Модульдік технология



бет5/9
Дата05.10.2022
өлшемі141.5 Kb.
#461978
1   2   3   4   5   6   7   8   9
модульді оқ

Екінші қадам - әрбір топ үшін технологиялық карта жасалады.
Осы картаны жасау арқылы оқытудағы ерекшеліктер мен қиындықтар тұрғысынан оқытушы оқу мазмұнын толық көре алады.
Үшінші қадам - модульдік бағдарламаны құру. Оның негізгі құрамдас бөлімдері - дидактикалық мақсат және бағдарламаның модульдер жинағы болып табылады. Әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі, ол таңдалған үлкен тақырып немесе бөлімнің мазмұнын ашуын керек.
Содан соң үш деңгейдегі кешенді дидактикалық мақсат анықталып, жазылады: алған білімнің тұлғаның рухани дамуына, өмірлік тәжірибесі мен өзінің кәсіп таңдауына әсері, білім, біліктілігі.
Төртінші қадам - кешенді дидактикалық мақсаттан (интеграцияланған) кіріктірілген дидактикалык мақсат бөліп алынады. Мұнда ақпараттардың аяқталған блогын көрсететін мазмұны іріктеліп, анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейде мақсат анықталады, сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады.
Бесінші қадам - кіріктірілген дидактикалық мақсатты жеке дидактикалық мақсаттарға жіктеу және модульді құрайтын оқу элементтерінің мазмұнын қалыптастыру.
Алтыншы қадам - модульдің өзін құру.

  • Модульді құру әрқашан кіріктірілген мақсатты анықтаудан
    басталады. Оны кестеде оқу әлементі ретінде «О» - деп белгілейміз.

  • Студенттердің жұмысқа дайындығын анықтайтын алдыңғы бақылау тапсырмалары беріледі.

  • Барлық жеке дидактикалық мақсаттар анықталып, оқу элементтері құрылады. Оқу ұстанымдарын басшылыққа алу қажет.

  • Жеке дидактикалық мақсаттар жиынтығы модульдің кіріктірілген мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Барлық модульдегі кіріктірілген мақсаттардың жүзеге асуы - модульдік бағдарламаның кешенді дидактикалық мақсатына әкеледі.

  • Жүзеге асырылған кері байланыс-білімді меңгеру процесін бақылау және басқару негізі.

Мұнда алдыңғы және соңғы бақылау оқытушымен анағұрлым қатар жүргізілсе, ағымдағы және аралық бақылау (оқу элементтерінің тоғысуында) жұмсақ, өзіндік және студенттердің өзара бақылауы.
• Модульді тұрғызуда студенттердің білімді меңгеру - қабылдау,
түсіну, есте сақтау, сақтау, қолдану, жинақтау және жүйелеу сияқты логикасы қатаң сақталады.
Модуль құрылымы - сабақтың типіне сәйкес болады.
Бірінші қадам - модульдің кіріктірілген мақсатын анықтау.
Екінші қадам - сабақтың типіне қарай оқу элементтеріне бөлу.
Үшінші қадам - әрбір оқу элементтерінің мақсатын анықтау.
Төртінші қадам - әрбір оқу элементінің мазмұнын анықтау.
Бесінші қадам - студенттерге берілетін кеңестер мен нұсқауларды анықтау.[7;8;9]
Оқу элементінің /ОЭ/ келесі түрі өте тиімді екенін тәжірибе дәлелдеген.
Оқу модельдерін құру - тапсырмаларға, оқытушы мен студент әрекеттеріне қойылатын талаптар жүйесіне бағынышты.
Тапсырмалар пәнішілік және пәнаралық байланыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді, олар: мазмұны мен танымдық деңгейі сараланған; проблемалы, проблеманы қою және оны шешуге бағыттайтын; білімді игеру механизмін көрсететін және қайталау материалын қосатын (кесте құрастыру, салыстырмалы мінездеме беру) болуы керек және ол модуль мақсатымен кіріктіріледі. Студенттің іс-әрекеті оның жақын даму аймағында өтеді де, студенттің өзін-өзі басқаруына бағыттайды, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, әр сабақта студенттің рефлексивті қабілетін жүзеге асырады.
Оқытушының іс-әрекеті түбегейлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты - модульдік бағдарламаны, модульдерді құру, сабақта ол ұйымдастырады, үйлестіреді, кеңес береді, бақылайды, модульдік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқыту рефлексивті басқарады.
«Оқытудың модульдік технологиясын таңдаған оқытушы студенттердің жалпы оқу білігі жөнінде нені білуі керек?» деген зерттеу барысымызда ашқанымызды қарастырайық.
Оқыту - жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері жағынан алып қарағанда күрделі үдеріс. Бір жағынан ол алған білімін кез-келген жағдаятта жеңіл әрі саналы түрде қолдана алуға үйретеді. Осы оқытумен параллель, әрі тығыз байланыста жүретін маңызды үдеріс бар. Ол білік, яғни студенттердің білімді жеңіл меңгеруін, сонымен қоса оны өз бетінше ала білуін қамтамасыз ететін оқу еңбегінің тәсілдері.
Сондықтан, бұл үдерістердің біреуін екіншісінен маңыздырақ деп бөлек қарауға болмайды. Студенттің алатын білім қорын оқу білігін қалыптастыратын материал есебінде қабылдасақ, онда оқу кезінде қалыптасқан білікті осы қорды жаңа біліммен толықтыруға мүмкіндік жасайды деп айтуға болады. [10]
Оқу білігінің екі түрі болатынын көрсек, жалпы оқу білігі кез-келген пәнді оқытуға қажет болса, арнайы білік жеке пәнді оқытуда қажет.
Біз жалпы оқу білігіне тоқталып өтуді мақсат етіп қойдық. Себебі, ол барлық арнайы біліктердін фундаменті болып табылады.
Сонымен, әрбір студентке оқу кезінде қалыптасуға тиіс жалпы оқу білігі дегеніміз не?
Олар:

  • Оқу - ұйымдастырушылық;

  • Оқу - интеллектуалдық;

  • Оқу - ақпараттық;

  • Оқу - коммуникативтік деп 4-ке бөлінеді.

Оқытушының дайындық жұмысы келесі қадам - әрекеттерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет