Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет85/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

// көп, телім // көп, хайлі // көп, қалың // қалың, артуқ // артық, т.б. 
Бұл сөздер заттардың сандық, шамалық көп-аздығы, сондай-ақ қимыл-
әрекет мөлшерінің көптігі мен аздығы және оған жұмсалатын уақыттың да көп-
аздығы семантикасын білдіреді. Десе де, әрқайсысының өзінің контекстік орны, 
аздаған семантикалық айырым белгілері де жоқ емес. Мысалы, бәса сөзі сын есім 
болса да, контексте заттанып, көпшілік, қауым мағыналарын білдіреді. Телім сөзі 
көптік семантикамен қатар, жалпылау семантикасын да білдіреді. Ал қалың сөзі 
қашықтық ұғымымен қатар, заттық көптік, молдық семантикасын береді. 
Э.Н.Наджип аталған сөзді қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін және 
көне, орта түркі кезеңінде де заттың сандық көптігі, етістік ретінде ұлғайту
толтыру т.б. мағыналарын білдіретін көпмағыналы сөз ретінде көрсетеді [27, Т
3

с. 224-226]. Бір қалың сөзі ғана емес, жоғарыда берілген сын есім сөздерінің 
барлығы да ерте, орта ғасыр түркі тілінде көпмағыналы, кең қолданыс тапқан 
сөздердің қатарында болған. Мысалы:
1) Бәлі бәса көңлі бу (ХШ, 116p-6) // Және көп көңілі бұл; 
2) Қалың өврәккә кірміштег лачын (ХШ, 19р-39) // Қалың үйрекке кіргендей 
лашын; 
3) Телім мал (ХШ, 26в-28) // Көп мал; 
4) Аның чәрігі хайлі (ХШ, 9р-9) // Оның әскері көп. 
Поэма мәтінінде көлем, сыйымдылық семантикасын білдіретін сөздер де 
кездеседі. Атап айтқанда, ушақ // ұсақ сөзі қатты заттардың сыртқы көлемінің 
кішілігін, зәррә // зәррә сөзі ең кіші көлемге ие заттық бөлшекті, тар // тар сөзі 
белгілі кеңістік пен абстрактілі сыйымдылық ұғымдарын білдіреді. Мысалы:
1) Ушақ таш ічрә мән һәм іздәсәм кән (ХШ, 92в-39) // ұсақ тас ішінде мен 
де іздесем кен; 
2) Қуйаш бар не бушар әксілсә зәррә (ХШ, 72р-31) // күн барда не қылады 
азайғанмен зәррә; 
3) Жіһан болды үзәмгә сенсізін тар (ХШ, 65в-2) // жіһан болды өзіме сенсіз 
тар.
Мысалда ушақ сөзі деректі заттардың көлемімен қатар, дерексіз заттардың 
да абстрактілі көлем семантикасын білдіреді. Бұл сөздің семантикалық аясы кең, 
түркі тілдерінің тарихи кезеңдерінде әлденеше варианттармен, дыбыстық 
өзгешеліктермен келеді. М.Ескеева аталған сөздің түп-төркінін етістіктен тарата 
келіп былай дейді: «Үк~уақ~үуақ: үк – ет., затты майдалап ұсақтау, уақ – зат., 
майда, ұсақ. Ортақ түбірі ug «размельчить, молоть». Бұл сөздердің гомогендігі 
үгім~уақ~ұуақ етістіктерінен анық байқалады. Э.Севортян üg түбірінің тоғыз 
вариантын көрсетеді /62. 560-561/. Уақ сөзі ұйғыр тілінде ügak түрінде 
қолданылады. Қазақ тілінде түбірдің архетипі сақталған» [205, 53 б.]. Бұған 
қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі уақ, ұсақ сөздерінің негізі бір, автордың ойы – 
құптарлық. Ал тар сөзі контексте абстрактілі сыйымдылық семантикасын 
білдіреді. Бұл қолданыста сыйымдылық семантикасы образды түрде беріліп, 
ауыспалы мағынада жұмсалған. Негізінде бұл сөз деректі заттардың нақты 
сыйымдылық мөлшерін білдіруге де қолданылады. Ал зәррә сөзі – зат есім. 
А.Ибатов бұл сөздің мағынасын «ең ұсақ бөлшек» деп береді [206, 89 б.]. Яғни, 


116 
ең ұсақ заттың көлеміне байланысты қасиеті доминант семаға айналып
метафораланып, заттық мағынасы сын есімге ауысқан.
Поэмада жалпылама мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, нақты 
микромөлшер ұғымдарының ешқайсысына толық жатқызуға келмейтін сөздер де 
кездеседі. Солардың бірі – улу. Аталған сөз көне түркі ескерткіштерінде улуғ 
тұлғасында берілсе, одан кейінгі тілдің барлық тарихи кезеңдерінде кездеседі 
және семантикалық аясы кең, ауыспалы мәнде көп жұмсалатын сөздердің 
қатарына жатады. Бұл сөз аталған поэмада былай беріледі: Кетәрдің мендін ошбу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет