68
лығ, -ліг қосымшасы
аттың, қарудың барлығы мен молдығын мөлшерлей
сипаттап тұрса,
-сыз, -сіз қосымшасы
киімнің, астың жоқтығын, тапшылығын
мөлшерлік тұрғыдан сипаттап тұр. Мысалы:
1) Қум соруғыум күн тоғысқа, батысқа тегді (С., 4);
Бай ертім, оғлым он,
йылқым сансыз ерті (С., 5)
// Менің дабысым мен билігім күншығыс пен батысқа
дейін жетті. Бай едім, қорам он, жылқым сансыз еді;
2
) Үкүш атлығ өгрүнчүң йоқ, қобы атлығ қорқунчуң йоқ учруғлуғ қутуң йоқ,
-тыр. Анча біліңлер анығ йаблақ ол (ЫБ, 36) // Көп аттыдан қуаныш жоқ,
атсыздықтан қорқыныш жоқ, үлкен бақыт жоқ, – дер. Сонша білің: анық
жаман ол.
«Суджа» ескерткішінен алынған бірінші үзіндіде билік пен байлықтың шет-
шегі баяндалған.
Сансыз сөзіндегі
-сыз аффиксі
санның жоқтығын білдірмейді,
жылқының көптігінен
санауға санның жетпейтіндігін, оны санарлық санның
«жоқтығын» білдіреді. Ал жылқы санына санның жетпеуі байлық мөлшерін
көрсетеді. Сонымен қатар мұнда түркілер үшін
жылқы малы байлықтың
символы екені нақты көрініс табады. Екінші мысалда
атлығ // атты сөзіндегі
-
лығ // -ты аффиксі аттың барлығын әрі көптігін де білдіреді. Ескерткіштерде
«барлық» пен «жоқтық», «аздық» пен «көптік»
тіресімдік ұғымдары -сыз, -сіз //
-лығ, -ліг (-сыз, -сіз // -лы, -лі, -ты, -ті) аффикстері аясында құрылымданады.
Демек, бұл да «мөлшер» ұғымының семантикалық өрістеріне жатады.
Бір заттың молдығы немесе жоқтығы, бұл да – «мөлшер» ұғымдары. Демек,
аталған аффикстер арқылы көптеген сындық дәрежедегі мөлшерлік бірліктер
жасалады. Бұл туралы Б.Сағындықұлы
былай дейді: «Ортақтық», «жинақтау»
«мол болушылық» ұғымдары «көптік» ұғымынан шығады.
Қарын+д+ас,
жол+д+ас сөздері арқылы берілетін ортақтық мән көне
*ас көптік формасы
негізінде беріліп тұр деп есептейміз.
Ал
«д» – түбір
мен негізгі қос
дауыссыздардың есебінен жылысып келген кірме дыбыс. Ортақ етістің
-ыс/-іс, -
с жұрнағы да этимологиялық жағынан, сөз жоқ, көптік жалғауына барып тіреледі.
«Өлең+ті», «Қараған+ды» т.б.
жер, елдімекен атауларына жалғанған
-ты/-ды, -
ті/-ді көне жұрнағы «бір нәрсенің молшылығын» көрсетеді. Қазіргі заман сын
есім жұрнақтары
–
-ты/-ті, -ды/-ді, -лы/-лі дәл осы мағынада жұмсалады.
Су+лы,
орман+ды, гүл+ді, тас+ты т.б.» [187, 109 б.]. Ғалым «көптік», «жинақтау»
ұғымын беретін фонемалардың ұзын санын, өзге ғалымдардың тұжырымдарына
сүйене отырып, жиырмаға жуықтатады. Солардың ішінде ең ескі
фонема ретінде
т (с, ш) күрделі аффрикатын атайды.
Достарыңызбен бөлісу: