Модульдік технология



бет6/9
Дата05.10.2022
өлшемі141.5 Kb.
#461978
1   2   3   4   5   6   7   8   9
модульді оқ

1-қадам: Берілген курс бағдарламасында анықталған тарау, тақырыптар блогы немесе тақырып бойынша меңгерілуі тиіс міндетті білім, білік, дағдыны, мақсат пен міндетті анықтау.
2-қадам: Модульдегі бүкіл оқу материалының мазмұнын зерттеу, пысықтау.
3-қадам: Модульдегі мағыналық «жүкті көтеретін», негізгі ұғымды бөлу, тақырыптағы негізгі ақпарат «жасырынған» рельефті сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін анықтау.
4-қадам: Тақырып бойынша тірек-сызбаларды салу (анықталған негізгі ұғымдар бойынша).
5-қадам: Оқу модулінің бүкіл мазмұны бойынша 15-20 тапсырмадан тұратын тест құрастыру.
6-қадам: Сынақ немесе пән ерекшелігіне қарай алынатын бақылау жұмысы үшін модульдегі бүкіл оқу материалының мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру.
7-қадам: Диалогтық, сұхбат бөлімі. Сабақтарды өткізу түрі ойластырылады. Оқытылатын оқу материалының мазмұнына қарай жеңіл деңгейдегі тапсырмалар, орта деңгейдегі, қиын деңгейдегі - зерттеу элементтері бар күрделенген тапсырмаларды әр студент үшін дайындау [11]
Оқу жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу дегеніміз студенттерге дәріс берудің бұрынғы түрін түбегейлі өзгертіп жаңарту енгізу деген. Ұстаздар қауымы оқулықты қайта қарап шығып, оқулықтағы тарауларды жинақтап, топтап 7-12 сағаттық модульдік сызба (үш бөлімнен тұратын: кіріспе, диалогтық бөлім, қорытынды) түсіреді. Модульдік сызбаға енген тақырыптарды тірек сызбасына түсіреді. 7-12 сағатқа арналған сабақтардың негізгі түйіні тірек сызбадан көрініс алады.
Оқытушы тірек сызбасы арқылы модульдік сабақтың кіріспе бөлімінде алдағы өтілетін сабақтарға түсініктеме жасап түсіндіреді.
Диалогтық бөлімінде сабақтың бірнеше типі мен түрлері қойылған. Оқытушылар тапсырманы жеңілден ауырлата отырып, тапсырманың беру мақсатын бірінші, екінші, үшінші деңгей дәрежесінде құрып әкеліп студенттерді жұптап, топтап оқытуды үйренді. Негізгі мақсат студенттердің өз бетінше жұмыстарын дамыту, олардың логикалы ойлау қабілеттерін дамытатын материалдарды тиянақты, тапсырмаларға қарай топта, талдап, меңгерген білімді бағала, өзара білім деңгейіңді бағала, қорыт деп студенттердің өз бетінше, қауымдасып, кеңесіп жұмыс істеулеріне мүмкіндік туғызу. Бұрынғы стандартты сабақтар бойынша сабақта мұғалім түсіндіреді, 2 немесе 3, 4 студент қана орнында тұрып жауап беру, одан кейін жаңа сабақ түсіндіру, оны бекіту болса, бұл жаңа технологияда колледж студенттерінің өз бетімен жұмыс істеуі негізгі мәселе болып отыр. Оқытушы студенттерді бірнеше топқа (А, Б, С, Д) бөледі. Әр топқа үлестірмелі қағаз арқылы танымдық қабілеттерін дамытатын материалдар береді. Барлық студенттерге жұмыла қарауға, тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Берілген уақытта топтағы студенттер өзара сөйлесіп, кеңеседі. Тексеру әдісінің түрлері арқылы оқытушы немесе студенттер өздерінің бағалауы арқылы топтарға баға қойылады. Бір сабақта 10-15 тапсырма беріліп, орындау арқылы, жарыс ойындары, іскерлік ойындары, дәріс алу ойындары, проблема тудыру ойындары арқылы тапсырмалар орындалып, талданып, білімі бағаланады. Бірлесіп жұмыс жасауда студенттердің өзара сыйластық, шығармашылық, дәлелдеп беруі қажеттілері қанағаттандырылады. Студенттер еркін сөйлеп, дәлелдеп, ашық сөйлеуге үйренеді, дайындығы мен жеңіп шығу арқылы олардың қызығушылығы артады [12]
Модульдік оқыту технологиясы студенттің жеке тұлғасын дамытуға және қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Олар белсенді сөздік қоры, яғни ауызша сөйлеу мәдениетіне үйренеді, өзара көмек және қолдану үрдістерін бірге бастап өткізіп келеді, бағдарламада көрсетілген материалдар меңгеріледі. Оқытылып болғаннан кейін, модульдік қорытынды бөлімінде тестілеу, сынақ хат, бақылау жұмыстары, мазмұндама, шығарма, өзіндік жұмыс қаралған. Бұл кезеңде студенттер әркім өз бетінше жеке дара орындайды. Қорытынды бөлімде қаралған жұмыстардың өте нәтижелілігі оқытушы үшін де, студент үшін де басты мәселе. Себебі студент бұл үшін баға алады, ол журналға қойылады. Студенттің жеке басының бағасы - оқытушы үшін оның іскерлігі мен шығармашылық әдіс-әрекеттерінің қорытындысы. Диалог бөлімінде берілген білім дамыту, пысықтау, бекіту, қорыту мақсаттарында бірлесіп білім алу оны жете меңгеру, ал топтар, жеке студенттер бағаланғанмен, бұл бағалар студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту мен олардың танымдық үдерістерін анықтап алу, яғни қабілетті, орташа қабілетті, дарынды студенттерді анықтап алу болып табылады. Ол бағалар қойылмайды. Журналға түсетін баға әр студенттің жеке басының іскерлігі мен шығармашылығы үшін алатын қорытынды бөлімдегі баға. Модульдік оқытудың сапалық нәтижесі әлдеқайда жоғары екендігіне көз жеткіздік.
Сабақ өту барысында модульдік оқыту технологиясының ұтымды жақтарына көз жеткізуге болады. Технология ауқымында оқу үдерісі мынадай бастапқы жағдайларға көз жеткізді: студенттің көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасты. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану - әр студенттің соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторлары болып табылғандығында.[13]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет