Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е



бет31/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

Конденсаторлар мен тоңазытқыштар. Арнайы салқындатқыш агентке жылу беру жолымен буды конденсациялау және салқындату үшін конденсаторлар қызмет етеді. Салқындатқыш агент тоңазытқыштарда сұйық ағынын салқындату үшін де қолданылады. Көрсетілген аппараттарда мақсатты процесс ыстық ортаны конденсациялау және салқындату, ал салқындатқыш ортаны жанама қыздыру болып табылады. Егер сұйық ағыннан суыту кезінде зат кристалдары бөлінсе, онда осы процесс болатын аппараттар кристаллизаторлар деп аталады.
Беттік жылу алмасу аппараттары және араластыру аппараттары. Жылу беру процесі аппараттың құрылымына байланысты екі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін: жылу алмастырғыш ортаны бөлетін бет арқылы және олардың тікелей жанасуы арқылы. Бірінші жағдайда жылу алмасу аппараттары беттік, екінші араластыру аппараттары деп аталады.


2.2.2. Беттік жылу алмасу аппараттары

Мұнай өңдеу зауыттарында беттік жылу алмастыру аппараттарды қондырғыдан ағынмен шығатын жылумен шикізатты қыздыру үшін қолданады: қондырғыдан сұйық, қатты және газ ағындарынан шығатын жылуды есебімен су буын алуға арналғанқазандық-кәдеге жаратушылар, арнайы жылу тасығыштар көмегімен қыздыру жүзеге асатын жылытқыштар, буландырғыштар, қайнатқыштар, салқындату агентімен (су, ауа, буланған аммиак, пропан) жылуды жоятын тоңазытқыштар мен конденсаторлар.


Беттік жылу алмасу аппаратының мақсаты ыстық ағыннан белгілі бір жылу мөлшерін алып, оны суық ағынға беру болып табылады. Жылу шығыны болмаған кезде бөлінетін (Qi) және иеленген (Q2) жылу мөлшері тең. Іс жүзінде аздаған жылу шығындарын (2-8%) жылу алмасудың қажетті бетін анықтау кезінде әрдайым ескеру қажет.
Жылулық тепе-теңдік. Жалпы түрде екі ағынның жылу алмасу кезінде тепе-теңдік теңдеуін (2.1) формула бойынша жазуға болады:
(2.1)
Мұндағы: -бөлінген және қабылданған жылуға сәйкес ағындар мөлшері, кг/сағ; -бастапқы және соңғы температурада бөлінген жылу ағындарының энтальпиясы, ккал/кг; -қабылдаған жылу ағындарының энтальпиясы; -жылуды қолдану коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет