Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


Бірінші тарау бойынша қорытынды



Pdf көрінісі
бет34/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

Бірінші тарау бойынша қорытынды 
«Мөлшер» – ең әуелі, философиялық категория, содан кейін адамзаттың 
тілдік санасы дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде кең өріс алған тілдік 
категория. Мөлшер болмыстың ең үлкен категорияларының бірі ретінде барлық 
заттар мен құбылыстарға қатысы бар, әрі шекті, әрі шексіз, әрі үздікті, әрі 
үздіксіз. Адамзаттық негізде шекті, үздікті, жаратылыстық негізде шексіз, 
үздіксіз. Мөлшер қозғалыс күйінде де, тыныштық күйде де болады. Мөлшердің 
пайда болуы мен өмір сүруі адам санасына тәуелсіз, субстантивті болады.
«Мөлшер» философиялық категориясының зерттелуі адамзат тарихының 
есте жоқ ежелгі кезеңдерінен бастау алып, бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. 
Бұған әдеттегідей антикалық дәуірдегі грек философиясының қосқан үлесі зор 
болды. Пифагор, Архимед, Платон, Аристотель, Декарт, Спиноза, Протогор т.б. 
философтар оның логикалық құрылымдарын, мәнін ашуға талпыныс жасады 
және бірін-бірі толықтырып отырды. Ал одан кейін неміс классикалық 
философиясының ірі өкілдері Кант, Г.Гегель, К.Маркстің үлесі айрықша. 
Мөлшер категориясы философиялық зерттеулерде ең әуелі, «сан» ұғымымен 
байланыстырылса (Пифагор), одан кейін бұл бағыттағы зерттеулер тереңдей 
түсіп, оның шама, жиын, форма, мән (Аристотель), сапа (К.Маркс), 
шекті/шексіздік 
(Платон), 
тыныштық/қозғалыстық, 
үздікті/үздіксіздік, 
бірлік/көптік, жалпылық (Кант), субъективтілік/объективтілік (Г.Гегель) 


49 
тіресімдік (оппозициялық) мәні анықтала түсті. Бұл жағынан келгенде мөлшер 
категориясы материалдық болмыспен және адамзаттың рухани ізденістерімен 
тікелей байланысты болды. Соған сәйкес құрылымы да күрделеніп, өзгеріп 
отыратын логикалық процесс ретінде танылады.
Дәстүрлі қазақ философиясында «мөлшер» ұғымы туралы философиялық 
таным бастауларының бірі – көне түркі кезеңі. «Мөлшер» ұғымы сол дәуір 
тілінен де көрініс тапты. Түркілер «мөлшер» ұғымын, ең әуелі, «уақыт» ұғымы 
аясында өмірлік концепцияға айналдырып, оны «мәңгі» сөзімен байланыстырды. 
Одан кейінгі тарихи кезеңдерде ислами дүниетаныммен ұштасып, 
шекті/шексіздік ұғымдарымен сипатталды және моральдық өлшемдер мен 
рухани құндылықтар аясында кең өріс алды. Хандық дәуір тұсында материалдық 
құндылықтармен жиі ұштасты. Сондай-ақ ырысты мекен, байлық, батырлық, 
адамгершілік қасиет, сапа ұғымдары шегінде қанат жайды. ХХ ғасырдан кейін 
«мөлшер» ұғымының логика-семантикалық құрылымы барынша тармақталып, 
адамзат руханиятының түрлі салаларында қолданылатын, түрлі кәсіп, 
мамандықтардың басты-басты ұғымдарын тоғыстырып жатқан аса ауқымды 
логикалық ұғымға айналды және оның мәні күн санап стандартизацияға бетбұра 
бастады.
«Мөлшер» заттар мен құбылыстарға тікелей байланысты болғандықтан, ол 
да тірі организм сияқты динамикалық қалыпта өмір сүреді. Адамзат танымында 
үздіксіз трансформацияға ұшырайды, дамиды, толығады, жаңғырып, жаңарып 
отырады. «Мөлшер» ұғымы ұлттық таным кеңістігінде өлшем, шама/қалып, 
көлем/ауқым, меже/болжам, симметрия, тепе-теңдік, параметр, дәреже, 
деңгей, қарқын т.б. сипаттарда көрініс табады. Рухани кеңістікте тілдік, 
логикалық ұғымдарды бірдей қамтып жататын шатыр тәрізді категория.
Мөлшер категориясының сан тарау логикалық құрылымдары тілдік санада 
орнығып, тіл бірліктеріне айналады және тілдік категория құрайды. Мұнда 
халықтың, этностың, ұлттың тұрмыс-тіршілігі, арман-мұраты бағдарлаушылық 
сипатқа ие және бұған тарихи оқиғалар, саяси шешімдер тікелей өз ықпалын 
тигізеді. Осындай тілден тыс факторлардың нәтижесінде «мөлшер» ұғымында 
сол тілді тұтынушы халықтың рухани кодтары қалыптасады. «Мөлшер» 
ұғымына кодталған мұндай күрделі рухани құбылыстарды ашу – лингвистика 
ғылымының міндеті.
«Мөлшер» категориясының тілтанымдық аспектіде зерттелуі Еуропа 
халықтарында ерте кезеңнен-ақ басталған. Ал қазақ тіл білімінде ғылыми 
деңгейде XX ғасырдан бастап зерттеле бастады. Содан бергі зерттеулердің 
көпшілігі мөлшер семантикалы тілдік бірліктердің құрылымдық, лексика-
семантикалық, грамматикалық ерекшеліктері сияқты таза лингвистикалық 
мәселелерге арналды. Алайда «мөлшер» ұғымының таныммен, логикамен 
байланысы, лингвомәдени қырлары, тілдегі категориялық сипаты, оның тіл 
бірліктеріне айналу жолдары мен механизмдері, тілдің тарихи кезеңдерімен 
байланыстары жете қарастырылмады. Сондықтан аталған мәселелер бойынша 
зерттеулер жасау қазіргі қазақ қоғамында өзекті тақырыпқа айналған «рухани 
жаңғыру» идеясымен ұштасып жатады. Десе де бұл бағыттағы зерттеулердің 
қай-қайсы болмасын мөлшер категориясының тілдік табиғатын ашуда бірін-бірі 
толықтырып, ғылыми таным деңгейінің өсуіне баспалдақ бола алады.


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет