Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет104/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

Мойны бір жалпақ бұқадай, 
Балуаннан нөкер барлатып, 
Күреске салар ма екенбіз?! 
(Ақтамберді жырау, Күлдір-күлдір кісінетіп, 63 б.);
2. Беглерім мінсе шұбарын, 
Жұлындай қылып жаратып! 
(Ақтамберді жырау, Күлдір-күлдір кісінетіп, 63 б.)
 
Немесе:
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз, 
Арғымақтың талдай мойнын талдырып 
(Доспамбет, Айнала бұлақ басы тең);
 
3. Хандар шыққан төбедей
Қабырғадан бүтін шыққан сүбедей
Аударылмас қара кемедей
Қандыауызға сырлап салған жебедей 
(Шалкиіз жырау, Ер Шобан).
Бұл үзінділерде салыстыру нысаны етілген шамалар бір-бірінен тым алшақ 
және оларды теңестірудің өзі шындыққа жанасымсыз. Мұнда нөкердің жоны 
(арқасы) жотадай болуы – тіпті ақылға сыймайтын, шындыққа жанаспайтын 
фантастика. Ал екінші үзіндідегі арғымақ атты қанша жаратса да, артық ет пен 
майдан арылып, жіңішке жұлындай болуы мүмкін емес. Бұл да – шындыққа 
жанаспайтын мөлшерлік теңеу. Арғымақтың мойны талдай болуы да мүмкін 
емес. Толғаулардағы теңеуге негіз болған – заттардың сыртқы пішіні. Мұнда 
көркемдік бояуын тым қоюлатып, эстетикалық әсерін күшейткен. Осының өзі 
белгілі семантикалық сұраныс үшін таңдалып, контекске сай жасалып отыр. 
Оның шындыққа жанасымды жері де бар. Жоғарыдағы мысалда заттардың тек 
сыртқы тұлғасы ғана салыстырылмаған. Сондай-ақ қимыл-қозғалыстағы, мінез-
құлқындағы жекелеген ұқсастықтар да салыстырылған. Яғни батыр 
психологиясына тән басты-басты ұғымдарды сипаттау үшін де қолданылған. 
Мұнан біз көркем сөз табиғаты мен оқырманның эстетикалық талғамы қашан да 
дәлдік шамадан гөрі әсірелі шамаларды ұнататынын аңғарамыз. 
Теңеудің материалы – қашан да заттар. Сондықтан барлық теңеу түрлерінде, 
түрлі белгілеріне қарай, не заттардың (деректі-дерексіз) заттық тұлғасы, не 
олардың қимыл-қозғалысы өзара салыстырылады. Осыған қарай мөлшерлік 
теңеулер де үш түрлі болады: 1) Заттар мен заттарды теңеу; 2) Қимыл-құбылыс 
пен заттарды теңеу; 3) Қимыл-құбылысты қимыл-құбылысқа теңеу. Мысалы:
1. Ай, Абылай, Абылай, 
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің. 


148 
Түркістанда жүр едің 
(Бұқар жырау

Ал, тілімді алмасаң, 91-92 б.);
 
2. Алтын тақтың үстінде 
Ақ сұңқардай түледің 
(Бұқар жырау

Ал, тілімді алмасаң, 91-92 б.).
 
Бұл үзіндіде тұрымтай құс пен болашақ хан Абылай салыстырмалы түрде 
алынып, Абылай «дәрежесі де, дене кесімі де кішкене, жай ғана адам» ретінде 
сипатталған. Тұрымтай сұңқар тұқымына жататын жыртқыш құс болғанымен
денесі көгершіннен сәл ғана үлкен, шағын құс. Халық танымында ол ұдайы «кіші, 
шағын» деген ұғымдармен байланысты көрініс табады. Бұл туралы өткен 
тарихымызда мынадай дерек кездеседі: «Жәнібек тұсында Хан Кеңесі екі түрге 
бөлінетін. Бірін «Тағанақ кеңесі» деп атайтын, екіншісін «Тұрымтай кеңесі» 
дейтін. Біріншісі үлкен Хан Кеңесі деген мағынада, екіншісі кіші Хан Кеңесі 
деген түсінікте. Біріншісіне елеулі рудың басты адамдары тегіс жиналады. Онда 
хан сайлау, соғыс ашу тәрізді күрделі істер ғана қаралуға тиісті. Сондықтан бұл 
кеңесті кейде үш жүзге бөлінерде бас қосқан жерінің атымен «Қаратұз кеңесі» 
деп те атаған. Ал Тұрымтай кеңесінде басқа жұртқа елші жіберу, қонысқа жер 
бөлу тәрізді жеңілдеу мәселелер шешілген» [213, 289 б.]. Бұл тарихи дерек 
сипаттағандай, тұрымтай құстың сыртқы пішіні ғана емес, ішкі қасиеті, айырым 
белгілері де халық танымында терең менталды мазмұнға ие болған. Халық 
жадындағы білімдер жүйесінде тұрымтай құстың тағы бір ерекше қасиеті 
сақталған, ол – оның адамға ерекше үйірсектігі. Осындай қасиеті үшін қазақ 
құсбегілері тұрымтайды сүйікті құсы ретінде жақсы көрген. Осыған сәйкес, 
Бұқар толғауында Абылайдың тұрымтай ретінде сипатталуында да болашақ 
ханның не істесе де өз ортасына сыйымды, сүйкімді қасиеті де сипатталып 
отырған болса керек.
Ал толғаудың екінші бөлігінде тұғыр мен алтын тақАбылай мен ақсұңқар 
өзара салыстырылады. Мұнда да салыстырулар заттардың сыртқы пішіні мен 
ішкі қасиетіне байланысты. Бір қарағанда, параллелизм болып көрінеді. Тұғыр 
үстінде сұңқар құстың серкесі, ірісі ақсұңқар түлесе, соған ұқсас, қасиетті
қымбатты алтын тақ үстінде Абылайдай асыл ер де түлейді. Мұны, бір жағынан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет