195
Қорытынды
Мөлшер – болмыстағы заттар мен
құбылыстардың ажырамас бөлігі,
жаратылыстан бар қасиеті. Мөлшердің пайда болуы мен өмір сүру негізі рухани
құбылыстардан тысқары жатады. Сондай-ақ «мөлшер» адамзат рухани
ізденістері,
субъективті
танымы
арқылы
анықталатын
логикалық,
философиялық категория, содан кейін ғана адамзаттың рухани кеңістігінен кең
өріс алып, тілдің барлық деңгейінен көрініс табатын тілдік категория. Сондықтан
мөлшер категориясы тілдік кеңістікте жалпы тілдік, лексика-грамматикалық
категория саналады. «Сана» мен «мөлшер» ұғымы
диалектикалық байланыста
болады. Сана қай деңгейде болса, мөлшердің ұғымдағы, тілдегі бейнелену
формасы мен тәсілі сол деңгейде болады. Мөлшер категориясы ғылым
тарихында
философия, математика, тіл білімі, экономика, физика, механика,
логика, бұдан басқа да ғылымдардың басты категориясы болып келді.
Мөлшер категориясының зерттелуі адамзат
тарихының есте жоқ ежелгі
кезеңдерден бастау алды. Бұған әдеттегідей антикалық дәуірдегі грек
философиясының қосқан үлесі зор. Бұдан бөлек немістің классикалық
философиясы мен дәстүрлі қазақ философиясында да «мөлшер» ұғымы кеңінен
қарастырылып, рухани-материалдық құндылықтардың негізгі арқауы ретінде
танылды. Қазіргі кезеңде қазақ тіліндегі «мөлшер» ұғымының логика-
семантикалық
құрылымы барынша тармақталып, рухани-материалдық өмірдің
түрлі салаларында кеңінен қолданылатын шатыр тәрізді (зонтичная категория)
категорияға айналды. «Мөлшер» ұғымы ұлттық таным кеңістігінде
өлшем,
шама/қалып, көлем/ауқым, меже/болжам, симметрия, тепе-теңдік, параметр,
дәреже, деңгей, қарқын т.б. сипаттарда көрініс табады. Сондықтан мөлшер
категориясы – белгілі бір бағытта ғана кеңейіп отырған категория емес, адамзат
танымында үздіксіз трансформацияланып, дамып, жаңа мазмұндармен толығып
отыратын, динамикалық қалыпта өмір сүретін тірі организм іспетті категория.
«Мөлшер» категориясының тілтанымдық аспектіде зерттелуі Еуропа
халықтарында
ерте кезеңдерден басталса, қазақ тіл білімінде XX ғасырдан
бастап ғылыми деңгейде зерттеле бастады. Десе де, бұл көбіне құрылымдық
бағытта өрбіді. Осыған орай соңғы жылдары «мөлшер» ұғымын таныммен,
мәдениетпен, тілдің түпнегізімен тарихи сабақтастықта қарастыру қажеттілігі
туды. Бұл бір жағы қазақ қоғамында күш
алып бара жатқан ұлттық
құндылықтарға қайта оралу, «рухани жаңғыру» идеясымен байланысты да болды.
Қазақ тілі бастауын түптүркі тілінен алатын ежелгі тілдердің бірі болса да, оның
сол ежелгі қалпын танытатын тілдік деректер сақталмаған. Сондықтан мөлшер
категориясының тарихи парадигмасын сипаттайтын тілдік деректер көне түркі
кезеңінен (V–IX ғғ.) басталады. Аталған уақыттан бастап қазірге дейінгі
дәуірлерді бес тарихи кезеңге бөле отырып, ондағы мөлшер категориясының
тілдік сипатына үңілгенде мынадай ерекшеліктер анықталады:
1. «Мөлшер» ұғымы тілдің бес тарихи кезеңінде де лексикалық деңгейде
көрініс табады. Мөлшер семантикасы лексикалық
деңгейде көбіне бірде заттық,
бірде өлшемдік қызмет атқаратын зат есімдер (
қап, қача, тағар, кесүргү, шөмше,
сарныш, сұсғақ, сағрақ, бұқаш), сапалық сын есімдер (
аз, тар, кең, тең т.б.)
арқылы беріледі. Мұндай мөлшерліктер семантикалық дамудың нәтижесінде
кейде зат есімнен сын есімге айналса (
қиян, зіл, байтақ т.б.), енді бірде сын
196
есімнен зат есімге айналған (сом). Кейбір сөздердің семантикалық өрісі кеңейсе,
енді бір тобында қолданыс аясы мен мағынасы тарылған (
ауыр, ару, улуғ, улу т.б.).
Тіпті кей сөздер бір кезеңнің өзінде іргелес бірнеше мөлшерлік ұғымдарды қатар
білдіреді (узун). Сондай-ақ барлық түркілік кезеңде болғанымен, қазақ әдеби
тілінің даму кезеңдерінде кездеспейтін сөздер де бар (
үкүш, телім т.б.).
Мөлшер семантикасын білдіретін лексикалық бірліктердің ендігі бір тобы –
есімдік, үстеу сөздері мен шылаулардың мағыналық топтары: жалпылау есімдік
(
түгел, барша, һамма, жүмла, жісім т.б.
), мөлшер үстеу (
анча, бунча т.б.), мезгіл
үстеу (
түнлә, түнлі, хулд т.б.), күшейтпелі үстеулер (
тес, аррығ, шым, қоп, шам
т.б.), демеулік шылаулар (
кейин, нича, соң, та, соңра т.б.) жатады. Бұлардың бір
ерекшелігі көбіне екінші бір сөзбен семантикалық байланыста болады. Яғни
мөлшер семантикасы екінші бір сөзбен тіркесу арқылы нақты айқындалады.
Түркілік кезеңде демеулік шылаудың
тег, тегі, тегін //дейін тұлғасы сын есім,
үстеу
тудырушы тег, тегі, -дай, -дей формаларымен бірдей айтылған. Біздің
ойымызша, қазіргі қазақ тіліндегі
-дай, -дей, -тай, -тей функционалды
жұрнағының арғы тегі осы шылау тұлғасы болса керек.
2. «Мөлшер» ұғымы бес тарихи кезеңде де морфологиялық деңгейде көрініс
табады. Оларды грамматикалық мағынасына қарай әр тарихи кезең бойынша
былайша сипаттауға болады:
- қазіргі қазақ тіліндегі
-дай, -дей, -тай, -тей функционалды жұрнағы заттар
мен құбылыстардың түрлі мөлшерлік белгілері
мен қимыл-әрекет шамаларын
салыстыру, ұқсату, уақыт, сан, сапа жағындағы болжалды деңгейлестік
семантикасын білдіреді. Бұл форма XV–XVIII ғасырлар мұраларында ғана
-дай,
Достарыңызбен бөлісу: