Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


Көне түркі ескерткіштеріндегі мөлшер семантикалы синтаксистік



Pdf көрінісі
бет50/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

3. Көне түркі ескерткіштеріндегі мөлшер семантикалы синтаксистік 
бірліктер 
Ескерткіштер мәтінінде мөлшер семантикасы синтаксистік деңгейде де 
кеңінен көрініс табады. Аталған деңгейде негізінен синтаксистік 
конструкциялар, синтаксистік модельдер арқылы беріледі. Бұл синтаксистік 
тәсілдердің нақты көрінісі төмендегідей:
1. Мөлшерлік конструкциялар:
Бұл синтаксистік конструкциялар үш компоненттен тұрады. Бірінші 
компоненті – сан есім, екінші компоненті – мөлшерлік, үшінші компоненті – зат 
есім немесе етістік сөздер. Үш компонент синтагмалық қатынаста өзара 
семантикалық жағынан тұтаса келіп, біртұтас мөлшерлік конструкция түзеді. 


69 
Аталған конструкция бойынша жасалған мөлшерлік бірліктердің бір тобы зат 
мөлшерін, енді бірі қимыл-әрекет мөлшерін білдіреді. Бұл конструкцияны 
формуламен былайша өрнектеуге болады:
Ф
1
: [ (сан + мөлшерлік) + зат есім сөздер] = мөлшер семантикасы; 
Ф
1
: [ (тоқуз + қат) + үчүргүң] = терліктік тоғыз қабат екендігі; 
Ф
2
: [(сан + мөлшерлік) + етістік сөздер] = мөлшер семантикасы; 
Ф
2
: [( бес + йолы) + сүңүшдіміз] = соғыстың бес рет болғаны. 
Ескерткіштердегі мөлшерлік конструкция арқылы берілетін мөлшерлік 
семантиканы заттық мөлшер, қимылдық мөлшер деп екі топқа бөлуге болады. 
Ескерткіштерде мынадай мөлшерлік конструкциялар кездеседі:
Заттық мөлшерліктер: бес түмен сү (БҚ, 25) // бес түмен /бес мың/ әскер; 
бір түмен ағы алтун күмүш (КТү., 52) // он мың сый алтын, есепсіз күміс; сүңүг 
батыма қарығ (БҚ, 26) // сүңгі бойы қар; тоқуз қат үчүргүң (ЫБ, 50) // тоғыз 
қабат терлік; төрт түмен сү (БҚ, ХА/8) // төрт түмен әскер; тоқуз он бош 
қой (ЫБ, 29) // сексен бас қой; бір атлығ бармыс (Тон., 24) // бір аттық жүріс; 
бің иыллық түмен күнлік бітіг (Тар., 2) // мың жылдық, түмен күндік жазу; 
алты чуб соғдақ (БҚ, 25) // алты чуб / алты баулы/ соғдақ, т.б. 
Бұл мөлшерлік құрылымдарда бес // бес, бір // бір, тоқуз // тоғыз, төрт // 
төрт, тоқуз он // сексен, бір // бір, бің // мың, түмен // мың, түмен; алты // алты 
сан есімдері мөлшерлік конструкцияның бірінші компоненті саналады да, зат 
мөлшерін сандық тұрғыдан сипаттайды. Мұнда бір санының сандық мәні 
нақтылықтан гөрі абстрактілеу келеді. Яғни кейде нақты бір (1) санының мәнін 
білдірсе, кейде тұтас семантикалық құрылымға көмекші грамматикалық форма 
іспетті болып келеді. Мұндай құбылыс бір (1) сан есімінің көпмағыналылығынан 
туындайды. Ал конструкциядағы сандық компонент бір (1) санынан 
жоғарылаған сайын оның сандық мәні нақтылана, сан есімдік функциясы нығая 
түседі. Ал чуб // бау, батыма // бойы, қат // қабат, атлығ // аттық, иыллық // 
жылдық, күнлік // күндік, түмен // түмен мөлшерліктері конструкцияның екінші 
компоненті саналады да, сан есімдердің көмегімен нақты бір заттардың өлшемін 
білдіреді. Бұл сол типтегі зат мөлшерін өлшейтін тұрақты сөзформа іспетті. Ал 
сү // әскер, алтун күмүш // алтын-күміс, қарығ // қар, үчүргүң // терлік, қой // қой, 
бармыс // жүріс, бітіг // жазу, соғдақ // соғдақ сөздері – мөлшерлік 
конструкцияның үшінші компоненті, мөлшері өлшенетін заттар. Осы үштік 
компонент біртұтас синтаксистік қатынаста, бірбүтін семантикалық байланыста 
келіп, зат мөлшерін білдіреді. Мысалы: Алты чуб соғдақ тапа сүледім. Будунығ 
анта буздым. Табғач оң тутуқ бес түмен сү келті. Ыдуқ башда сүңүстім (БҚ, 
25) // Алты чуб / алты баулы/ соғдаққа қарсы соғыстым, халқын сонда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет