Модуль Жаңартылған білім беру: критериалды бағалау жүйесі


екіншіден, ғылым мен техниканың сәйкес салаларының негізгі бағыттарын, идеяларын  және қарқынын айқындау;  үшіншіден



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата10.03.2024
өлшемі443.63 Kb.
#494844
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
1 лекция

екіншіден, ғылым мен техниканың сәйкес салаларының негізгі бағыттарын, идеяларын 
және қарқынын айқындау
үшіншіден, студенттердің жалпы және ғылыми дамуының деңгейіне, олардың 
дүниетанымына және кӛзқарастарына қойылатын нақты талаптарды ұсынуды қарастырады.
Ғалымдар анықтаған ғылыми пәннің белгілерін жүйелей және қорытындылай отырып, 
ғылыми пәнді құрастыру қағидаларын ұсынды:
– пән - білім жүйесінің талабына сәйкес оқытуға бейімделген ғылыми білімдер, 
процедуралар, әдістер тобы және мазмұны; 


– ғылыми пәннің жеке зерттеу пәнінің болуы; 
– зерттеу мен оқытуда пайдаланатын әдістер; 
– теорияны құрастырудың арнайы тәсілдер; 
– әдіснамалық бағдар; 
– ғылыми пәннің басқа пәндермен ӛзара байланыстары;
– басқа пәндер үшін теориялық және әдіснамалық мәнділігі;
– әлеуметтік маңыздылығы: ғылыми мектептер, зерттеуші топтар 
және т.б. 
– пәнді қоғамның мойындау дәрежесі;
– зерттеу нәтижелерінің практикаға қосқан үлестерінің 
мүмкіндіктері; 
– зерттеу міндеттерін шешудің құндылықты мақсаттары мен үлгілері. 
Бұл ережеде ғылымның пәндік моделін бағалау үшін жеткіліксіз болып табылады. 
Зерттеушілердің пайымдауынша, ғылым оқыту үдерісінде белгілі бір бағыт-бағдар 
бергенмен, бұл оның басты қызметі емес. Оқу пәні ғылымды толығымен қамтымайды, оның 
негізін ғана білдіреді, себебі оқитын адамның дайындығы мен жасы, оқыту міндеті 
ескеріледі, оның негізгі қызметі - оқыту. 
Пән ғылым жүйесінің нақты кӛшірмесі болуы міндетті емес. Пән құрылымын 
анықтауда біліммен қаруландыру міндет бірінші орынға шығарылады. Оқулықты 
құрастырғанда ғылым мәліметтерінің жаңа кӛшірмесі жасалмайды, ғылым жүйеленіп, 
ұғымдар нақтыланып, тереңдей түседі. Оқулық ӛзінің негізгі оқыту қызметін атқара отырып, 
белгілі бір жүйеде құрылады. Кей жағдайда оны құрастырудың осы жүйесі ғылымның ӛзіне 
де оң ықпалын тигізеді. Оқу пәні ғылымдағы тиімділерін ӛзіне кіріктіре отырып, ғылыми 
нәтижелерді тексеруге қызмет етеді. Ғылыми ұғымдар, оқу пәнінде шығармашылықпен 
қайта ӛңделгеннен кейін, ғылымда нақтыланып, ӛзгерген түрде пайдаланылуы мүмкін. 
Бұл тұрғыда оқу пәндері әлеуметтік шындықтың кӛптеген аймақтарымен байланысқан 
тарихи дамуда болатын педагогикалық практиканың аясында қалыптасады және қызмет 
етеді. 
Оқу пәнін құрастыру мәселесі белгілі бір дәрежеде білімді іріктеу және сол білім 
түрлерінің ӛзі қалыптасқан мәдени қордан алынуының, оқу-тәрбие үдерісіне сәйкес 
іріктелген білім жиынтығын ретке келтірудің, білім компоненттері мен сол білім түрлерінің 
ӛзін ажыратудың, білімді сұрыптау және жіктеудің ӛлшемдерінің мәселелері болып 
табылады. Қазіргі педагогикалық әдебиетте оқу пәні бірнеше компоненттерден тұратын 
құрылымы ретінде кӛрсетіледі: идеялық-теориялық түйін; базалық (негізгі) мазмұны; 
қызметтік (қосымша) мазмұны және факультативтік бӛлігі. 
Осы тұрғыда, оқу пәнінің жобасын құрастыру үшін тӛмендегідей тапсырмалардың 
мағынасы зор екендігі дәлелденді. Ол тапсырмалар: 
1. Құрастырылатын оқу-танымдық әрекетінің пәндік аймағын анықтау: 

танымдық қызметке кіретін объектілер шеңберін сызып кӛрсету; 

кӛрсетілген нысандарды зерттеп-үйрету үшін қажетті ұғымдар, мәселелер мен 
әдістер тізбегін бағыттап кӛрсету. 
2. Оқу пәні шегінде игерілетін заңдылықтарды тұжырымдау.
Оқу пәні заңдардың, ұғымдар мен ғылыми әдістерінің қарапайым жиынтығы емес, 
басқа да маңызды компоненттерден тұрады, бұл тұрғыда оны оқыту мен тәрбиелеу үшін 
арнайы жасалған «ерекше білім» деп қарастыруға болады. Ертеректе, оқу пәнін ғылым 
негіздерінің синонимі деп қарастырады, бұл оның тар мағынасы еді, шындығында оқу 
пәнінің құрамына түрлі мазмұнды игеру үшін қолданылатын тәсілдер енгізілген. 
Оқу пәні - оқыту үдерісінде оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мен дамытуға 
бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге асыратын құрал. 
Білім мазмұны мен оқыту пәні бір-бірімен мақсат және құрал ретінде байланыста 
болады. Оқу пәні мен ғылым негіздері - біртұтас ұғым, ал оның құрамдас бӛлігі болып 


табылатын «оқу пәні» құрамы және жүйесі жағынан мазмұны мен үдерістен құрылған. Оқу 
пәні 2 блоктан тұрады: негізгісі - мазмұн мен құралдар блогы, немесе, үдеріс блогы. 
Оқу пәндері мазмұнындағы жетекші компоненттік рӛл атқаратын блоктар: 
1. Мазмұндық блок: пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; шығармашылық әрекеттегі 
тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжірибе. 
2. Үдерістік блок: қосымша білім кешені; әрекет тәсілдері; үрдісті ұйымдастыру 
түрлері. 
Егер, білім мазмұнын білім мекемесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстың 
педагогикалық түсіндірмесі десек, оқу пәні - білім мазмұнының бӛлігі ретінде, ол да 
әлеуметтік тапсырысқа жатады, сонымен қатар білім алушының жалпы танымдық әрекет 
заңдылықтары мен оқыту жағдаяттарына сәйкес оқыту барысында білім мазмұнын жүзеге 
асырады. Оқу пәні - игеруіне тиісті білім мазмұны мен оны білім алушылар игеретін 
тәсілдерді, олардың тәрбиесі мен дамуын жүзеге асыратын негізгі құрал. Яғни, оқу пәні - 
білім маззмұнын беруге арналған арнайы педагогикалық үйлесім, бұл жағынан ол біртұтас, 
соған қарамастан екі бӛлімнен тұрады: мазмұндық және үдерістік. 
Білім мазмұнының тӛрт компоненттік құрамы оқу пәндерінің белгілі бір топтарын 
құрайды. Оқу пәндеріндегі жетекші компоненттер: 
- ғылыми білімдер жиынтығы; 
- әрекеттің белгілі бір тәсілдері; 
- шығармашылық әрекет тәжірибесі; 
- құндылықтар, қатынас тәжрибесі, әлемнің бейнелік кӛрінісі. 
«Кіріктірілген пән» деген ұғым пәндерді жай қосу емес, оқу материалындағы әрекет 
кірігуі, оның мәні мен ӛзара байланысы және жинақтылығына қарағанда әлдеқайда тереңде 
жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет