Мөж тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері Орындаған : Молдабек А. Тобы: мнк-211 Қабылдаған : Сұлтанбек М. Түркістан 2023 Жоспары



бет1/7
Дата06.05.2023
өлшемі268.39 Kb.
#473318
  1   2   3   4   5   6   7
Бағалау МӨЖ


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университеті
Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы





МӨЖ
Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері

Орындаған : Молдабек А.


Тобы: МНК-211
Қабылдаған : Сұлтанбек М.

Түркістан 2023




Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі

  1. Критериалды бағалау жүйесінің қағидаттары, мақсаты мен міндеттері

  2. Бағалаудағы халықаралық тәжірибе

III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Бағалау жүйесі оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпараттарды алуға және қолдануға бағытталған саясаттың, түрлі құрылымдар мен құралдардың, тәжірибелердің байланысы болып саналады. Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесінің қазақстандық әдістемесі педагогикалық өлшеулер аясындағы білім беру саясатын дамытудың толыққанды тәсілдерін көрсетіп, бағалаудың барлық элементтерін қамтиды (ережелер, түрлер, механизмдер, рәсімдер, құралдары, есеп беру және т.б.). Әдіснаманы жасау дәстүрлі бағалау жүйесін талдауды және сыртқы сарапшылардың ұсыныстарын есепке ала отырып, жетекші халықаралық тәжірибелерді, идеяларды шоғырландыру және дұрыс шешім қабылдау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде жүргізілді. Халықаралық тұрғыдан оқу маңыздылығының және оның нәтижелерін өлшеудің қажеттілігінің мойындалғанына қарамастан тиімді бағалау жүйесі бар мемлекеттер көп емес. Бұл елдердің (Ұлыбритания, Сингапур, Финляндия, Канада және т.б.) бағалау механизмдерінде елеулі айырмашылықтар бар, дегенмен олардың жетістіктіктерін қамтамасыз ететін ортақ тұжырымдамалық тәсілдемелер қатары анықталады:
1. бағалау критерийлерге негізделеді;
2.бағалау оқу барысындағы үздіксіз мәліметтерді жинауды қарастырады;
3. бағалау нәтижелері оқытуды түзету, оқушыларды ынталандыру, баға қою, есеп беруге дайындалу, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдіру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылады.
Көптеген ірі көлемдегі жетістігі бар бағалау жүйелерінің (SAT, PISA, GRE, GMAT, TIMMS және т.б.) бірыңғай жалпы сипаттамасы бар – олар үкімет, ЖОО немесе жұмыс берушілер және т.б. үшін жасалған, тек емтихан тапсырушылар үшін емес. Бүгінде тек балды тіркейтін емес, оқушының қаншалықты ілгерілеуі бар екенін көрсететін, білім беруді қамтамасыз ететін бағалау жүйесі қажет. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, үнемі мониторинг жүргізуге және оқушылардың оқу үдерісіне қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін жүйені құру мәселесі шешілмейінше, мемлекет өз дамуында білім беру әлеуетін тиімді қолдана алмайды.
Халықаралық және отандық аналитикалық зерттеулер (ААО, Назарбаев Университеті, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банк) бағалау жүйесінің айқындығын, объективтілігін, валидтілігін және нақтылығын қамтамасыз ететін, тиімді жүйені құрастырып, енгізу үшін алдымен, дифференциалды критерийлер мен стандарттардың қажеттілігін көрсетеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанда жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, соған сәйкес мұғалімдерді дайындауды ұйымдастыру, білім берудің әр кезеңінің аяғында ұлттық стандартталған тестілеуді өткізу және мәліметтерді тиімді әрі сенімді жинақтау жүйесін құру қажеттілігін атап өтті.
Жаңа жүйені құрастыру кезінде біз төмендегідей негізгі басымдықтарды бағдарға алдық:
Біріншіден, оқушылар үшін оқу үдерісінің құндылығына қол жеткізетіндей, яғни, оқу сандық баға алу үшін емес, білім мен дағдыны меңгеруге бағыттауға жағдай жасалады.
Екіншіден, нашар бағалардың «салмағы» жойылады: оқушылардың бұрын алған нәтижелеріне қарамастан жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндіктері болады. Олай болса, оқушы бір қанағаттанарлықсыз баға алғандықтан жақсы тоқсандық бағаға үміттене алмайтын жағдайлар туындамайды.
Үшіншіден, объективтілікке қол жеткізу – бұл бірыңғай талаптары, бағалау критерийлері және сапалы бағалау құралдары бар жүйе. Баға балаларға оқуды дамытуға және жоғары көрсеткіштерге жетуге көмектесуі қажет. Ол үшін оқушылар баға қалай және не үшін қойылатынын, қандай критерийлер қолданылатынын түсінуі керек. Сыныптағы тиімді бағалау балаларға еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, жауапкершілік, өзін-өзі реттеу және т.б. сияқты дұрыс қасиеттерді дарытады.
Төртіншіден, баға мемлекеттік органдарды дер кезінде білім беру қызметі сапасының жағдайы туралы, білім беру бағдарламаларын қалай дамыту, педагогтерді кәсіби тұрғыда қалай және неге дайындау керектігі туралы ақпараттандырып отыруы қажет. Осылайша, оқушыларды бағалау жүйесін реформалаудың негізгі элементтері – миссияның жаңартылуы және бағалау мақсаттарының анықтығы, бағалау критерийлері мен сапалы бағалау құралдарын құрастыруы, мұғалімдерге жүйелі қолдау көрсетілуі, стандартталған есеп беру механизмі және білім беру сапасының мониторингі болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет