Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет69/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

Қары, қарыс сөздері сияқты бұл да ертеден-ақ өлшем бірлік ретінде әбден 
қалыптасқан, бағзыдан келе жатқан көпмағыналы сөз.
Жоғарыда баяндалған адзут, ағым, әлік, қары, қарыш, құлаш сөздерінің 
қай-қайсында болмасын, олардың бастапқы мағынасынан ауысып, мөлшер-
өлшемдік мағынасының тууында ортақ бір уәжділік бар, ол – белгілі өлшеу 
процесінің, қимыл-әрекеттің атауы ретінде қолданыла келіп, өлшемдік мағына 
ретінде тұрақтануы. Бұл туралы қазақ, түркі тілдерінің сөзжасам жүйесін 
қарастырған ғалым Б.Қасым түркі тілдеріндегі қол сөзінің мағыналық өрісі мен 
аталымдық сипатын баяндай келіп, былай дейді: «Ал қазір бұл көрсетілген 
екінші мағынасында «әскер» мағынасында, сонымен қатар «адамның дене 
мүшесі» ұғымындағы негізгі мағынасымен бірге «қол қою», «қолтаңба» күрделі 
аталымдар ауыспалы мағынада қолданылады. Демек, «қол» атауының 
барлығына ортақ мағына қимылдық қасиеті уәж, себеп болып тұр» [191, 69 б.]. 
Демек, дене мүше атауларының өлшем бірлікке айналуында заттық мағынаның 
ғана болуы жеткіліксіз, сонымен қатар соматизмдердің қимыл, іс-әрекет 
процесіне жиі енуінің маңызы зор. Сөздегі кез келген жаңа мағына қимыл-
қозғалыстан туады.
Қары мен қарыс сөздерінің төркіндестігі сияқты, сөздікте құлаш сөзімен 
жақындығы бар тағы бір сөз кездеседі. Ол – құшам сөзі. Сөздікте етіс негізді -
үм, -ум, -ұм, -ам -ым, -ім //-ым, -ім қосымшалы сөздер қатарында беріледі. Оның 
көпшілігі – өлшем бірлік атаулары. Бұл сөзге: Құшам // құшақ. Бір құшам нәң // 
бір құшақ нәрсе (МҚ, Т
1
-457), деп түсініктеме берілген. Яғни құшақ 
толатындай шамадағы сыйымдылық мөлшер мағынасын білдіреді. Құлаш сөзі 
«иық деңгейіндегі екі қол ұшының арасы» болса, құшам ( құшақ) сөзі керісінше 
иық деңгейіндегі екі қол ұшының түйісу немесе саусақтардың байласу көлемі. 
Екеуі де – бір дене мүше арқылы қалыптасқан өлшем бірліктер. Ал бұл екі сөздің 
айырмашылықтарына келсек, бірі (құлаш) – ұзындық өлшемі, енді бірі (құшам) 
сыйымдылық, көлем өлшемдері. Мұның өзі бір дене мүшенің бірнеше 
өлшемдік қызметте жұмсала алатындығын көрсетеді. Құшам сөзінің нақты 
өлшем бірліктік қасиеті құлаш сөзіне қарағанда солғындау, яғни өлшем бірлікке 
айналу деңгейі бірдей емес. Екі сөз де өлшеу құралы ретінде қолданылады, бірақ 
құшам жалпылық мәнде болса, құлаш біршама нақты. М.Қашқари да оны құлаш 
сөзі сияқты нақты өлшем бірлік деп түсіндірмейді. Мұның өзі дене мүше 
атауларының өлшем бірлікке айналу үдерісінің сатылы дәрежесін көрсетеді.
Біздің ойымызша, құшам (құшақ) сөзінің түбірі – құш, ал -ам (-ақ) – етіс 
түбірлерден қимыл атауын немесе өлшем бірлік атауын тудыратын көне жұрнақ. 
Бұл сөздің бастапқы мағынасы қазіргі қазақ тілінде дербес сөз ретінде 
қолданылатын құш сөзінде сақталғанға ұқсайды. Құш сөзінің, көркем 
әдебиеттегі өзге мағыналарын айтпағанда, құшақтау, бауырына басу 
мағыналары бар. Құш пен құшақ арасында мағыналық байланыс, ортақ сема 
барлығын байқауға болады.
Заттық мағынасы да, мөлшерлік мағынасы да бар көпмағыналы сөздің бірі 
– тү. Сөздікте: Тү // түк. Денедегі түк. Бір тү саш // бір тал шаш (бір түк шаш 
– А.Е.) дегенді содан алып айтқан (МҚ, Т
3
-284), –деп берілген. Мұндай сөзді 
мөлшер категориясы шеңберінде ауыспалы мөлшерліктер қатарында 
қарастырамыз. Сөздікте аталмыш сөздің заттық мағынасын емес, мөлшерлік 
мағынасын түсіндіргеніне қарағанда, бұл – орта ғасыр түркі тілінде кәдімгі 


95 
мөлшер мәнді сөз. Әрі мысал ретінде берілген бір тү саш конструкциясы орта 
ғасыр сөйленісінде қалыпты норма болса керек. Бірақ қазіргі қазақ тілінде бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет