Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е


Сүзгілердің режимдік параметрлерін ретке келтіру



бет38/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

3.2.Сүзгілердің режимдік параметрлерін ретке келтіру

Мұнай өңдейтін және химия заводтарында рамалық пресс-сүзгі,пластиналық және вакуум сүзгілеркең қолданылады.


Рамалық пресс-сүзгінің дұрыс жұмыс істеуі сүзілетін қағаздың орнату орнындағы тығыздығынан, бұл қағаздың тұтастығынан, плита рама бұрыштарында тесік осьтерінің дәл сәйкес келуінен, коллекторды сүзетін камерасы коллекторды жалғастыратын тесік-каналдың тазалығынан сүзгіатты құйып алу үшін тесік-каналға тәуелді болады. Сүзгіні құрастырумен жөндеу кезінде бұл шарттарды қатаң сақтау қажет. Плитаның (Сурет 3.3) және раманың (Сурет 3.4) түйісу беттері жақсы өңделініп құрастырғаннан кейін бір-біріне қатаң қатарласатындай болуы керек, қажетті тығыздықтың болуына кепілдік болу мүмкін емес. Өте қатты қысым тарту кезінде шойыннан құйылған плитамен рамасының сынуы мүмкін.









Сурет 3.3Пресс-сүзгінің рамалық плитасы

Раманың жиырылуы жағдайы белгілі, мұндай раманы жарамсыз деп есептейді. Раманың және плитаның сынуы себебі сүзетін қағаздың біркелкі еместігі болмаса, ондағы түйісу орындарындағы жиырулар болуы мүмкін. Сүзетін камераның саңылаусыздығы, камерадағы тұнбалардың толуы салдарынан ондағы қысымның максимальды рұқсат еткеннен артық болуынан бұзылады[6].


Сол себептен апатты болдырмау үшін, қысым жоғарылаған кезде жүйені ажырататын клапанның дұрыс жұмыс істеуін тұрақты қадағалау қажет. Рамадағы және плитадағы канал-тесіктерді щуппен тексереді. Бұл каналдардың бітеліп қалуы, бір жағынан қысымның болуы әсерінен плитаның сынуына себеп болады. Плитаның раманың беті бірте бірте тозады, сол себептен егер сүзілетін орта өте басып алғыш болса бетін қорғасынмен қаптайды немесе жамылғымен жабады. Сынған плитаны және раманы жаңасымен алмастырады. Жөндеу кезінде қысқыш құрылымды тексеруден өткізеді. Электромеханикалық қысылу жағдайында редукторды ашып бұрандалың гайканың жағдайын тексереді. Гидравликалық қысылу жағдайында плунжердің, цилиндрдің бетін, сонымен бірге сальникті тығыздағышты тексереді.
Құрастыру кезінде бәріненде бұрын іргетасқа тіректі немесе плитаны орнатады олардың көлденеңдігін қатаң тексереді, іргетастағы болттармен бекітеді. Одан кейін өзіне сәйкестіктегі тіреуші плиталардың тіректерін гайкамен бекітіліп тірек балкалармен жалғастырылатын қысқыш механизмнің корпусын орнатады. Тасымалдау кезінде бұзылуы мүмкін тірек балканың түзулігіне назар аударады.Жинағаннан кейін тірек балка жеткілікті түрде берік плитасы рама ауырлығынан майыспауы керек. Қысатын плитаны тірек балканың бағыттаушысына құлақшамен орнатып қысқыш құрылғының штогымен жалғастырады. Тірек және қысқыш плиталар арасында өзінің қанатшаларымен тірек балкаға тіреліп кезектесетін рама плитаның қажетті санын орнатады. Пайдалануға сүзгіні қысымдаумен қысқыш материалды сынақтан өткізгеннен кейін тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет