғызуға бола ма? 
117. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда мемлекеттік шекаралар 
теңіз жағалауларында көрсетіледі ме? 
118. Жалпы географиялық карталарда 500 метрлік изогипс жер бедерінің қандай 
пішіндерін бөледі. 
119. Егерде картадағы елдің шекарасы өзен аңғарымен сəйкес келген жағдайда 
шекара белгісі қалай көрсетіледі. 
120. Мемлекеттік шекаралар қандай белгілермен бейнеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет