Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау
Пластиналық сүзгілерін дайындаушы зауытта бақылаумен жинағаннан кейін, бөлшектенген түрде құрастыру алаңына келіп түседі. Парақша сүзгілерді құрастыру белгілі бір кезектілікте жүргізіледі. Екі темір жартылай цилиндрден тұратын корпусқа екі тіректі болттармен бекітеді және оны дайын іргетасқа орнатады. Кейбір жағдайларда іргетасқа тіректерді орнату, тексеру оларды бекіту, ал одан кейін цилиндрді орнату ыңғайлы болады. Екі жартылай цилиндрдің ажыратылу жазықтығы бағыты бойынша сүзгінің көлденең жату жағдайын мұқият тексереді. Төменгі жартылай цилиндрге кронштейнді бекітіп оған кері салмақ плитасын кигізеді. Осыдан кейін рамаға штогы бар водила көмегімен кері салмақ үшін кронштейнмен шарнирлі жалғастырылатын гидродомкратты орнатады.
Жоғарғы цилиндрдің жиегінде қысқыш механизмнің тісті берілісімен штурвалдың осінің айналуы демек цилиндрдің өзінен өзі саңылаулануын болдырмайтындай ажыратып тастағышы бар жетектеуші штурвалға орнатады. Цилиндрдің үстінде сүзгімен жинау коллекторын және коллектордың әрбір сүзетін дискісімен жалғастыратын өткізу құбырының бөлшектерін жинастырады. Бекіту механизмінің штурвалы тартылып тұрған кезде тірек болттардың гайкасы төменгі цилиндрдің тоқтау бетінде тығыз сығылуы қажет; басқаша жағдайда бұл гайкілердің шплинттен босатып алады, сығып тартып тағыда шплинттейді. Осындай түрмен жартылай цилиндрлерді жалғастыратын артқы шарнирлі болттардың люфтісін дұрыстайды. Цилиндрдің саңылаусыздығын гидравликалық сығымдаумен тексереді, бұл үшін сығымдайтын сұйықты беретін біреуінен басқа барлық щтуцерлерді бекітеді. Тамшылау себептері тіректік және шарнирлік болттардың біркелкі емес тартылуы, түйісу беттері арасындағы сапасыз төсем немесе төсемнің үзілуі, бекіту механизмі штурвалының жеткіліксіз тартылуы болып келеді[6].
Төменгі цилиндрдің түйісу бетіндегі ойыққа салынатын тура бұрышты қимадағы төсемнің жиырылуы немесе бұралуы болмауы керек, төсем ұштарын «құлыпқа» нығыздап келтіреді. Бекіту механизмінің дұрыс емес жұмыс істеуі, мойынтректердің эксцентрикті біліктің тірек болттар төлкенің кемірілуінен тісті берілістің үйкелуімен себепкер болады. Гидравликалық сығымдаумен сығымдау сұйығын құйып алғаннан кейін гидродомкрат көмегімен сүзгіні ашады. Төменгі цилиндрді толық ашылу кезінде, шарнирлі болттар төлкенің қозғалмайтын осі айналасында 105оқа айналдырады. Төменгі сүзгінің осындай жағдайында сүзетін дискінің орнатылуына кіріседі. Орнату алдында дискінің жағдайын бәрінен бұрын сүзетін материалдың тұтастығын, сапасын мұқият тексереді.
Жөндеу кезінде жұмыстың негізгі көлемі пластиналық сүзгілерді пайдалану кезіндегі жоспарланбаған тәртіпте жүргізіледі. Мұндай жұмысқа жататындар: болттарды тартып қатайту, төсемдерді алмастыру, тірек болттардың деформацияланған гайкаларын алмастыру, краниктер коллекторындағы қарап өту әйнектерін алмастыру, құбыршаны жалғастыратын сальниктердің толтыруларын алмастыру, ауаны үрлеумен беру үшін каналды тазалау, жарамсыз сүзетін дискілерді дұрыс жұмыс істейтіндермен алмастыру болып табылады.