98
– Орым // орым: бір орым от // бір орым шөп (МҚ, Т
1
-105).
Орым – «көлем»
ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Шөп орған адамның физикалық
қуаты таусылғанша орып үлгерген шөбінің көлемін емес, орақпен бір рет орып
түскен кездегі немесе малдың бір уақыт азығына жетерлік көлемдегі шөпті
білдіреді.
– Оқтам // бір оқтық, оқ жетерлік: бір оқтам иер // бір оқ атым жер (МҚ,
Т
1
-112).
Оқтам – «қашықтық» ұғымын білдіретін мөлшерлік. Садақтан атылған
жебенің
(оғының) жеткен жеріне дейінгі қашықтықты білдіреді.
Мұнда садақ
тарта алатын кез келген адамның оғы жетер орташа қашықтығы алынады.
Адамның физикалық қуаты мен қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына
басты негіз болады. Қазіргі қазақ тілінде көбіне осы ұғым
оқ бойы жер, бір атым
жер тіркесі арқылы беріледі.
– Екім // егім: бір екім иер // бір егім жер; бір еккенде егілетін жер (шамасы)
(МҚ, Т
1
-105).
Екім – «аудан» ұғымын білдіретін мөлшерлік. Жер бетінің бір
адамның егін салуға физикалық қуаты жететін аумағы. Адам қуаты мөлшерлік
ұғымның тууына негіз болып тұр.
– Пішім // тілім; кесім; пішім: бір пішім қағұн – бір тілім қауын. Басқаларға
да солай қолданылады (МҚ, Т
1
-455).
Пішім – «көлем» ұғымын білдіретін
шамалауыш мөлшерлік. Ұстауға және жеуге ыңғайлы етіп тілінген қауынның
қалыпты көлемін
(қалыңдығын) білдіреді. Қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның
тууына негіз болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: