88
Сөздікте мөлшер семантикасы
-рақ, -ырақ // -рақ, -рек, -ырақ, -ірек аффиксі
арқылы да беріледі. Бұл форма қазіргі қазақ тілінде салыстырмалы шырай
қосымшасы деп аталып, заттар
мен құбылыстардың сындық, сапалық
белгілерінің түрлі деңгейін, дәрежесін білдіретіні белгілі. Заттар мен
құбылыстардың түрлі деңгей, дәрежесі «мөлшер» ұғымына да қатысты. Мысалы,
кішкене, кішірек, үлкенірек, үлкен, өте үлкен деген сөздерде бір-біріне
ұқсамайтын көлемдік семантиканы білдіретіні түсінікті. Осы ұқсамаған көлемдік
шамалар «мөлшер» ұғымын қалыптастырады. Олай болса,
аталған семантика
орта ғасыр түркі тіліне де тән. Бұл форма туралы Қашқари сөздігінде:
«-рақ, -
ырақ – салыстырмалы реңді білдіреді» (МҚ, Т
1
-33) деп берілген. Мұндағы
«салыстырмалы рең» мөлшерлік шамалардың түрліше дәрежесі дегенді білдіреді.
-Лығ, -ліг, -лұғ, -лүг // -лы, лі, -ды, -ді, -ты, -ті аффиксі арқылы да мөлшер
семантикасы беріледі. Бұл – X
–XII ғасырлар түркі тілінде өнімді әрі
функционалды жұрнақтардың бірі. М.Қашқари сөздігінде -
лығ, -ліг, -лұғ, -лүг
қосымшалы
сөздер (
ұларлығ, алынлығ, топұнлұғ) біршама мол кездеседі және
барлық, тәндік, молдық семантикасын білдіреді. Сөздікте былай беріледі:
– «Ұларлығ // ұларлы: ұларлығ тағ // ұларлы тау» (МҚ, Т
1
-179);
– «Алынлығ // (маңдайлы, маңдайы ашық): алынлығ ер // маңдайы кең адам,
маңдайлы адам» (МҚ, Т
1
-179);
– «Топұнлұғ // (топанды): топұнлұғ тарғ // топанды бидай, топаны көп
астық» (МҚ, Т
1
-557).
Бұл үш сөздің үшеуі де түрлі заттардың әртүрлі мөлшерлік ұғымын
білдіреді. Айталық,
ұларлығ тағ «ұларлы тау, ұлары көп тау» деген мағынада
заттың сандық көптігі семантикасын білдірсе,
алынлығ ер «маңдай алды кең,
жазық маңдай, маңдайы үлкен» деген мағынада «аудан» ұғымын білдіреді. Ал
топұнлұғ тарғ да «топаны көп араласқан» деген мағынада
«шамалық көптік»
ұғымын білдіреді.
Аталған аффикстер адамның дене мүше атауларын білдіретін зат есім
сөздерге жалғанғанда
көптік, барлық мағына емес, сол дене мүшенің үлкендік,
ұзындық семантикасын білдіреді. Яғни жай қалыпты мөлшерден артық екенін
білдіреді. Сөздікте бұған қатысты мынадай сөздер кездеседі және оған
төмендегідей анықтамалар беріледі:
–
«Боз, бодз // бой: ұзұн бодзлұғ кіші // ұзын бойлы кісі (МҚ, Т
3
-173-174);
–
Табанлығ // (табанды): табанлығ теві // табанды түйе (МҚ, Т
1
-557);
–
Қарынлығ // (қарынды): бедүк қарынлығ ер // үлкен қарынды адам (МҚ,
Т
1
-558).
Мұнда
бодзлұғ – бойдың ұзындығын;
табанлығ – табан көлемінің
үлкендігін;
қарынлығ – қарын көлемінің үлкен әрі жуандығын білдіреді.
-Лығ, -ліг, -лұғ, -лүг аффиксі қазіргі қазақ тілінде
зат есімнен сын есім
тудырушы
-лы, лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағына сәйкес келеді. Алайда
А.Байтұрсынұлы бұл жұрнақты сын есім тудырушы жұрнақ демейді,
зат есімнен
туған сөздер деп зат есім тарауында қарастыра келіп, былай дейді:
«-Лы» (-ды, -
ты) жұрнақ зат есіміне жалғанады, сол заттың екінші затта барлығын, хаттә
молдығын да көрсету үшін. Мәселен:
бала деген сөзге
-лы жұрнағын жалғап,
балалы деп, баласы көптігін көрсетеміз.
Мал деген сөзге
-ды жұрнағын жалғап,
малды деп, малы барлығын, һәм молдығын көрсетеміз.
Ұлақ деген сөзге
-ты
жұрнағын жалғап,
ұлақты деп, ұлағы барлығын көрсетеміз, тағысын тағылар»
89
[138, 30 б.]. Ғалым аталған жұрнақтың семантикалық ерекшелігін дәл анықтай
білген. Мұнда мына бір ғылыми танымы назар аударуға тұрарлық. Яғни
зат
есімнен туған сөздер деп беруі бұл жұрнақтың қызметін сөзжасамдық емес,
форма жасамдық деп танығаны аңғарылады. Шындығында, бұл жұрнақтар сөзді
мүлде өзгертіп, жаңа сөз жасамайды. Керісінше, зат есімдерге грамматикалық
мағына үстеп, барлық, көптік
семантикасын білдіреді.
-Лығ, -ліг, -лұғ, -лүг аффиксінің тағы бір мағынасы – белгілі бір заттың
барлығын, біреуге тиесілілігін білдіру. Бұл мағынаны сөздікте кездесетін мына
сөздердің түсіндірмесінен аңғаруға болады:
– Үгүрлүг // (үйірлі): үгүрлүг ер // қой және басқа үйір-үйір малы бар адам.
Байталдары бар айғырды да «үгүрлүг азғыр // үйірлі айғыр» дейді (МҚ, Т
1
-183);
– Барлығ // барлық, баршылық, қолда бар: барлығ ер // бар адам; қолында
бар адам (Мал біткен, дәулетті адам) (МҚ, Т
3
-580);
– Алымлығ // (алашағы бар): алымлығ ер // алымы бар адам, алашағы бар
адам (МҚ, Т
1
-179).
Берілген сөздердің үшеуі де (
үгүрлүг, барлығ, алымлығ) белгілі заттың көп
мөлшері әлдебіреуге тиесілілігін, біреуде барлығын білдіреді.
Алайда қазіргі
қазақ тілінде мұндай қолданыстар жоқ. Соған қарағанда бұл сөздер сол кезеңде
адамдар арасындағы күнделікті алым-берім қатынасында тұрақты қолданыс
тапқан, байлық ұғымын сипаттайтын терминдік ұғым деңгейіндегі сөздер
болғанға ұқсайды. Сонымен қатар бұл өзгешелік орта ғасырда аталған
аффикстердің сөздерге жалғану қабілетінің қазіргі қазақ тіліне қарағанда кеңдеу
болғанын көрсетеді. Бұл грамматикалық қосымшалардың тарихи даму
барысында формалық қана емес, мағыналық та өзгеріске түсетінін түсіндіреді.
-лүк (-лық, -лік, -лұқ) аффикстері арқылы
уақыт мөлшері семантикасы
беріледі. Яғни белгілі зат пен іс-қимылдың уақыттық шегін көрсетеді, мезгіл,
мерзім, уақыт атауларына жалғанғанда, уақыт мөлшері семантикасын білдіреді.
Сөздікте былай беріледі: «
Күнлүк // (күндік): күнлүк ием // күнделік жем, күндік
азық. Аз қолданылатын сөз» (МҚ, Т
1
-540). Мұнда
күнлүк // күндік сөзі бір күн
(24 сағат) уақыт ұзақтығын білдіріп, бір күнге жетерлік жем (азық) ұғымын
білдіріп тұр. Негізінде бұл синтетикалық форма ерте, орта ғасыр түркі тілінде
өнімді жұрнақтардың бірі және бұдан да басқа бірнеше мағыналары бар.
Мөлшер семантикасын білдіретін синтетикалық формалар бұдан да көп
болуға тиіс еді. Алайда сөздікте, жоғарыда айтылғандай, түбір
сөздер ғана
алынғандықтан, қосымшалар көбіне берілмейді. Біз сөздікте бар нақты тілдік
фактілерді алғандықтан, жоғарыдағы формаларды ғана қарастырдық.
Достарыңызбен бөлісу: