Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет22/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

(двойственное число) дейтін түрі де барын еске салады. Сондай-ақ көптік 
мағынаның үш түрлі морфологиялық формасы, көптік категориясының өзіндік 
ерекшеліктері туралы тоқталады. «Көптік категория» терминін қолданғанда 
«жекелік» ұғым мұның сыртында қалып қоятыны себепті, мұны «сан-мөлшер 
категориясы» деп атауды құптайды [144, 67-70 бб.].
Мөлшер категориясы кей зерттулерде оған жақын категориялар шегінде де 
қарастырылады. Қ.Т.Рысалдының «Сын дәрежесі категориясы: функционалды-
коммуникативтік табиғаты» атты докторлық диссертациясында мөлшер 
категориясының «сындық» ұғым шеңберіндегі көріністері кеңінен сөз болады. 
Ғалым жұмысында тілдегі сапалық сын, қимыл-сын белгілерінің сандық 
айқындалуын жалпылай «сын дәрежесі» деп атап, оның берілу формаларына 
тоқталады. Сынның дәрежесін үлкен жақтан сынның салыстырмалы дәрежесі, 
сынның салыстырмасыз дәрежесі деп екі топқа бөліп, оларды өз ішінен тағы да 
бірнеше топқа жіктейді. Айталық, сынның салыстырмалы дәрежесін теңдік 
дәреже, теңсіздік дәреже деп, ал сынның салыстырмасыз дәрежесін қалыпты 


32 
дәреже, бәсеңдік дәреже, күшейтпелі дәреже деп үш топқа бөледі. Әрі қарай 
«сын дәрежесі» ұғымының лексика-грамматикалық өрісін құрайтын тілдік 
бірліктерді қазақ және неміс тілі материалдары негізінде талдап көрсетеді [22].  
Мөлшер 
категориясының 
ғылыми 
деңгейде 
зерттелуіне 
З.Қ.Ахметжанованың функционалды грамматика мектебі шәкірттерінің үлесі 
зор. Ғалымның М.Жолшаева, А.Жаңабекова, О.Жұбаева сынды шәкірттері 
докторлық диссертацияларында мөлшер семантикасының жекелеген ұғымдар 
аясында берілу жолдарын қарастырды. Атап айтқанда: 
М.Жолшаева «Қазіргі қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және 
мазмұн» атты докторлық диссертациясында қимылдың өту сипаты семантикасы 
(аспектуалды семантика) «мөлшер» ұғымы аясында да берілетінін айтады. Яғни 
сөзжасамдық формалар (-ла /-ле (-да /-де/, -та / -те); -қыла / -кіле, -ғыла / -гіле;
-мала / -меле, -бала /-беле, -пала /-пеле) арқылы қимыл-әрекет өтуінің дүркіндік 
мағынасы берілсе [24, 206-213 бб.], көсемше тұлғалардың қайталана қосарлануы 
(жұлқып-жұлқып), аналитикалық формалы етістіктердің қайталануы (сүйе 
беретін, сүйе беретін) арқылы қимылдың уақыт жағынан созылыңқылық
мөлшер жағынан көптік семантикасын білдіретінін айтады [24, 229-230 бб.]. 
Сондай-ақ «Қазақ тіліндегі сын есімдердің валенттілігі» атты еңбегінде сапалық 
сын есімдерді бес түрлі мағыналық топқа топтастыра келіп, мөлшер семантикаға 
қатысты «құн, мөлшер, салмақты білдіретін сын есімдер», «көлем, форма, 
қашықтықты білдіретін сын есімдер» деген екі үлкен мағыналық тобын көрсетеді 
[145, 31-32 бб.]. Сонымен қатар аталған сапалық сын есімдер тобының тіркесім 
қабілеті мен функционалды-семантикалық ерекшелігін көрсетеді.  
А.Жаңабекова «Уақыт ұғымының тілдік парадигмасы» атты докторлық 
диссертациясында уақыттың түрлері мен тілдегі көрінісін «мөлшер» ұғымы 
тұрғысынан да қарады. «Уақыт» ұғымын өз ішінен объективті уақыт, 
физикалық уақыт, биологиялық уақыт, жағдаяттық уақыт, психологиялық 
уақыт, этномәдени уақыт, тарихи уақыт, әлеуметтік уақыт, концептуалды 
уақыт, перцептуалды уақыт, шынайы уақыт, тілдік уақыт, көркем уақыт, т.б. 
түрлерге жіктейді. Ал «уақыт» ұғымының лексика-семантикалық парадигмасы 
адам, мал (жан-жануар), өсімдіктердің жас мөлшері мен аспан денелері, түрлі 
тамақ түрлеріне қатысты мәдени, тарихи лексикада көрініс табатынын айтады 
[23]. «Уақыт» та жалпы тілдік мөлшер субкатегориясының микроұғымына 
жатады. Уақыттың аталған түрлері мен тілдегі формасы белгілі мөлшер, өлшем 
аясында туындайды. Оның тілдегі және жаратылыстық болмыстағы бейнесі 
«мөлшер» ұғымы шегінде өмір сүреді. 
О.Жұбаева 
«Қазақ 
тілі 
грамматикалық 
категорияларының
антропоөзектілігі» атты докторлық диссертациясының бір тарауын сан-мөлшер 
категориясына арнайды. ««Сан-мөлшер» ұғымының морфологиялық деңгейдегі 
тілдік көрінісі» деп аталатын бұл тарауда көптік семантиканың берілуін 
морфологиялық деңгейде қарастырылады. Аталған деңгейде мөлшер 
семантикасы көптік жалғауы мен сын есімнің шырай категориясы арқылы 
берілетінін айтады. Өзіне дейін зерттеген ғалымдардың пікірлеріне тоқтала келіп, 
көптік категориясын дискретті көптік, сапалық көптік, репрезентативті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет