Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет107/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

пейілі абстракті, дерексіз заттық ұғым, ал кең сөз нақты деректі заттық ұғымның 
ішкі кеңістігін көрсететін мөлшерлік ұғым. Тіркесім үйірі мүлде бөтен екі сөз 
тіркескенде, дерексіз ұғым нақты заттық ұғым сияқтанып, мағынасы ауысып, 
ортақ ұғымды сипаттап тұр. Сондықтан мөлшерлік метафоралар да баяндау 
мәнді емес, сипаттау мәнді болып келеді. Біз кезекті сөз еткелі отырған 
мөлшерліктердің айрықша бір үлгісі осы – мөлшерлік метафоралар. Мөлшерлік 
метафоралар дегеніміз – көркем мәтіндерде «мөлшер» ұғымының образды, 
ауыспалы мағынада берілуі. 
Метафора бұл – үдеріс, тілдің тірі өмір сүру, әрекетке, образды бейнеге ену 
үдерісі. Сондықтан бұл үдерісте метафора емес тілдік құбылыстар біртіндеп 
метафораға айналады. Кейде керісінше, метафоралық қолданыстар өзінің әуелгі 
ауыс, образды мағынасын жоғалтып, лексикаланады. Тіпті кей тілдік 
қолданыстар толық метафораға, метафораның жоғары деңгейіне жете алмауы 
мүмкін. Бірақ оған қарап біз оны метафора емес дей алмаймыз. Толық 
метафораға жетпеген, бірақ сол бағытқа қарай жылысып бара жатқан сөздер де 
бар. Бұл метафораланудың өтпелі кезеңінің көрінісі. Тілдің аралық бірліктері, 
өтпелі кезеңде тұрған тілдік қолданыстар тілдің ең қызық әрі ең күрделі 
көріністері саналады. Осы орайда тілдегі метафоралық қолданыстарды түптамыр 
дереккөздер – Орхон-Енисей ескерткіштері негізінде арнайы зерттеген 
Ж.А.Абитжанованың мына бір пікірі орынды айтылған: «Жалпы алғанда, тіл – 
өлі метафоралардың қоймасы деп айтуға болады. Өйткені көптеген метафораның 
ауыс мағынасы ұмыт болып, қалыпты лексика құрамына кірген» [216, 16 б.]. Біз 


153 
осы «қоймадан» бітімі бүлінбей сақталғандарын ғана тани аламыз. Жыраулар 
поэзиясында да осындай сападағы метафоралар кездеседі. Мысалы: 
Ормандай көп Орта жүз, 
Содан шыққан төрт терек,
Тұғыр болған сол еді,
Сіздей төре сұңқарға 
(Бұқар, Қазақтың ханы Абылай, 100 б.).
Мысалдағы ормандай көп Орта жүз тіркесі образды, бейнелі мәнде келген 
тіркес. Бұл тіркес бір қарағанда ұлғайған теңеу сияқтанып көрінеді. Әдетте -дай, 
-дей теңеу тұлғалы сөздер тіркес соңынан келсе, бір затты екінші затқа теңеген 
нақты теңеулік мағынаны білдіреді. Ал мысалдағыдай алдынан келсе, мағынасы 
ауысып, нақты теңеуден гөрі бір ғана абстрактілі ұғымды білдіреді (Мысалы, 
айдай әлем – барша әлем).
Метафораның тағы бір белгісі – заттар мен құбылыстар айнала табиғаттағы 
образды ұғымдармен ұқсастырылады. Бұл туралы Қ.Өмірәлиев те: «Метафора 
теңеу сияқты суреттеудің, сипаттаудың негізгі бір тәсілі. Мұнда суреттеу, 
сипаттау, баламалау арқылы жасалады, яғни суреттелетін объект өзге күллі 
дүниеден өзіне ұқсатылған балама табады. Өзінің екінші образын (кейпін), 
дәлірек айтқанда, екінші өзін табады. Ал бұл «екінші өзі» «бірінші өзіне» деген 
көзқарас, түсінік, таным, бағалауға қарай қасиетті, қасиетсіз топтардан (зат, 
құбылыстан) тұрады», – деп кейбір метафоралы тілдік құбылыстардың ішкі сыр-
сипаты туралы тамаша айтқан [29, 233 б.]. Адам ормандай болмасы анық, бірақ 
адам мен өсімдік (орман) ұқсатылуы арқылы образды мән алып, бейнелі жаңа 
мағынасын тудырған. Мұнда ормандай көп Орта жүз құрылымы «көп, ел іргесін 
кең жайған» деген жалпылама «сандық мөлшер», «кеңістік мөлшер» ұғымдарын 
білдірген. Тіркесте образды ұғымдарды пайдалана отырып, тыңдаушыға сөздің 
әсерін барынша күшейтіп беру көзделген. Яғни автор сөздің оқырманға әсер ету 
қызметін мықтап ескерген. Бұл тектес бейнелі ұғымдар сөз зергерлері болмаса, 
қатардағы адамның санасына түсе қоймайды, мұның өзі тіл жұмсаушының 
(жырау) шеберлігін көркем ойлау өресінің жоғарылығын көрсетеді.
Жоғарыдағы құрылымның толық метафораға жетпегендігінің тағы бір 
көрінісі – тіркесте образдылық болғанымен, тура мағыналы көп сын есім сөзі
тіркес ішінде келуі. Міне, бұл тіркестің метафоралық сапасын бәсеңдетіп тұрған 
сияқты. Құрылымы тұрақтанбаған, метафораланып бара жатқан тіркестердегі 
«мөлшерлік» ұғымдарды нақтылаушы компоненттер сияқтанып көрінеді. 
Мұндай тіркестер көркем тіл алаңында жиі қолданыла келе, құрамындағы 
қосымшалар, көмекші тілдік бірліктер ығысып, таза метафораға айналуы мүмкін 
(Мысалы, ормандай орыс – «орыс – орман», таудай тұлға – таутұлға). Сондықтан 
болса керек, А.А.Потебня метафораны «қысқарған теңеу» деп тұжырымдайды. 
Метафоралар авторлық (окказионалды) және халықтық болып бөлінеді. 
Жеке авторлық ізденістен туған мөлшерлік метафоралар болсын, халықтық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет