2-қадам - Банк жобаны қарастырып, шешім шығарады. Егер шешім оң болса, келесі
кезеңге өтеміз.
3-қадам – «Даму» қорына өтінішпен және қажетті құжаттармен жүгіну. Сондай-ақ,
«Даму» қорына өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электронды түрде
жіберуге болады.
4-қадам – «Даму» қоры өтінішті бес жұмыс күні ішінде қарайды және өтінімді
мақұлдай отырып, банкке және кәсіпкерге хат жолдайды.
Енді кәсіпкер жылдық 6% мөлшерлемемен несие ала алады.
Ұлттық жоба аясындағы екінші қолдау шарасы - қарызға кепілдік беру. Көбінесе
кәсіпкер кредит алғысы келеді, бірақ кредит сомасын жабуға кепілдік жетіспейді. Ұлттық
жоба аясында жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін жетіспейтін кепілдердің орнына
кредит
сомасының 85% дейінгі кепілдіктерді пайдалануға болады.
Кепілдіктер алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1 – қадам - кәсіпкер банкке бизнес-жобамен жүгінеді.
2 – қадам - банк кредитті мақұлдағаннан кейін жоба бойынша құжаттарды «Даму»
қорына жібереді
3-қадам - қор оң шешім шығарады және банкке алдын ала кепілдік хатын жібереді.
4-қадам - алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін кәсіпкер, банк және «Даму» қоры
арасында үш жақты кепілдік шарты жасалады.
Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер 5 млн. теңгеге
дейінгі гранттарға үміткер бола алады.
Ол үшін кәсіпкерлік басқармасына хабарласып, қажетті құжаттарды ұсыну қажет.
Құжаттар тізімін сол жерден немесе egov.kz порталынан алуға болады.
Бизнесті дамытуға кредиттерді ауыл шаруашылығының басым салаларында, ауыл
шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеуде, өңдеу өнеркәсібінде және қызмет көрсету
саласында өнім өндіретін кәсіпкерлер ала алады. Қаржыландыруға жататын тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің тізбесі 800 атауды құрайды.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15% құрайды, алайда 9%
субсидияланады және қарыз алушы үшін соңғы мөлшерлеме небәрі 6% құрайды. Несиелеу
мерзімі - 7 жылға дейін. Кредит сомасы 1 млн теңгеден бастап. Кәсіпкерлер үшін 2 жылға
дейін жеңілдікті кезең қарастырылған.
Мысалы, ірі қара мал асырауға кредит алғысы келетін Әділет есімді кәсіпкерді
алайық.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кредит алу үшін Әділет
қаржы институттарына – екінші деңгейдегі банктерге немесе тұрғылықты жері бойынша
кредиттік серіктестіктерге, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясына» жүгінуі керек.
Телефондары мен мекенжайлары көрсетілген кредиттік
серіктестіктердің тізімін
agrocredit.kz сайтынан көруге болады
Біздің кесіпкеріміз Әділет кредит алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға
жүгінуді шешеді, қаржы институты Әділеттің жобасын қарап, оң шешім қабылдады. Оған
аграрлық несие корпорациясы өз бизнесін несиелендіруге дайын екендігі туралы хат
беріледі. Содан кейін кәсіпкер «Даму» қорына өтініш-құжаттар сауалнамасымен жүгінуі
керек.
Бірақ Әділет бизнесі ауыл шаруашылығымен байланысты болғандықтан,
субсидиялар беруге өтініш беру процесі qoldau.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан әрі «Даму» қоры немесе ауыл шаруашылығы басқармасы жобаны қарайды,
оның талаптарға және бағдарламаның шарттары бойынша тізбеге сәйкестігін тексереді.
Содан кейін Әділет, аграрлық несие корпорациясы
және ауыл шаруашылығы
басқармасы немесе «Даму» қоры үш жақты субсидиялау шартына қол қояды.
Осыдан кейін Әділет субсидия алады.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер кепілдер
жетіспеген жағдайда «Даму» қорынан қарыз сомасының 50 пайызына дейін кепілдік ала
алады.
Ұлттық жоба аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы үш құрал бойынша
қаржылай емес қолдау көрсетеді:
1. Ақпараттық-кеңес беру қызметтері
2. Сервистік қолдау
3. Іскерлік байланыстар
Кәсіпкерлер бизнесті ашу және жүргізу туралы ақпаратты,
мемлекеттік қолдау
шараларын, сүйемелдеу, лицензиялар мен рұқсаттарды алу мәселелері бойынша
сүйемелдеуді, мемлекеттік қолдау шараларын алуға құжаттарды дайындауға және беруге
көмек, өнімді өткізуге жәрдем ала алады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетіледі. Сервистік қолдау
қызметтердің төрт түрін қамтиды:
1. Бухгалтерлік және салық қызметтері
2. Заң мәселелері және конкурстық тендерлік рәсімдер жөніндегі қызметтер
3. Маркетинг мәселелері
бойынша қызметтер
4. Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша
қызметтер.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің жоғары және орта буын басшылары үшін
шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетіледі.
Қаржылық емес қолдау шараларын өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «Атамекен»
ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына, G4B.KZ
сайтына хабарласып, сондай-ақ ұялы телефоныңыздан 1432 нөміріне қоңырау шалу арқылы
пайдалана аласыз.
Қазіргі уақытта жаңадан бастаған қазақстандық кәсіпкердің өз бизнесін бастау үшін
қолдау алудың көптеген нұсқалары бар. Мемлекеттік
бағдарламалар төмендетілген
пайыздық мөлшерлемелер, ставкаларды субсидиялау, несиелерге кепілдік беру, кредит
бойынша жеңілдік кезеңдері және гранттар сияқты әртүрлі қолдау құралдарын ұсынады.
Бизнес-идеяны анықтау, бизнес-жоспар құру және дұрыс ұйымға жүгіну ғана
қалады.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарының және өңірлердегі
кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының есіктері өз ісін қазірден бастағысы
келетіндердің барлығына әрқашан ашық. Кәсіпкер кеңес сұрап, толық ақпарат ала алады.
Сәттілік, кездескенше!