Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет3/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ
 
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тіл тірі организм ретінде көптеген 
ұғымдар аясында өмір сүреді. Осы ұғымдардың қатарынан мәні, ауқымы, 
көнелігі, өзектілігі жағынан айрықша ерекшеленетіні – «мөлшер» ұғымы. 
Мөлшер – болмыстағы заттар мен құбылыстардың заттық, сандық, сындық, 
қимыл-қозғалыс қасиеттерінен туындайтын түрліше деңгейден құрылған шама. 
Табиғат, ғалам, бүкіл тіршілік қандай да бір мөлшер негізінде құрылады. 
Сондықтан адамзат таным үдерістерінің бір ұшы «мөлшер» ұғымымен 
байланысып жатады. «Мөлшер» ұғымы жалпы адамзаттық болғанымен, тілдегі, 
санадағы көрінісі этностық, ұлттық сипат алады. Яғни әр этностың тыныс-
тіршілігімен, өмір сүру салтымен, әдет-ғұрып, наным-сенім, құндылықтарымен 
етене қабысып жатады. Сондықтан «мөлшер» ұғымы – сананы ұлттық 
болмыспен байланыстырушы арналардың бірі.
ХХІ ғасырда жаһандануға қарсы ұлттық идея да қарқын алып отыр. Мұның 
терең мәні бар. Өмірдің барлық саласы стандартизацияға айналып, соның 
салдарынан ұлттық бояуы бар көптеген құндылықтар жойылуға бет алды 
(Ғ.Есім). Бұл өз кезегінде адамзат руханиятына орасан зор құлдырау әкелді. Ал 
осы тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – жаһан көшіне ұлттық құндылықтар 
негізінде ілесу екені айқын танылды. Бұл туралы Елбасы дәуірлік мәні бар 
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында нақты айта келіп: 
«Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау 
алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол 
ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа 
айналуы оп-оңай», – деуі біздің болашағымыз ұлттық құндылықтар мен оның 
негізін құраған кодтарда жатқанын айқындады. Ал рухани кеңістіктегі осы тілдік 
кодтардың бірі – әлемді «мөлшер» ұғымы аясында тану. Міне, осы тұрғыдан 
келгенде, «мөлшер» ұғымын зерттеудің өзектілігі айқындала түседі. «Мөлшер» 
жай ғана шамалар жиынтығы емес, ол – дүниені танудың ерекшелігі. Онда әлемді 
танудың ұлттық жүйесі, құндылықтары сақталған. «Мөлшер» ұғымының 
қалыптасу, даму тарихына үңілу – әлемді «мөлшер» ұғымы аясында танудың 
ұлттық негізін табуға, ойлау мен дүниені танудың ұлттық өлшемін табуға 
көмектеседі. Әрі бізге болашақтағы жаһандану үдерісіне қарсы әрқашан тілдік, 
рухани бағдарлаушы болып отырады. 
Әлемдік лингвистикада да, қазақ тіл білімінде де мөлшер мәнді тілдік 
бірліктер тақырыбында жазылған еңбектердің көпшілігі оларды құрылымдық 
бағытта зерттеуге, семантикалық талдау мен топтастыруға арналды. Мөлшер 
категориясы функционалды бағытта, тарихи парадигмалық тұрғыдан, тілдің 
әр тарихи даму кезеңдері салыстырыла зерттелмеді. Соның салдарынан 
аталмыш тілдік бірліктердің мәні толыққанды ашылмады. Сондықтан мөлшер 
категориясын этностың тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және жалпы ұлттың 
даму ерекшелігімен байланысты зерттеу қажет. Тіл дамуын үздіксіз 
жалғасатын тарихи үдеріс ретінде қарап, оның әр тарихи кезеңдерін өзара 
сабақтастықта қарастыру керек. Осы тұрғыдан келгенде аталған зерттеудің 
өзектілігі айқындалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет