15
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
де болмыс құрылымының іргелі қағидаттарын зерттейді. Онтология
адамның
ақиқатты бейнелеу сипатын білдіреді (Richards, 2003).
Шындықтың мәні неде? Бұл объективті білімнің өнімі ме,
әлде жекелеген тұжырымдардың нәтижесі ме? «Бір ғана тек-
серілетін ақиқат пен шындық бар ма, әлде әлеуметтік тұрғыдан
құрылымданған бірқатар шындық өмір сүре ме?» (Patton, 2002,
134-б.). Әрқайсымыздың шындықтың бар екендігі және ол туралы
не білуге болатыны жөнінде өз түсінік-пайымымыз қалыптасқан.
Онтология
сізді бәлкім, өзіңіздің теориялық құрылым шең-
беріңізге апаратын бастапқы нүкте болып табылады (Mack, 2010).
Зерттеушінің сенімі мен дүниетанымдық көзқарасы
оның зерттеу-
ді ұйымдастырып, алынған мәліметтерді талдаудағы әдіснамалық
шешімін айқындайды.
Егер онтология шындыққа қатысты болса, ал эпистемоло-
гия
3
білімді зерттейді. «Әлеуметтік
ғылымдардағы зерттеу әді-
стерінің энциклопедясына» (SAGE баспасы) сәйкес, «эпистемоло-
гия білімнің қай түрі мүмкін екенін анықтауға және білімді қалай
дұрыс, заңды деп бағалауға болатынын шешуге философиялық не-
гіз болады» (Lewis-Beck et al., 2011, 1-б.). «Эпистемология» термині
әлеуметтік ғылымдарда сенімді ғылыми білімді ұсына алатын зерт-
теу үдерістерін талқылау мәнмәтінінде пайдаланылады.
3
Грек тілінен алғанда episteme – білім, logos – оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: