Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет115/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Кілт сөздер:
ақпаратты келісім, қатысушыларды іріктеу, 
сапалық зерттеу, сұхбат, бақылау, құжаттарды талдау.
Тарауды оқудан күтілетін нәтижелер:
• адамдардың қатысуымен жүргізілетін зерттеудің әдеп не-
гіздерін және зерттеу жүргізетін орынға қол жеткізу ерек-
шеліктерін білу;
• зерттеуге қатысушыларды іріктеу стратегияларын ажырату;
• сапалық деректерді жинау әдістерінің негізгі түрлерін білу 
және оларды қолдану;
• сұхбат хаттамаларын толтыруды және, деректерді жазып 
алуды үйрену.
8 ТАРАУ
 
Білім беру зерттеулеріндегі сапалық 
деректерді жинау
Әсел Қамбатырова


184
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Аталмыш тарауда сапалық деректер жинау әдістерінің негізгі 
түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері баяндалады. 
Деректер жазбасын әзірлеуге арналған практикалық кеңестер ұсы-
нылады. Сапалық деректерді жинау адамдарды зерттеуге тартуды 
көздейтіндіктен, адамдармен байланыс жасау нәтижесінде алынған 
деректермен жұмыс істегенде әдеп мәселесінен бас тарта алмай-
мыз. Бұл тарауда біз сапалық деректерді жинау кезіндегі әдеп мәсе-
лелерін қарастырамыз және сапалық зерттеуді ұйымдастыру мыса-
лында ақпаратты келісімнің құрылымын толығырақ қарастырамыз. 
Соның ішінде зерттеу жүргізетін орынға қол жеткізу мүмкіндіктері 
мен қатысушыларды іріктеу стратегиялары талқыланады. 
8.1 Ақпаратты келісім білім беру зерттеулеріндегі 
зерттеу әдебін сақтаудың маңызды қадамы ретінде 
Адамдардың қатысуымен жүргізілетін білім беру зерттеулері 
құзыретті органның рұқсатын алуды талап етеді, ол зерттеуге қа-
тысушыларды іріктеу кезінде жүзеге асырылуы қажет. Құзыретті 
орган ретінде институционалдық зерттеу әдебі комитеті (егер ол 
ұйымда болса), білікті әріптестер тобы немесе басқару органының 
өкілі және т.б. жұмыс істей алады. Институционалдық зерттеу әдебі 
комитеті орын алуы мүмкін тәуекелдерді, әлеуетті қатысушылар-
дың мүдделері мен құқықтарын қорғауға қажетті мәселелерді баға-
лайды. Аталған жайт «Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп 
кодексіне»
31
(2020) сәйкес ұйымның әдеп принциптері мен норма-
ларына негізделіп, зерттеушіні зерттеу жұмысын алаңсыз жүргізу-
ге даярлауда қолдау көрсетуді мақсат етеді. Ол комитетке зертте-
удің қалай жүргізілетінін толыққанды сипаттайтын өтініш беруді 
ұйымдастырады. Әдетте өтініштерді қарастыру ұзақ уақытты талап 
етпейді, дей тұрғанмен кәмелетке толмағандар, аяғы ауыр әйел-
дер, білімі жеткіліксіз, психикалық және физикалық денсаулығын-
да проблемасы бар адамдар, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар 
31
Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы. (2020). Қазақстан білім беру зерт-
теушілерінің әдеп кодексі. 
https://gse.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/KERA_kaz_Adep-Kodeksi.pdf


185
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
және т.б. (толық тізім «Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп 
кодексінде» берілген, 2020) халықтың қауқарсыз топтары қатыса-
тын зерттеулер, сондай-ақ қауіптілігі жоғары зерттеулер (Creswell, 
2013) мұқият тексеруді талап етеді.
Комитетке ұсынылатын өтінімде немесе зерттеу жүргізілетін 
ұйымға жолданатын хатта, сондай-ақ ақпаратты келісімде қаты-
сушыларға зерттеуге қатысудан келетін ықтимал пайданы көрсету 
қажет. Зерттеуге қатысудан келетін пайда тікелей немесе жанама 
болуы мүмкін. Зерттеудің көпшілігі пайданы жанама түрде ұсы-
нады, себебі олар қоғамға азды-көпті ұзақ мерзімді тиімділік әке-
леді. Тікелей пайда азырақ кездеседі, ол зерттеуге қатысушылар 
ұйымдастырушылардан/ғылыми қызметкерлерден тікелей пайда 
көргенде: мысалы, оқыту, басқа да тегін қызметтер немесе зертте-
уге қатысу үшін номиналды төлем түрінде кездесуі мүмкін. Зерт-
теуші қатысушыларға келуі мүмкін пайданы ойластырғанда қаты-
сушыларды зерттеуге тарту мен олардың деректерді ұсынудағы 
ашықтығының арасындағы тепе-теңдікті сақтауы керек.
Зерттеуде пайдамен қатар ықтимал тәуекелдер де орын алады: 
зерттеуге қатысу кезінде қатысушыға физикалық, психологиялық 
тұрғыдан зиян келуі мүмкін немесе оның мүлкіне, беделіне және 
басқа да зиян келтіру ықтималдығы кездеседі. Зиян қатысушыға 
ғана емес, зерттеушінің өзіне де тиюі мүмкін. Мәселен, зерттеуге 
қатысушылар тұратын алыс, шалғай жерлерге барып сұхбат жүр-
гізу кезінде зерттеушіге қауіп тууы мүмкін («Қазақстан білім беру 
зерттеушілерінің әдеп кодексі», 2020).
Бұның алдында атап өткеніміздей («Білім беру зерттеулерін-
дегі әдеп мәселелері» тақырыбындағы 7-тарауда), ақпаратты 
келісім әдеп зерттеулерінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. 
Ол – жай ғана құжат емес, қатысушыларға құрметпен қарауды 
көздейтін және олардың зерттеу жұмысына ерікті, саналы түрде 
қатысуына кепілдік беруге негіз болатын құжат. Егер қатысушы 
зерттеудің негізгі элементтерінен толық хабардар болмаса және 
зерттеуші қатысушының өзінен немесе оның заңды өкілінен зерт-
теуге қатысуға келісімін алмаса, онда ешқандай да зерттеу жүр-
гізілмейді. Бұл келісім құжатталады және ол зерттеуші мен зертте-
уге қатысушы арасындағы екі жақты келісім ретінде қызмет етеді 
(8.1-кестені қараңыз). Әлеуеті, жасы немесе қауқарсыз етіп көрсе-


186
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
тетін өзге де жағдайлар зерттеу туралы түсінігін немесе зерттеуге 
өз еркімен қатысу мүмкіндігін шектейтін қатысушыны зерттеуге 
тарту қажет болса, зерттеуші оның ата-анасының немесе өзге де 
заңды өкілдерінің келісімін алуына қолдау көрсетіп, оны мәжбүрлі 
түрде қатыстыруға жол бермеу амалдарын қарастыруы қажет («Қа-
зақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексі», 2020).
Кез келген зерттеудің мақсаты – жаңа білім алу. Оның нәти-
желі болуы қатысушылардың зерттеушіге өз еркімен беретін 
ақпаратына байланысты болмақ. Бұл ақпарат олардың кәсіби 
және/немесе жеке өміріне, сеніміне, құндылықтарына және әре-
кетіне қатысты болуы мүмкін. Зерттеу сұрақтары қатысушылар-
дың қорқынышын, алаңдаушылығын, тіпті ұялу сезімін тудыруы 
мүмкін. Сондықтан егер қатысушылар өздерінің құпиялылығына 
сенімді болса, шынайы, ашық жауап алу ықтималдығы жоғары 
болады. Зерттеушілер осы жайттарды ескере отырып, зерттеу 
барысында да, оның нәтижелерін таратқаннан кейін де құпи-
ялылықты, яғни ақпараттың құпиялылығын және қатысушылар-
мен сенімді қарым-қатынастарын сақтауы тиіс («Қазақстан білім 
беру зерттеушілерінің әдеп кодексі», 2020). Әдеп зерттеулерін 
жүргізудің қағидаттары мен нормалары жайындағы толыққан-
ды ақпаратпен «Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп ко-
дексінде» танысуға болады.


187
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
32
Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы. (2020). Қазақстан білім беру зерт-
теушілерінің әдеп кодексі. 
https://gse.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/KERA_kaz_Adep-Kodeksi.pdf 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет