Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет7/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

1.1-суретБілім беру зерттеуі парадигмасының үш негізгі элементі 
Онтология
Методология
Эпистемология


16
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Білім дегеніміз не? Нені ақиқат деп атауға болады? Кейбір 
зерттеушілер үшін белгілі бір әлеуметтік құбылыс туралы бір ғана 
абсолютті ақиқат немесе объективті білім өмір сүреді. Ал басқа-
лары ақиқаттың ол туралы кімнен қалай сұрағаныңызға байла-
нысты өзгереді деп сендіреді. Адамдар ақиқат жайлы өз түсінік-
терін өзгелермен қарым-қатынасқа түсуіне қарай және шындық 
туралы білімдерінің кеңейіп, тереңдеуіне байланысты ұдайы өз-
гертіп отырады. 
Зерттеулердегі эпистемологияның рөлі туралы айта отырып, 
ғалымдардың әдетте, объективтілікті жақтаушылар және субъек-
тивтілікті жақтаушылар болып екіге бөлінетінін айта кеткен жөн. 
Алғашқылары тәуелсіз шындық бар екенін дәлелдесе, екінші топ 
шындықты әлеуметтік үдерістердің жемісі деп есептейді (Neumann, 
2003). Әлеуметтік ғылымдарда объективтілікті, негізінен, сандық 
зерттеу әдістерін жақтаушылар (сауалнама, сараптама, ғылы-
ми болжамдарды тестілеу), ал субъективтілікті сапалық әдістерді 
жақтаушылар (сұхбат, бақылау, кейс-стади) ұсынады. 
Адам санасы мен тәжірибесінен тәуелсіз өмір сүретін шындық не бол-
маса біздің санамызда және тек тәжірибе арқылы өмір сүретін шын-
дық онтологиядағы мәңгілік дау болып қала береді. 
Сандық зерттеулерді жақтаушылар объективтілік ұстанымында 
әрекет етуге тырысады. Олар сандық (статистикалық) талдауға 
жататын шындық бар деп санайды. Сәйкесінше, рационалды бақы-
лаушылар зерттелетін құбылыстың бар-жоғы мен оның сипаты-
на келіседі. Сапалық зерттеулерді жақтаушылар өз кезегінде шын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет