Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


 Мөлшер категориясының түркі тілдерінің көне дәуіріндегі (V–IX



Pdf көрінісі
бет36/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

2.1 Мөлшер категориясының түркі тілдерінің көне дәуіріндегі (V–IX 
ғғ.) функционалды-семантикалық өрісі 
Көне түркі ескерткіштері – түркі халықтарының ортақ мұрасы. Ол – ежелгі 
түркілердің тілін, тарихын, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, өмірлік мақсат-
мұратын және одан басқа да көптеген рухани-мәдени құндылықтарын танытатын 
теңдесі жоқ мұра. «Тіл – адам мен ақиқат дүниені жалғастырушы буын», – дейді 
белгілі ғалым Н.Уәли [178, 50 б.]. Олай болса, көне түркі тілі де – ақиқат дүние 
мен түркілер танымын, мәдениетін жалғастырушы тін. Ал бұл «тіннің» тарихтан 
тозбай жеткен бірден-бір тілдік фактісі – осы көне түркі ескерткіштері. Осындай 
ғылыми, мәдени, тарихи құндылығы болғандықтан да өз алдына жеке 
«Түркітану» ғылымы болып қалыптасып, неше ғасыр бойы көптеген отандық 
және шетелдік ғалымдардың зерттеу нысаны айналып келеді. Қанша ғасыр бойы 
зерттелсе де, құпиясы көп бұл құнды құлыптастардың сыры толық ашылып бола 
қоймады. Өзге ғылым салалары өз алдына, бір ғана тіл ғылымы шеңберінде 
зерттелмей, ашылмай жатқан құпиялары көп.
Көне түркі ескерткіштері оншақты тас мәтіндерден құралатыны белгілі. 
Шын мәнінде, осы аздаған тас ескерткіштер ғасырлар бойы дамып, әдеби тіл 
деңгейіне көтерілген көне түркі тілінің толық баламасы бола алмайды. Яғни сөз 
байлығы мен тіл иірімін толыққанды бейнелеп бере алмайды. Дей тұрғанмен


52 
қолда бар осы тілдік мұралар көне түркі тіліндегі басты ұғымдар мен оның тіл 
бірліктеріне айналу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазірге дейін көне 
түркі ескерткіштеріне фонетикалық зерттеулер көп жасалды. Аты әлемге белгілі 
отандық және шетелдік түркологтар тарапынан ең көп қаралған сала да осы. 
Мұнда, көбіне-көп, көне түркі тілінің дыбыстық құрамын анықтау, ежелгі 
қалпын реконструкция жасау, аффрикаттардың пайда болуы мен 
силлабофонемаларға жіктелуі т.б. морфонологиялық мәселелерге назар 
аударылды. Алайда жаңа бағытта қарастыру әлі де жеткіліксіз болып келеді, 
әсіресе функционалды бағытта көп қарастырылмады. Түркология саласында 
«мөлшер» ұғымы, көбіне, «сандық» ұғымдармен теңестіріліп, көптік категория 
шеңберінде қарастырылды. Нәтижесінде көптік мағына білдіретін формалар мен 
аффрикаттар анықталды. Шын мәнінде, заттардың саны мен мөлшері – екеуі 
екі бөлек ұғымдар. Бірі сандарды семантикалық өзек етсе, екіншісі тіресімді 
(оппозициялық) қатарлар құрайтын шамаларды негіз етеді. Тас ескерткіштер 
мәтінінде көптеген мөлшер мәнді тілдік бірліктер кездеседі және «мөлшер» 
ұғымының функционалды-семантикалық өрісін құрайды. Олар тілдің әр 
деңгейінен көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет